Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Иманипедагогиканың әлемдік абызы: Қожа Ахмет Яссауи

Иманипедагогиканың әлемдік абызы
Қожа Ахмет Яссауи (1093 - 1041(1103), ж. ш.), – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. ІХ ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, Х ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім - тәрбиелік ордалар – медресе - теккелер түбегейлі орнығып, исламдық - руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Яссауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Яссауи ілімі осы саяси - әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Яссауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат - ул айн - ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді
Ұзтазы Арыстан бабтың соңғы деміндегі өсиетімен Яссауи Бұхараға барып, қожа Жүсіп Хамадани хазіретінің қызыметінде болып, мүршидтік кемел мәртебеге жетеді. Жүсіп Хамаданидің екінші халпесі қожа Хасан Андаки дүние салған соң қожа Ахмет Яссауи атамыз пір болып Бұхара халқына дағуат жасап жүргенде, Илаһи аянмен Түркістанға баруы ләзім болады. Пірлікті қожа Абдулхалық Ғыждуани хазіретіне беріп, барша шәкірттерінің оған қол беруін өсиет етті. (Мәулана Әли ибн Хусейін. «Рашахат ани әл - Хаят».- Астана, 2017. 456 бет). Туған өңірінің діні басқа отаршыл халықтардың қол астында қалатынын біліп, халқын құтқаруға келеді.
Қожа Ахмет Яссауи Ислам дінінің тура жолымен түркі - ислам ұғымындағы діни қағиданың негізін қалады. Ислам дінін түркілер арасында ендіру өте қиынға соққан, себебі ислам діні келгенге дейін түркі дүнисінде өзіндік ата - бабадан мұра болып қалыптасып қалған салт - дәстүр, әдет - ғұрып ұшан теңіз еді. Оның үстіне көптеген басқа діндерде кірісіп қанатын кең жайған болатын. Солардың бәрін жеңіп олардың ішіндегілерді қажетінше пайдаланып қолдануы үшін өзіндік ерекше қағида жасауға тура келді. Мұндай қағида жасап шығу үшін, бұрынғы қалыптасқан салт - дәстүр, әдет - ғұрып, басқа дін қағидаларын жақсы жете білуі керек еді. Оны білмей тұрып жаңа ислам дін қағидасын қалыптастыру мүлдем мүмкін емес болатын. Міне солардың бәрін електен өткізіп бір жүйеге түсіріп халыққа пайдалануға өз тілінде сайратып алып келгеннен кейін жаңа түрдегі ислам дінін қабылдау қиынға соққан жоқ. Бірақ мұны жасап шығу үшін Ясмауи талай тер төкті. Сол үшін өмірін сарп етті. Соңында жер астына тірідей түсті.
Жергілікті халықтың салт - санасы мен сенім - нанымына, әдет - ғұрпына қайшы келмейтін діни - мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Яссауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр - сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Ол, шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие - әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. ХІІ ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Яссауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай - ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан. Адамды тәрбиелейтін Пайғамбарлар тізбегі тоқтаған соң, ұстаздық қызметті әулие - ғұламаларға берілді. Қожа Ахмет Яссауиге Алланың нұры түскен үлкен әулие. Қожа Ахмет Яссауи түркі халықтарының дүниетанымының көкжиегін кеңейтті, көне түркілік дүниетанымды ислам қағидалырымен байытты, жаңа өркениет қалыптастырды. Дәл солай мәңгілік ілім көне түркілік мәдениетке де өз сәулесін шашты. Қоғамды жаңартты, Яссауи түркінің ежелгі өмір сүру заңдылықтарының шариғатқа қайшы емес жақтарын сол бойынша қалдырды, қайшы - ларын назиралық жолмен ақырын жаңғыртып, синтез жасай білді. Яссауи қазақ ұлтының ұлттық идеологиясын жасады. Осы идеяны жас ұрпаққа, жалпақ жұртқа оқытыпп үйрете - тетін, олардың бойына сіңріп, жүрегіне қонды - ратын өзіне тән ерекше әдіс - тәсілі бар Иманипндагогика деп аталатын тәрбиелеу, баулу ілімін тұжырымдап тұрақтандырды, мектеп - медіреселердің іс - әрекетін, тағылымдық үдерісін сол негізде құрды. Ахмет Яссауи еңбектеріндегі адамшылық, имандылық, инабаттылық, әдептілік т. б. тәрбиелер нұсқасы, ақылмандар өнегесі қалың бұқарадан алынған. Себебі Яссауи өз еңбектерін жазғанда ел - жұрттың әдет - ғұрып, салт - дәстүр, наным - сенім, ырым - тыйым, мақал - мәтел, аңыз - әңгімелер, сонымен қатар «Құран Кәрім»» Мұхаммед /с. ғ. с/ Пайғамбар хадистерін басшылыққа алып отырған. Сондықтан да, Яссауидің педагогикалық ой тұжырымы әл - Фараби негізін салып, Ж. Баласағұни қабырғасын қалаған иманипеда - гогиканың шымбайлы нұсқасы, өзіндік ерекше - лігімен әлемге танылған (Өз басын көпшілік ғалымдардың оны тәрбиелеу сопылық ілім, сопылық педагогикасы деп атауын мүлдем ұнатпайым.) нұсқасы, Яссауидiң сопылық дүниетанымына, моральдік этикалық көзқарасына негізделген діни - философиялық қазанында қайнап піскен төлтуынды. Осы халықтың адамгершілік, имандылық сипаттары ғасырлар бойы қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өткендердің келер жас әулетке сыйы ретінде үздіксіз беріліп отырды. Нағыз адамдық мораль - бұл халықтық мораль деп сүйсіне жазды, өзіміздің ойлы ғалымдар, ғұламалар, педагоггар мен жазушы, ақындарымыз.(Біздің пікірімізше, халықтық - ұғымы иманипедагогикада тым көсілме. жадағай сөз. Себебі қазақ ұғымында халық деп ханды да, қараны да, байды да, кедейді де, көргенді де, көргенсізді де, жақсы да жаман адамның бәрін сиыстырып айтады. Ал. орыстың народ дегенінде қалың бұқара, қараша басымдылық алады. Иманпедагогикада иманды адам, көргенді адам, жақсы адам, кемел адам, жетілген адам, парасатты адам, бақытты адам, толық адам, кемел кісі, ізгі кісі, тақуа адам, сопы, дәруіш, ғарип адам т. б. бейнелері дәріптеледі. Яссауи бабамыз осындай жандардың қалыптасу әдіс - амалын, жетілдіру жолын көрсетеді.) Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тоқуалық шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге шақырады. Оны өзінің парасатылықты пайдалану мен байламға келтіру жолымен өмір мен тұрмыс, тіршілік туралы толғамдарында паш етеді. Хикметтері тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр, жетімдерге пана болып, қамқорлық жасау, Алла елшісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу мен Құрани кәрімнің сүре, аяттарындағы уағыздар мен Мұхаммед пайғамбарларды еске түсіреді. Сайып келгенде ұлы ақын бұрынырақ ғұмыр кешкен мұсылман шығысының ұстаздары мен даналарының кәміл адам тәрбиелеу идеясын алға тартады, әрі ол сопылық тағылым, дәстүрмен сабақтасып жатыр.
Халқымыздың даналығына сүйенсек, «... көзі соқырдан гөрі, көкірегі соқыр жаман», - деген ғой. Бұл тіршілікте әртүрлі жағдайлармен дұрыс тәрбие ала алмаған «көкірегі соқырлар» тым көп. Сонықтан да өмір шындығының асқар таудай ұлы көріністері, олар үшін күнделікті ішіп жегендерінен артық емес сияқтанып көрінеді. Яссауи тұрақтандырған иманипедагогикасының басты мұраты пенденің көкірек көзін ашу. Яссауи бабамыздың адамшылыққа, иманды - лыққақа, кісілікке тәрбиелеу, баулу көзқарасы оның еңбектерінде толық қамтылған. Мәселен, әуелі «Хикменттерінде» екіншісі «Пақырнама мен Мүнажатнамасында», ал үшіншісі болса, «Мират - ул - Қулуб» атты еңбектерінде талданып, берілген. Қалған мәселелер өмірбаянына негізделіп жазылған аңыз - әңгімелер мен хикаяттарында келтірілген. Міне, осы еңбектерді оқудың, тоқытудың, танудың арқасында адам баласы өзін адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей алады.
