Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
«Хош келдің - Мәуліт!»

      Рухани кеште, орталық «Шынасыл» - мешітінің найб имамы Тоқтағұлов Азат құрметті аудан тұрғындары мен мереке қонақтарына Пайғамбарымыз (ﷺ) -ның және дүниеден өткен барша мұсылмандардың рухына құран бағыштап, ауданымыздағы шәкірттерінің орындауында  Пайғамбарымыз (ﷺ) - ның «Мархаба» - Мәуліт жырын оқып, пайғамбарымыздың өнегелі өмірін ұлықтаған шағын бейне ролигі көрсетілді

Әсем безерленген сахынада төрінде: Мекке шаһары 571 жыл. Хашмидтер әулетінде піл жылы Рабиғ Әл-Әууәл айы 12-ші жұлдызы дүйсенбі күні таңсәрісінде екі дүние сәруәрі болған Мұхаммед (ﷺ) – нің дүние келгенде Әмина анамыз «Торсықтай ұл босанды»-деп атасы Әбді Мүтәліпке сүйіншілеген әйелдер үніне жамағат жанары көз тікті.

Әмина анамыздың толғағы кезінде шәрбаттай сусын ұсынып, көз алдында Шам шаһары нұрлана, құлағына бір дауыс, ескертуші, жол бастаушы, соңғы елші келді дегендей үн қатуы мен алғашында қорыққандай болып, бір ақ кептер иығына қонып, қанатымен сипап, көз алдында түсініксіз жағдайлар болып жатқанында, «Қорықпа Әмина! Сен бақытты әйелсің» деген әдемі дауыс келуі, бәрі-бәрі жүйелі көрініс тапқан.

Он ұлдың ішінде, ең сүйкімдісі Абдулла дүниеден өткеннен кейінгі дүниеге кедген немересіне: Аспан мен Жерде де мақтаулы болсын  деп,  «Сенің атың Мұхаммед!»-деп азан шақырып ат қойып, «Қағбаға» - апарып, қуанышын елден сүйіншілеуге кеткен жерінен көріністің бірінші бөлімі тәмәм болып, сахына жарығы сәл өшіп қосылған сәтте:

Тақта отырысқан Еврей халқының патшасы мен оқымыстыларына шабармандардың Тәураттағы Мұсаға келген хабарда соңғы пайғамбардың дүниеге келуімен түн мен таңға дейін табиғи құбылыстар өзгеруімен тұспа-тұс келуі әсем көрініс тапқан. Тіптен отқа табынатын Парсылардың зәулім сарайлары ұзын бағаналары мен мұнаралары жерге құлап, ғибадатханасындағы қанша жылдан бері жанып тұрған оты сөнуі мен, Тегеранда Сәуе көлі бір күнде тартылып, сазға гүлдер шығып кетуі, Християндардың жиналып тез арада мәжіліс құрып, Інжілде айтылған құтқарушы келді деп жар салуы.

Туылған сәбидің екі жауырыны арасында мөрі бар болуы мен нық сеніммен Інжілдегі пайғамбар осы дегенде, «Шіркін-ай! Ол біздің Еврей халқынан шықса екен»-деп арман етуі, «Қап біз құрыдық! Билік пен пайғамбарлық біздің қолдан кетті. Арабтардың жұлдызы жаныпты. Менің өмірім жетсе, сол елшінің дінін қабылдап, өмірімнің соңына дейін ұлықтап өтер едім»-деген күйінішін жанындағы жантайшақтаның «Біз оны өлтірсек, Құдай біздің ұлтымыздан елші жіберер»-деген үміті де тыс қары қалмаған.

Сахына пердесі: О, Алла! Сенің құдіретіңе күмән келтіре алмаспын. Еврей ұлты өз басшысына құлақ салмайды. Бүкіл дінді біріктіретін соңғы елші келгенін біз білдік. Осы пайғамбарға кім сеніп иман келтірсе олар бақытты жандар. Ал, егер оны кімде-кім теріске шығаратын болса, ақиқатқа қарсы жүргендей. Мен халқымды осы тура жолда жүруіне шақырамын. Уа раббым! Сен бізді кешір!-деген сөзімен жабылыды. Одан әрі көрініс желісі еш қан төгісті ұнатпайтын. Керісінше, күллі адамзатты өзіне баурап, бауырдай сезінетін Мұхаммед (ﷺ) – ге Мекке мүшриктері Мәдина мұсылмандарының тыныштығын бұзып,  «Худайбия» - деген жерде мұсылмандармен Мекке мүшриктері 10-жылдай соғыспаймыз деп уағдаласқан уәдені көп ұзамай Мекке мүшриктері астыртын бұзып, мұсылмандарға жақтасқан, ешкімге зияны жоқ адамдардың  20-ға жуығын өлтіріп кетуімен өрбіді.

Бұл хабар пайғамбарымызға (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткенде:

Қатты уайымға түсіп. «Сендерді, өзімді қорғағандай қорғаймын»-деді де, Пайғамбар (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына жолға дайындалуды бұйыруы. Бұл хабар Мекке мүшриктерінің зәре құттары қашырып. Мекке мүшриктері көшеге жиналып, не істерін білмей дел-сал болып оған еткен қиянаттарын сөз етіп, кіріп келген шақта: Жо-жоқ. Сіздер қорықпаңыздар Мұхаммед (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сіздерді кешіріп жіберген. Үйлеріңізге бейбіт тарай беріңіздер Бүгін қан төгу жоқ, тек кешірім. Бүгін құлдық жоқ. Азатсыздар. Тарқаңыздар!!! - дегенде жиылған көпшілік қуанышпен: «Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі. Біз сосын сіз жақта боламыз. Ол бір шындығында кешіруші? Алла ұлы»-деген мадағымен аяқталды. Осы «Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет үйі» - тиятрының актёрлары мен актрисалары сомдауымен өткен көрініс, сүйікті пайғамбарын сағынған үмбеттеріне  Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) сағынуға, ең лайық – жан екендігі мен оның мейірімін, оның жылылығын, оның қамқорлығын, сезіндіріп, Мұсылман бауырлардың оның тұлғасын жадында жаңғыртқан, оған салауаттар мен сәлемдер жолданған, «Хош келдің - Мәуліт»  - атты рухани кеш пайғамбар өнегесімен жамағаттың иманын арттыра білгендей....

Кеш соңы келген жамағаттар мен қонақтарға ас беріліп, Мәулітті өткізуге демеушілік еткендерге алғыс хаттар табысталды. Рухани кештен түскен қаражатқа ата-ананың қамқорлығынсыз қалған  жас өспірімдерді бауырына басқан Падиша Бекешева апамызға  мешіт пен жамағат атынан жүз мың теңге берілді. Жаратушы Иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарда, берекелі басқосуларда жолықтырғай! Екі дүниеде де жүзіміз жарқын, мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама