Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Химия саласындағы Нобель сыйлығы табысталды

2016 жылдың химия саласындағы Нобель сыйлығы молекулалық қозғалысты синтездейтін жоба әзірлеген үш ғалымға бұйырды, деп жазады «Хабар 24».

Олар: Жан-Пьер Саваж, Бернард Феринг және Фрезер Стоддарт.

Ғалымдардың алғашқысы Страсбург университеті мен Францияның ұлттық ғылыми зерттеу орталығында еңбек етеді. Ал Фрезер Стоддарт АҚШ-тағы Солтүстік-батыс университетінің қызметкері. Ал үшінші өнертапқыш Бернард Феринг Нидерландтағы Гронинген университетіндегі органикалық химия саласының профессоры.

Нобель сыйлығына лайықтыларды таңдайтын комитеттегілердің айтуынша, үш лауреат бұған дейінгі ғалымдардың орындалмай келген арманын жүзеге асырған. Олар кәдімгі автокөлік және өзге де механизмдердің молекулярлы нано үлгісіндегі баламасын жасады. Осының көмегімен энергияны сақтайтын немесе басқа да жаңа құрылғылар ойлап табуға болады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама