Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Химиядан сабақ жоспарлар
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы,
Ақсуат ауылы, К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің
химия пәні мұғалімі Аубакирова Ардак Машановна

Сабақ тақырыптары:
1. Мұнай. Таскөмір. Отын.
2. Амин қышқылдары. Нәруыздар.
3. d-элементтердің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысының ерекшелігі. Мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары


Химия 9 сынып
Сабақтың атауы: Мұнай. Таскөмір. Отын.
Сілтеме: Химия «Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, Н. Заграничная, Ә. Темірболатова» 9 - сыныпқа арналған оқулық
Жалпы мақсаты Оқушыларға мұнай, таскөмір және отын туралы қосымша ақпараттар беру
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Оқушылар мұнай, таскөмір және отын туралы айтып бере алады
Сабақтың міндеттері: Ақпаратты алу, жинақтау және қолдану
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, интерактивті тақта, жасалған жобалар
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс, тест жұмысы, химиялық эссе жазу, бағалау критерийлерін құру, топ басшысының бағалауы, жиытық бағалау
Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: Оқулық, ватман, түрлі - түсті маркерлер, фломастер, қайшы, клей, бағалау критерийлеріне арналған үлгілер

1. Жағымды психологиялық ахуал туғызу, балаларды түгендеу. Жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін интерактивті тақтада «Мен бүгінгі күндеріңізге сәттіліктер, қуаныштар тілеймін» деп алдын - ала жазып қоямын (1 мин).

2. Тест жұмысы. Үй тапсырмасын, яғни «Көмірсутектердің табиғи қорлары. Табиғи газ» тақырыбын тест жұмысы түрінде аламын. (5 мин). Тестті оқушылар көрші отырған оқушыға тексертеді және баға қойғызады және топ басшысы бағалау нәтижелерін алдарындағы дайын үлгіге жазып қояды.

1. Көмірсутектер қайда кездеседі: а) табиғи және мұнайға серік газдар құрамында; б) суда; в) мұнайда; г) жасыл өсімдіктерде; д) таскөмірде
2. 1 т мұнай өндіргенде қанша мөлшерде серіктес газ бөлінеді: а) 45 м3; б) 50 м3; в) 55 м3; г) 40 м3; д) 60 м3
3. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігіне кіретін газ: а) пентан; б) бензол; в) гексадиен; г) метан; д) декан
4. Табиғи газ жанғанда ауаға қандай заттар бөлінеді: а) су мен көмірқышқыл газы; б) оттегі мен метан; в) су мен азот; г) көмірқышқыл газы мен оттегі: д) табиғи газ жанбайды
5. Қазақстанда табиғи газ қорлары қай облыста шоғырланған: а) Шығыста: б) орталықта; в) батыста; г) оңтүстікте; д) солтүстікте
6. Табиғи газ құрамында метан мөлшері қанша мөлшерде болады: а) 80 - 97%; б) 10 - 15%; в) 15 - 30%; г) 35 - 48%; д) 53 - 71%

Жауаптары:
1 - а, в, д
2 - б
3 - г
4 - а
5 - в
6 - а
6 дұрыс жауап – 5
5 дұрыс жауап – 4
4 дұрыс жауап – 3
3 немесе одан төмен дұрыс жауап – 2

3. Жаңа сабаққа мақсат қою. Енді оқушыларға бүгінгі күннің тақырыбы таныстырылады және оқушылар бүгінгі жаңа тақырып бойынша не білгілері келетіндігін алдарына мақсат етіп қояды (2 мин).
4. Жоба жасау. Оқушыларға 3 топқа «Мұнай. Таскөмір. Отын» тақырыптары бөлініп беріледі, олар осы тақырыптар бойынша алдарындағы ватман қағазына жоба жасайды (10 мин).
5. Жобаны қорғау. Оқушылар енді осы жасаған жобаларын топ болып, тақта алдына шығып қорғайды (9 мин).
6. Экологиялық мазмұндағы сұрақтарға жауап беру. Бүгінгі тақырып экология тақырыбымен тығыз байланысты болғандықтан және оқушылардың өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында оқушыларға 3 сұрақ қойылады (әрбір топ келесі топ қорғаған тақырыптың сұрағына жауап береді) (5 мин).
1. Мұнаймен ластануды болдырмау үшін қандай шаралар қолданар едің?
2. Таскөмірді пайдалану экологияға қандай әсерін тигізеді?
3. Жалпы алғанда отынды экология сөзімен байланыстырып қалай жіктеуге болады?
7. Егер мен қоршаған орта министрі болсам... Химиялық эссе жазу (5 мин). Бұл тақырып оқушыларға алдын - ала үйге дайындалуларына беріледі. Сосын топтағы ең жақсы эссені тыңдаймыз. Ең жақсы эссені оқушылар өздері топта ақылдасып анықтайды.
8. Баға критерийін құру (3 мин). Енді оқушылар өздері бүгінгі тақырып бойынша бағаны не үшін алғылары келетіндігін критерий ретінде құрады және алдыларындағы дайын үлгіге жазады.
9. Топ басшысының топ мүшелерін бағалауы және оны қорытындылауы (3 мин). Мұнда топ басшысы өз тобындағы әрбір балаға қандай баға қойғандығын және не үшін ол бағаны қойғанын түсіндіреді.
10. Қорытынды (2 мин). Мұнда үйге тапсырма беріледі. Оқушыларға алдындағы тест жұмысынан алған және топтағы жасаған жұмыстары үшін алған бағаларын жинақтап, ортақ «жиынтық баға» қойылады.
Үйге тапсырма:
Сабақты бағалау

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама