Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Вирусқа қарсы қауіпсіздік
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 7. 1B: Желілер және қауіпсіздік
7 сынып
Сабақ тақырыбы: Вирусқа қарсы қауіпсіздік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
7. 4. 1. 2 компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғау
Сабақ мақсаты Барлығы: компьютерді зиянды бағдарламалардан қорғауды біледі, антивирустық бағдарламаны баптай алады.
Көпшілігі: антивирустық бағдарлама түрлерін атай алады және оларға сипаттама бере отырып сонымен бірге олардың таралу жолдарын сипаттай алады, антивирустық бағдарлама құралдарымен тексеру туралы есептің нәтижелерін талдай алады.
Кейбіреулері: танымал заманауи вирустарды атап және компьютерлік вирустарды жұқтыру белгілерін келтіре алады, әр түрлі антивирустық бағдарламалардың тиімділігін салыстыра алады.
Бағалау критерийі 1. вирустар мен басқа да қауіп - қатерлерден түрлерін біледі.
2. вирусқа қарсы қауіпсіздік программаларын орната алады.
3. вирусқа қарсы қауіпсіздігі мен адамның ауруларының айырмашылықтарын салыстырады.
Тілдік мақсаттар: Вирус, антивирус, фавероль, троян, спам, Doctor Web, Avast, Not32, 360Total, Kaspersky.
Құндылықтарға баулу: өзара түсіністік, өзара сыйластық, Мәңгілік ел идеясының 7 құндылығы «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы»
Пәнаралық байланыстар: Биология, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі
Биология – вирустардың адам ағзасына зиянды екендігімен салыстырады.
Орыс тілі, ағылшын тілі – өздерінің сөздік қорларын дамытады. Үш тілдік қолданылады.
Қазақ тілі - тақырыпқа байланысты эссе жазады.
Алдын ала білім: Вирус туралы түсінеді, компьютердің қауіпсіздік ережелерін біледі.

Сабақ басы
Шаттық шеңберіне шақыру.
Тілек жазылған кәмпиттер беріп оқыту, кәмпиттердің түсіне қарай топқа бөліну.
Топтар атауы:
1. Avast
2. Nod 32
3. Kaspersky
Топ басшысын, баяндамашы, хатшы, таймспиктер тағайындау. Топ ережесін еске түсіру.
«Сиқырлы конверт» әдісі. Әр топқа тапсырма салынған конверт ұсынылады. Топ мүшелері тапсырмаларды орындап, келесі топпен алмасады. Сөйтіп барлық топтар тапсырмаларына жауап бергенше конверттер алмасады.
1. Компьютерлік желіге мысал келтіріңдер.
2. Компьютерлік желінің жіктелуіне мысал келтіріңдер.
3. Компьютерлік желіге анықтама бер.

Жасырын сөзді тап. Топпен бірлесіп интерактивті тақтадағы ребусты шешеді.
Жауабы: Компьютерлік вирустар
Сабақтың тақырыбын анықталады.
Қазіргі кезде ел аузынан «Компьютеріме вирус түсті», «компьютерім вирустан ұшып кетті» т. с. с. сөздерді естуге болады. Бұл не деген сөз? Компьютерге вирус қайдан түседі? Вирус түссе не істейміз? / проблемалық ситуация/

Сабақ ортасы
Сабақтың мақсатын анықтау:
«Мюнстенберг» әдісі
Оқушылар қажетті сөздерді тауып, сабақтың мақсатын анықтайды
Оқушылар таратпадан мәтінді оқып және негізгі терминдерді белгіледі. Сонда олар осы терминдерді талқылайды және осы терминдерді және олардың мағыналарын кестеге (таратпа) жазады. Осыдан кейін топ басқа топтарға осы ұғымдарды түсіндіреді. Басқа топтар олардың айтқанын кестелерге жазады. Нәтижесінде, барлық оқушылар жаңа тақырып тұрғысынан (ұғымдар) толық информация жинайды. Яғни сабақтың мақсатын шығарады.

(Ж. p) Презентация пайдаланып анық емес моментерді көрсетемін.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)
А деңгей. Вирустан қорғау программасын іске қосып, компьютерде базаны жаңартуды орындайды
В деңгей. Программаның қосымша бетіндегі терезелермен танысып, менің құжаттарым папкасын вирусқа тексереді.
С деңгей. Сканерлерді қосып, құжаттарды сканерлеуді аяқтағаннан кейін қорытындысына сарапта жасайды, Вирусқа тексереді.
Мектеп: М. Сералин атындағы орта мектеп
Мұғалімнің аты - жөні: Базылбекова Салтанат Маралбековна
Вирусқа қарсы қауіпсіздік. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама