Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері
Халық әндері және олардың жанрлық стильдік ерекшеліктері. Тарихи, лирикалық әндер, айтыс өнері, оның музыкалық - поэтикалық құрылымы
Кез келген халықтың ғасырлар бойы жасалған мәдениеті болады. Оның бір саласы тарих болса, келесі бір арнасы — әдебиет пен өнер.
Өз кезегінде өнер де сала - салаға жіктеледі. Оларды қол өнері, сүрет өнері, сәулет өнері және саз өнері дейміз.
Халқымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеушілердің анықтауынша, бұл екеуінің ерте туғаны — ән.
Ән — халық мұрасы. Халық әндері — сарқылмас қазына. Оны жай ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар. Ең алдымен, ән — өнер. Ән — адамның көңіл - күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы. Ән — табиғат суреттемесі. Ән – халықтың өмір айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән арқауына айналып отырған.
Ерте дәуірлерде ән, өлең және би бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі қазақ халқының бақсылық дәстүрінен XIX ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі биші. Ол өзі тартып отырған қобыз сарынына қосылып ән салады, би билейді және аруақтарға бағыштап өлең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз.
Уақыт өткен сайын өнер де дамып, жетіліп, жіктеліп отырған. Енді ән, би, өлең жеке - жеке өнер түрінде қалыптасады. Оның бір ғана саласымен
шұғылданатын орындаушы мамандар туады. Сөйтіп өнердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды. Солардың бірі — ән өнері.
Әрбір дәуірдің, әрбір тарихи кезеңнің өз үні, өз әуені, өз мақамы болған. Сол сипатына қарап кез келген әннің туған кезеңін дөп басып анықтауға болады. Ән — өмір айнасы дегеніміздің мәнісі осында. Мұны әннің тарихи сипаты дейміз,
Әннің келесі бір қасиеті — әуезділігі, әсерлілігі, көркемділігі. Бұл уақыт сынынан мүдірместен өтіп, біздің заманымызға келіп жеткен халық әндерінің барлығына дерлік тән белгі. Жазба мәдениеті туа қоймаған дала жағдайында нағыз көркем, тыңдаушысына терең әсер ететін әуезді саз ғана ел аузына ілігіп, ұзақ мерзім өмір сүре алған.
Халық әндеріне тән тағы бір белгі — әннің мазмұндылығы, елдің өмірі, тұрмыс - тіршілігімен сабақтастығы. Кез келген ән белгілі бір оқиғаға құралады. Соған орай оның айтайын деген ой - мазмұны да болады. Сол ой терең сезім арқылы тербеліп, көркем кесте — өлең түрінде сыртқа шығып отырған. Мұны әннің поэзиялық арқауы немесе әдеби сипаты дейміз.
Осы үш белгі жоқ жерде оны ән жанрына жатқызу қиын. Уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүретін ән болмайды.
Әннің осы аталған үш сипатына орай тарихшы, ақын және сазгер қызметіне де тоқтала кеткеніміз орынды. Әнді тудырудағы бұлардың қызметі қандай? Өзара ерекшелігі неде?
Тарихшы — шежіреші. Әдетте ол нақты бір оқиғаны қара сөзбен баяндайды. Өлең кестесін, поэзия тәсілдерін қолданбайды. Сондықтан оның тілінде өлеңге тән ырғақ, өлшем, ұйқас бола бермейді. Егер әлгі шежіреші баяндаған тарихи оқиғаны өлең кестесіне түсірер болсақ, оның мазмұны өзгерер ме еді? Осы мәселеге тоқталған жерде тарихшы мен ақынның айырмасы олардың бірі болған оқиғаны, екіншісі болуы мүмкін оқиғаны баяндауында, деп көрсетеді Аристотель. Сөйтіп поэзияның тарихи шежіреден гөрі маңызды әрі күрделі жанр екенін айтады.
Тарих жеке бір оқиғаны баяндаса, поэзия сол оқиғаны жалпылай жырға қосады. Оған ән әуенінің де қатысы зор. Демек поэзия сияқты әннің де әлеуметтік маңызы елеулі. Ән — халықтың көркем ой - санасы деген сөзіміздің мәнісі осында.
Қазақ халқының ән өнері сан - салалы. Көне дәуірлерден келіп жеткен бұл мәдениет саласын бірнеше арнаға бөлуге болады. Олар: бақсы сарыны, жыраулық дәстүр, ертегілік, тарихи және лирикалық әндер.
Ән — вокалдық жанр. Халық әндеріне тән мынадай белгілерді көрсетуге болады:
1) әннің мазмұны, яғни әдеби мәтіні.
2) әннің әуені, яғни музыкасы.
3) әннің жанрлық ерекшелігі.
Әннің алғашқы сипатына орай В. Е. Гусев:.»Песня поется, и ее содержание выражает не только слово, но и мелодия, и ритмический ее строи, песенный образ не тождествен образу стихотворному» (Эстетика фольклора.- Л., 1967, 88 - б -),- деп жазған болатын. Халық әндерін біз тақпақ сазды речитативтік, тарихи және лирикалық деп білеміз. Бұл ерекшеліктер бірде әндердің музыкалық интонациялық жүйесіне қатысты болса, енді бірдс жанрлық сипатын білдіреді.
В. Я. Пропп музыкалық шығарманың жанры оның тарихи шындықты бсйнелеу немесе көрсету дәрежесіне байланысты деген пікір айтқан. Осы тұрғыдан келгенде халық әндерін тарихи, лирикалық деп бөлуге әбден болады. Тарихи әннің ел аузында сақталған улгілері аз емес. Бізге жеткен көркем бір нұсқасы — «Елім - ай» XVIII ғасырдың бас кезіндегі жоңғар шапқыншылығына байланысты туған шығарма.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама