Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Халықтар достығы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Халықтар достығы
Мақсаты: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал-қадірінше үлес қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: буклеттер, достық жайлы мақал - мәтел, өлең жолдары, нақыл сөздер. Сахна төріне тәрбие сағатының аты ілінеді, жан - жағы түрлі - түсті шарлар мен гүлдермен безендірілген.
Техникалық құрал - жабдықтар: үнтаспа, баян, интерактивты тақта

Негізгі бөлім: Әнұран орындау
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 2«ә» сынып оқушыларының «Халықтар достығы» тақырыбындағы тәрбие сағаты ашық деп жариялаймын! Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен. Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір. шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы. Шет елдердегі соғыс жағдайын көріп отырсыздар. Біздегідей бейбіт өмір оларда жоқ. Күнде қорқыныш пен уайым - қайғымен, ауру сырқаумен, аштықпен өліп жатқан жағдайлары бар. Құдай оның бетін аулақ қылсын! Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп тілейік.

1 - оқушы
Атағың дүниені аралады,
Сенде өсті бақыттың жаңа бағы
Жұлдыздың, айдың, күннің сырын ұқты
Қазақтың бүгін өскен балалары.
Ырыс бар құшағыңда сарқылмайтын.
Бүгінім абыройға жолдас болды,
Баратын ертеңге де жолым айқын.
2 - оқушы
Ырғалған жас жанымда гүл боп жайнап,
Сенбісің Қазақстан деген аймақ.
Сенбісің дүниені дүр сілкінтіп,
Өмірдің думан тойын жатқан тойлап.
Қырманы, Алатаудың мақтасы бар,
Сенбісің таусылмас кең, шахтасы бар.
Қойныңда адам үшін керек заттың,
Бұлағы табылмайтын жоқ та шығар.

1 - оқушы - Міне, саған керек болса! Картаға қараңдаршы, бізде не жоқ, бәрі бар!
(тақтада Қазақстан картасы)
2 - оқушы - Дұрыс айтасың! Біздің жерімізде байлықтың сан алуан түрі бар: алтын да, көмір де, газ да, мұнай да, темір де.......
Табиғатымыз қандай ғажап десеңші! Қазақстан бойынша саяхат жасасаң орман, тоғайды, ит тұмсығы батпайтын қалың ну мен жазық даланы, құмды, шөлді, өзен, көл, теңізді де, тауды да көресің. Емін – еркін демалып, қызықтап, тамашалайтын орындары да көп!
1 - оқушы - Ауданы 2724, 9 мың кв, км.(1048, 3мың кв, миль) Бес Франция сыйып кетеді.
2 - оқушы - Бес Франция! Керемет! Кең байтақ елімізде тату - тәтті тұрып жатқанымыз қандай жақсы! Ең бастысы да осы емес пе!
Бір шаңырақта табысқан
Дос, бауыр көп туысқан
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.
Ән (хор) «Ақпыз, қара, сарымыз»
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша - бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз

Мұнайлы ауданы, №1 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Латипова Ақтілек

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама