Жыл бойы өткенді қайталау
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шымкент қаласы, №19 "Қызғалдақ" бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Примкулова Аякоз Саримсаковна
Мектепалды даярлық тобында өткен қорытынды сабақтың жоспары
Білім беру саласы. Қатынас
Білім бөлімі. Сауат ашу.
Тақырыбы. Жыл бойы өткенді қайталау.
А - дыбысы мен әрпі.
Мақсаты. Өткен сабақтарды пысықтау. Сөз, буын, Сөйлем тақырыптарын қайталау.
Балаларды А - дыбысымен таныстыру, Айтылу ерекшелігіне назар аудара отырып А - әрпінен басталатын сөздерді буынға бөлгізу, және дыбыстық талдау жасату. Балаларға дыбыс түрлерінің дауысты, дауыссыз болуын ұғындыру сөз, сөйлем туралы ұғымдарын кеңейту. Дыбыс пен әріп туралы түсініктерін кеңейту. Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету. Әріптерді танып білуге деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойын - ойнау арқылы сөздік қорларын дамыту. Балаларды жазу - жазуға үйрету, ойын түрінде жұмбақ, ребустарды шешу, кеспе әріптермен сөздерді жазу, суреттер бойынша сөз құрату арқылы білімдерін жетілдіру. Балаларды ұқыпты, сауатты жазуға, ойын толық жеткізіп айтуға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, әріптерден сөздер, сөздерден сөйлемдер құратуға үйрету.
Міндеті. Балалардың білімдерін жетілдіру және
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі. Суреттер, кеспе әріптер, ребус, DVD.
Әдіс - тәсілі. Түсіндіру, айту, көрсету, жасату, сұрақ -
жауап, жаздыру.
Биллингвалды компонент Ата - дедушка, аға - брат, ана -
мама, апа - бабушка. т. б
1. Сәлемдесу
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы
Сәлем - сөздің анасы
Орнымыздан тұрайық
Сәлемдесіп алайық.
Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Гуд монинг!
2. Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз қандаймыз
Күліп шыққан таңдаймыз
Біз қандаймыз қандаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз.
Біз бір құшақ гүлдейміз.
З. Таңғы тілектер.
Ал енді, жүректен шыққан жылы тілектерді келген қонақтарға сыйлайық.
4. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті.
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді тексеруге келіпті. Ендеше келген қонақтарға өзіміздің білімімізді көрсетемізбе? (ия)
5. Жұмбақ - жасыру
Қар мұз еріп, жер көгеріп
Дала гүлге толады.
Бүршік ашып, жапырақ шашып,
Мерекелер болады.
Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады? (көктемде).
6. Сұрақ - жауап
- Ал қазір жылдың қай мезгілі? - (көктем мезгілі)
- Көктемде неше ай бар?(көктемде үш ай бар)
- Қазір көктемнің нешінші және қайсы айы? (2, Сәуір айы) - Бүгін сәуір айының нешінші күні?(бүгін сәуір айы, 16. 04 күн) - Ал аптаның қайсы күні?(аптаның сәрсенбі күні)
- Сәрсенбі аптаның нешінші күні?(аптаның З күні)
7. Қайталау
Балалар, біз өткен сабақта не үйреніп, қандай тапсырма мен танысып едік?(Біз өткен сабақта дыбыс сөз, сөйлем, буын тақырыбын өттік).
- Ал енді, мен сендерге жұмбақ жасырайын. жұмбақ
- Естілмеген құлаққа, естілмейді бірақ та ол не? (бұл дыбыс)
- Дыбыс деп нені айтамыз?(дыбыс деп әріптердің жуан және жіңішке айтылуын дыбыс дейміз)
8. Келіңдер балалар дыбыстарға толық түсінік кіргізіп алайық?
Тақтаны тақылдатып ұрып балалар, сендер не
естідіңдер? (дыбыс естідік)
- Ненің дыбысын есіттіңдер?(тақтаның)
9. DVD - дан дыбыстар қою
- Ал енді дыбыстар нешеге бөлінеді (дыбыстар 2 ге бөлінеді)
- Қандай қандай болып? (дауысты және дауыссыз)
- Дауысты дыбыстар саны нешеу - оны қандай түспен белгілейміз? (дауысты дыбыстар саны 14 оны қызыл текшемен белгілейміз, дауыссыз дыбыстар саны 26 оны көк текшемен белгілейміз)
- Қазақ алфавиті неше әріптен құралған? (42әріптен)
- Сөздер қалай құралады? (сөздер дыбыстардың әріптердің бірігуінен құралады)
- Ал сөйлемдер қалай құралады? (сөйлемдер сөздердің бірігуінен құралады)
- Ал әріп дегеніміз не? (әріп дегеніміз дыбыстардың таңбалануы).
10. Жұмбақ
Жаңада бар, ескіде жоқ
Танада бар, ешкіде жоқ. Бұл қай әріп (А)
Ертегі айту (тынымсыз тіл туралы)
Ауыз деген қуыста тынымсыз тіл өмір сүріпті. Ол аппақ тістерді қатарластырып қойып өзіне қорған, ал екі еріннен ашылып жабылатын есік жасап алыпты. Ауыз арқылы дыбыстар, кезек - кезек сыртқа шығып тұрады екен. Кейбір дауысы бар дыбыстар көңілді ән салып жүреді екен. Ал кейбір дыбыстар ән салуды ұнатпайтын болыпты, себебі олардың дауысы жоқ екен. Ән салмай тып - тыныш өтіп бара жатқан дыбыстарға ренжіген тынымсыз тіл оларға ылғи кедергі жасауға тырысады екен. Дауысы жоқ дыбыстарды сыртқа жібермеу үшін біресе таңдайға жабысып тұрып алып, біресе тіске тақалып алады екен, кейде еріннен жасалған есігін жауып алады екен. Ертегі сендерге ұнады ма?
11. Жаңа сабақ
Ендеше біз бүгін сендермен Аа әрпімен А дыбысы мен танысамыз - деп балалардың назарын тақтаға сабаққа қарату. Тақтада ілулі тұрған А әрпінің артикуляциялық таңбасының баспа және жазба түрлерімен балаларды таныстыру.
- Мынау А әрпі. Мынау А дыбысының баспа және жазба түрі. Біз жазу жазғанда мына Аа әрпін қолданамыз. Ал кітапта біз Аа әрпінің баспа түрін қолданамыз. Ал енді есімізде А дыбысы қалуы үшін оны 5 рет қайталап айтып өтем із. А - А - А - А - А
- Ал енді біз кішкентай пілдің балалары болып А әрпін ауада тұмсығымызбен жазамыз. З рет
- Ал енді қолымызға қаламсабымызды алып ауада А әрпін жазамыз. А - А - А
- А дыбысы неге ұқсайды?
(DVD дан А әрпімен таныстыру)
12. Д/0 (Сөз ойла, тез ойла).
Шарты. Допты лақтырып қағып алу арқылы А дыбысынан келетін сөздерді тез айту.
13. Таңқаларлық сәт.(топқа аюдың келуі.)
Сәлеметсің бе аю? - Аю сәлемдеспейді. Балалар сендер аюмен сәлемдесіңдерші? Сәлеметсің бе аю? - Аю бұртиып отырады
- Балалар аюдың көңіл күйі жоқ екен. Келіңдер аюға арнап өлең айтып аюды билетіп, өзімізде оған қосылып билеп сергіп алайық.
14. Сергіту сәтін өткізу.
Қорбаң, қорбаң етеді,
Орман оның мекені.
Тәтті балға тойып - ап,
Қыста ұйқыға кетеді.
- Балалар қараңдаршы аю сендерге риза болды, оның көңіл - күйі жақсарды, енді ол сендердің білімдеріңді тексеріп көрмекші. Аю сендерге бір тапсырма алып келіпті, аю басы қатып өзі шеше алмаған соң сендерден көмек сұрап келген екен аюға көмектесеміз бе? (ия)
- Мен аюдың қолындағы тапсырманы алып оқып көріп, сендерді таныстырамын, ал сендер білетін болсаңдар қол көтеріп жауабын айтарсыңдар.
Жұмбақ
Күн нұрын шашқан асқардан,
Алатау алыс тас қорған
Алматы мен Астана
Қай әріптен басталған.(А әрпінен басталған)
15. Ребустарды шешу (Сөзжұмбақты шешу).
Қазаңстанның ел ордасының аты?
А - Н - А - 1. Бізді өмірге әкелуші жан?
С - Ә - У - І - Р - 2. Көктемнің екінші айы?
Т - У - 3. Біздің көкке көтеріліп, желбірейтін символымыз?
А - Б - А - Й - 4. Қазақ халқының ұлы ақыны, жазушысы кім?
Н - А - Н - 5. Ас - атасы не?
А - Й - 6. Түнді жарық етуші не?
(Сұрақтардың жауаптарынан өлең, немесе мақал – мәтел ойлап тауып айту).
16. Әріптерден сөздер құрастыру.
Ана, Ата, Бала, Отан, Нан, (Құрастыру)
Аюмен қоштасу.
Сурет композиция құрастыру (жапсыру).
Қималарды жапсыру.(Тақырыпқа ат қою).
Тақырыпты талдау. (Баннерге өзі жабысатын қима)
17. Ғылым орталығы. Дәптермен жұмыс
(Шам жағып кел, балалар, оқылық! Өлеңін айтып шақыру)
Саусақ жаттығулары. (Алыптар мен балықтар).
Теңіздегі алыптар ауыздарын ашады
Кіп - кішкентай балықтар жүзіп жылдам қашады.
1, 2, 3 - бойға жинап күш, жалқаулықты тастаймыз, жазу жазып бастаймыз.
18. Кел, жазайық!
Үлгіге қарап берілген әріптер мен сөздерді жазу.
19. Қорытынды.
1. Балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?
2. Дауысты дыбыстар қандай үйге саламыз?
З. Дауыссыз дыбыстар қандай үйге саламыз?
4. Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
5. Кімге қай кезеңі ұнады?
6. Балаларды мақтап мадақтау.