Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Үзік жазбалар

1) Өлең жинағының аздығы, көптігі жөнінде айтады. Сол да сөз болып па?

2) Тәжірибе мектебін өтіп жүрген сыншы: "Барлығы да менікі" мен "Көгершіндей қысқы күн жем іздегенді" мадақтайды.

3) Өлеңдер сынаған болыпты. Онысымен қоймай, "Аққулар" мен "Қырандарды" атүсті бәлен екен дей салады. Белгілі адамның оған деген көзқарасын қайдан білсін...

4) "Қазақәдебиеті" "Барлығы да менікіні" өзі мақтап, өзі жамандатқаны несі? Принциптілік деген қайда? Осындай оқиғалардан кейін сыншының кім екенін, оның жазған сынының шама-шарқын ажырату қиын емес.

Кертартпалық әйтеуір, танылу үшін, аяқтан бір шалып қалу ғой.

Мысалдар Қадыр туралы "Лениншіл жастағы" сынының көшірмесі.

Біреулерді ағалап, біреулерді сағалап, жағалап, ат жалынан мал табушылық алысқа бармаса керек.

"Қолбала"

5. Ақынның өсу жолын зерттетуден гөрі, бәлендей болмады деп кері итерушілік орын алып барады.

Мысалдар

6. Ақынның дүниетанымы дамылсыз қозғалыста болатынын білген жөн. Оның дүниеге деген сан қырлы көзқарасына ілесе алмай, артынан топырақ шашу – дәрменсіздің ісі.

Сынаудан бұрын ақынды (поэзияны) түсінуге тырысу керек. Түсіне білсең, сынау ешқайда қашпайды.

Мысал: "Лит. газета".

Матвеева жөніндегі қос пікір. Екеуі де сендіреді. Төрелігін әркім өзі айтады.

7. Жамандаған екенсің, деді де.

Биылғы қорытындының ерекшелігін айта келіп, негізгі мәселеге соға.

Отыз жылдықты қысқа, осы тұста Тоқаш туралы 2. Баяндаманың қиындығы.

23-февраль 1975-жыл.

* * *

5) Өлең жазушылар, әуестенушілер.

Редакциядағы өлеңдер.

Сәлеммен Сарғасқаев деген сияқты хаттар. Стихияны стихия ғана жоқтатады.

Неге бір ақын, жазушы қиямет-қиындығын, қалай екіқабат болып, қалай туғандығын айтып сөз творчествосы туралы мақала жазбасқа??? Ізденген, талапкер жас сонымен таныссын.

Мұнда тұрған ешқандай мақтаншақтық жоқ.

6) Партияның ұлылығы туралы, оның бойына бара-бар шығарма бізде әлі жасалған жоқ. Шолохов, Маяковский.

7) Жақсы ақын әруақытта өз дәуірінікі.

Ұлтын сүймейтін адам жоқ бірақ сол ұлттың ұлылығынан гөрі, тартқан қайғы-қасіретіне әуеспіз. Не ашып айта алмай кібіртіктеп, сыбырлап қалатынымыз сондықтан.

* * *

5 марта 1975 г.

Что мне делать с новым сборником?! Если на следующем выходит "Избранные"?!

(Егер келесі жылы "Таңдамалым" шықса, жаңа жинағымды мен не істеуім керек?)

Сындар

1) "Келелі кеңестің әңгімесі" "қ.ә." 1962 (63?).

2) "Сезім мен pyx" 1965-66?? "қ.ә.".

* * *

Өлеңдер ұшан теңіз. Жалпы жазылғандардың 40%-і ғана жарық көрді.

7/VII.66-ж.

М. Мақатаев.

* * *

Еврей қыз – болашақ

б) Адамның бәрі жауыз емес қой. Жаны ашыған палач ораулы сәбиді алды да, тұтқындарға тапсырды...

в) Мүмкін, ана палачка жалынды. Қанша дегенмен адам ғой, аяды. Алды да, тұтқындарға лақтырып жіберді.

г) Жоқ олай емес. Бәрібір өледі деген ниетпен тамақ сұраған тұтқындарға "мә, жеңдер" деп келекелеп лақтырып жіберді. Бірақ болашақты өлтіруге болмайды ғой, олар асырады. Ант етті. Болашақты сақтады. Осы дұрыс!!!

Тұтқындар оны қалай асырады? Вот это вопрос!..

Тұтқын қашып келеді. Өліп жатқан ана (еврейка). Тырбыңдап жатқан сәби. Дағдарыс. Алады. Қайтадан майдан. Тапсырады. Ол іздеп келеді!!!

* * *

Тіпті де тұтқын емес болса қайтеді?! Тауып алды да, табыс етті???

* * *


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама