Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Халқымыз жете білген арман

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол - қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана. Отанымыз бар: ол - тәуелсіз Қазақстан.

Н. Ә. Назарбаев

Еліміз сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер тізіміне қосылғанына міне биыл 30 жыл. Әрине, тәуелсіздік қазақ халқына оңай жолмен келген жоқ. Оның тарихы тереңде жатыр. Сонау ықылым заманда, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы сынға түскен уақытта, яғни, Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Керей мен Жәнібек сұлтанның бар қазақтың басын қосып, бір шатырдың астына біріктіріп Шу бойы мен Қозыбас маңында ең алғашқы еркіндіктің ақ жалауын тіккеннен бастау алады. Күні-түні бостандықты жоғалтпайық деп, жан-жақтан қыспаққа алғандарға тойтарыс бере отыра, қазақтың тәуелсіздігін жоғалтпай сақтаумен болды. Дүниеге келген ұл, қыздарын батырлыққа, жауынгерлікке тәрбиелеген. Жауына қатал, досына адал болуға тәрбиелеген. Жау келгенде жұмылған жұдырықтай біӘдеби кітаптаррігіп, ұлдарымыз атқа қонып, елдің тәуелсіздігін сақтаған ерліктері бізге аманат болып жеткен.

Ұлт болып қалыптасуымызға басшыларымыздың да қосқан үлесі мол. Сол кездегі дана, ақылды, ержүрек хандарымыз отырған тағын емес, қол астындағы елінің болашағын, тағдырын ойлаған. Қысылғанда ханның жанынан атақты сөзге шешен, ділмар, айтқан сөзі сүйекке жетерліктей, дана билеріміз ханға өзінің ақылдарың айтқан.

Қазақтың жазиралы кең даласы, ұшқан құстың қанаты таларлық осынау ұлан-ғайыр далаға иелік еткен қазақ халқына көреалмаушылықпен қарағандар да болғаны рас. Айрандай ұйып отырған татулығымызға іріткі салып, тәуелсіздігімізден айырмақ болды. Осындай ел басына қауыіп төнген шақта батырларымыздың жасаған ерліктері бізге үлгі. Қазақты жаудан арашалаған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді. Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.

Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,

Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.

Мыңғырған мал даласында жайылған,

Бабалардың болған сондай тұрағы.

Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,

Орыс патша арам ойлы бұзықты.

Қорған салып, жерін алып, қуса өзін,

Сонда көрген сорлы Қазақ шыжықты.

Қазақта жер қалмады патша алмаған,

Елін, жерін, малын тегіс жалмаған.

«Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың,

Отаршылдық қыр соңынан қалмаған…

Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, Қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды. Қазақ батыр халық, ержүрек халық, намысшыл халық. Ел басына қиын – қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалғанша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә.

Жауынгерлік заманнан соң ұлт басын қосып, қарапайым халықты ойлап, ұлтымыздың болашағын ойлап Әлихан Бөкейханов бастаған «Алаш» дейтін қозғалыстың да, одан кейінгінің бәрінің де аңсағаны бейбіт өмір мен тәуелсіздік болды. Ақыры 1991 жылы 16-17 желтоқсан күні қаншама жыл, қаншама халық аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Дамып жатқан елдердің қайсысын алсақ та, бәрімен тереземіз тен болатынымызға, болашағымыздың жарқын боларына, бір ел болып тату болатынымызға сендік. Сеніміміз аяқ астында қалмады. Егемендігімізді қолға алдық. 1990 жылдан бастап , нақты 1991 жыл 1 желтоқсаннан бастап тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Елбасымыз 2019 жылға дейін қазақ елінің прзиденті болды. Қаншама жылдар ішінде елміздің экономикасын дамытып, одан әрі көркейтіп , көптеген ұйымдарға мүше етіп, көптеген елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып елімізді ақсаңдап тұрған кезінен нық тұрғызған бірден-бір тұлға. Көптген реформалар мен мақақалар жазды. Оның ішінде атап айтатыны 1997 жылы 1 қазанда қабылданған «Қазақстан -2030» стратегиясы. Негізгі мақсаты дамыған 50 елдің қатарына кіру еді. 7 басымдықтан тұрды. Кейіннен 2012 жылы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы, дамыған 30 елдің қатарына ену туралы еді. Қазіргі кезде еліміз барлық елмен терезесі тең деп ауыз толтыра айта аламыз, еліміздің дамуында Елбасымыздың орны өте ерекше. Елбасымыз “Егер біз мемлекет болғымыз келсе , өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп тұрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн! Ал оған барар жол, халық даналығының негізінде жатыр”, деген болатын. Ұлы мақсатқа жетелейтін идеяны “Мәңгілік Ел” идеясын Қазақ елінің ұлттық Идеясы деп жариялауымен айрықша бағалы .

Сол кездегі жаңа құрылған, Ресейдің бодандығынан енді босаған халықты аяққа тік тұрғыза білу екінің бірінің қолынан келмейді. Сондықтан да Елбасымыздың орны қазақ халқының жүрегінен ойсырата орын алары сөзсіз. Елбасымыздың құрметіне президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев астанамыздың атын «Нұр-Сұлтан» деп атауды ұсынған. Қазіргі таңда Елордамыз «Нұр-Сұлтан» қаласы деп аталады. Үңіліп қарасақ, біздің қазақ халқы өте батыл , әрі шыдамды халық. Қаншама ғасырлар бойы қиындықтан көз ашпаса да, соңына дейін күресіп, қанша рет тұрып, қанша рет жығылса да еш мойымады. Ресейдің қолдан жасаған ашаршылығы кезінде де өздерің ғана ойламай, аштық болып жатқанның өзінде бір нанды бөліп жеген жомарт халық. Өзге ұлт өкілдерін ешқашан шеттетпеген, өзінің бауырындай көре білген. Біз қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған елміз, ата-бабамыз қасық қаны қалғанша күресіп, талай боздақтарымыз қаза болған желтоқсанның ызғарын, патшалы ресейдің қуғын-сүргінің, ашарлығы мен сұм-соғыстарының бәріне шыдап, түбі осы күнге тек бірлік пен татулықтың арқасында жеттік.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Сол кезінде қазақ халқының алдыңа қойған мақсаты «тәуелсіздік» дейтін бір ғана арман еді. Сол бір мақсатқа, сол бір арманға біздің «Қазақ» дейтін мермлекет жетті.

Кабепова Зайра


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама