Ханталапай ұлттық ойыны
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы
"Балауса"балабақшасының тәрбиешісі Жанар Нургазиева
Ханталапай ұлттық ойыны
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік, дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
Міндеттері: Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға туған, өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту.
Жүргізуші: Армысыздар ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымызда келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Бұл күн біздің ата – бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын!. Ұлыстың ұлы күні деп аталған наурызда денсаулықтарың мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын. Олай болса бүгінгі қазақтың ұлттық ойының бірі -«Ханталапай» ойыны байқауына қош келдіңіздер!
Асық ойындары - қазақ халқының ойындарының бірі. Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен балалар ойының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Бұл ойынды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын болған. Біз солардың ел есінде сақталған үлгілерін келтіріп отырмыз. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі мергендікке, түнгісі ептілікке баулиды. Ұлы ақын Абай атамыз да асық ойыны, яғни «Ханталапай» ойынын жақсы ойнаған. Бүгінгі байқауымызды ашу үшін сөз кезегін балабақша басшысы Курманова Айжан Ерланқызына береміз.
Алдымен әділқазы мүшелерін сайлаймыз:
1)
2)
3)
Жүргізуші: Балалар осы енді «Ханталапай» ойыны туралы бейнероликке назар аударайық.
(Ханталапай ойының суретті слайд түрінде қарау).
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалыңды талдармын.
Сақал түгел, мұртта жоқ,
Сендерді де алдармын,
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сендерде мереке, қызықты ойын өткелі жатыр деп естідім.
Мен де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер менімен қызықты қазақтың ұлттық ойынын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Салт – дәстүрім жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарасса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша
Жаңғырғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата – салтын бабамның.
Алып келді Ұлыс күн.
Алдар көсе: Ол ойын «Ханталапай» деп аталады. Қанеки сендер шеңбер болып отыра қойыңдар.
Балалар шеңбер болып отырады.
Алдар көсе: Ойынды бастар алдында
«Талапай - ау, талапай»
Табылды ойын алақай деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды, отырған балаларға шашады.
Балалар: Жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды, әр бала жинаған асықтарын тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала ойынды бірінші бастайды. Тигізген асықтарды ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда ойын жүргізушінің тапсырмасын орындайды.
Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интелектуалдық тапсырмалар алдын ала дайындалады.
Сұрақтар: 1) Төрт – түлікті ата?
2) Сүт тағамдарын ата?
3) Жылқының сүтін не деп атайды?
4) Қазір жылдың қай мезгілі?
5) Көктем мезгіліндегі мерекелерді атаңыз?
6) Қазақтың ою - өрнектерін ата?
7) Асықтардың түскендегі атауы?
Тапсырмаға дұрыс жауап берсе келесі асықты атады. Екінші рет тизіге алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.
Әділқазы әділ төрелігін айтқанша «Балдырған» тобының балаларының өнерлерін тамашалаңыздар.
Хор: ән: Құтты болсын әз – Наурыз
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Ортамызды ашайық.
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық.
Ән: «Анашым» Исамадин Жанеркенің орындауында
«Балбөбек» тобының кішкентай бүлдіршіні --------------------- орындауында «Домбыра» әнімен бүгінгі тойымызға өз тобының той шашуын қабыл алыңыздар!
«Балдырған» тобының орындауында «Аққу» биін тамашалаңыздар!
Әділ қазы қорытындысы бойынша «Алғыр бала», «Зерек бала» «Мерген бала» номинациялары беріледі.
Қазақтың ұлттық ойынын еске түсіріп, жаңғыртып, нақышына келтіріп ойнаған «Балдырған» тобы бүлдіршіндерінің ойынын тамашалаңыздар. Келесі жылы да осы қазақтың ұлттық ойындарын үрдіске айналдырып, жалғасын таба берсін. Жылдан – жылға аман - есен, жете берейік. Қош сау болыңыздар!