Ал Яссауидің уақытында өркөнниеттің түлеуі процесі нәтижесінде бұрынғы құндылықтар мен ұстындар шайқалған. Қоғамдағы осындай әртүрлі келеңсіздіктер мен хаостың орнын толтырып, реттеу үшін Яссауи өзінің төл ілімін үсынған. Ахмет Яссауидің моральдік этикалық көзқарасына діни - педагогикалық сараптама жасау, оның қазіргі таңда жас ұрпаққа беретін пайдасын және ислам сопылығына қосатын үлесін анықтау, сонымен қатар оны тәрбие беру ісінде қолдануды мақсат ету пайдалы болар еді. Себебі, сопылық жол адамды жоғары моральдық – этикалық құндылықтарды өз бойына қалыптастыруды басты мақсат етіп қояды. Яссауи көшпендінің рухындағы жауынгерлік, күрескерлік қуатты қиын әрі негізгі күреске бағыттауға тырысады. Бұл жаңа әрі қиын күрестің объектісі адамның өзі болатын. Өйткені Яссауи сол дәуірдегі болып жатқан құбылыстар мен қиындықтардың мәнін түсіне алмай дал болған адам мен қоғамдағы психологиялық үрейдің себебін оның өзін - өзі танымауынан, өзінің ішкі мәнін аша алмауынан деп түсінеді. Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік құбылыстар мен өзгерістер тікелей адамның ішкі әлеміндегі қарама - қайшылықтардың, іштей бөлінулердің өмірдегі көрінісі болатын. Адам бұл дерттен тек ішкі әлемінде тұтастыққа жетіп, үндестік пен үйлесімділікке қауышқанда ғана құтыла алады. Яссауидің пікірінше, адам өз нәпсісін жеңгенде және ішкі тұтастыққа қауышқанда ғана рухани тепе - теңдік пен бақытқа қол жеткізеді. Яссауидiң сопылық дүниетанымында Аллаға бағынуға, оны тануға көп мән берiлген. Себебi, Алланы тану – көңiл көзiн ашудың негiзгi кiлтi. Сондықтан сопылық жолдың кезек күттiрмейтiн басты өзегi – Алланы тану (мағрифату - л - лаҺ). Сопылық дүниетаным бойынша әлем мен әлемдегі барлық жаратылыстарды Аллаћ ғашықтығының әсері ретінде қарау және сүю негiзгi мәселе ретiнде қарастырылады. Құран Кәрімде: “Шын сенгендерге жер жүзінде көптеген ишараттар (белгілер) бар. Тағы да өз болмыстарыңда белгілер бар. Еш көрмейсіңдер ме? (50; 20 - 21)” - деп, адамның болмысы, дене құрылысы Құдайдың бар екендігін, осы тәріздес жаратылыстар әлем иесінің кемшіліксіз көрінісі екендігін дәлелдейді. Құдайдың құдіреті мен шеберлігі кездеспейтін ешбір дене, мақұлық жоқ. Сондықтан жаратылған барлық болмыс Құдайдың жаратқан өрнегі, Алланың ауызбен айтып жеткізуі мүмкін емес шеберлігінің белгiсi болып табылады. Құран осы ақиқатты былай деп түсіндіреді: “Қайда қарасаң Алланың жүзі (рақымдылығы, қайырымдылығы, құдіреті) сонда” (Бақара - 115). Ахмет Яссауи - осы ақиқатты түсінген ұлы ойшыл. Оның пікірі бойынша әлем мен әлемдегі бүкiл жаратылыстар ұлы Жаратушының құдіреті шексiз екендiгiн көрсетедi. Ұлы бабамыздың көзқарасы бойынша дүниедегі барлық жаратылыстар Алланың ұлы, жомарт, мейірімді де рақымды екенiн дәлелдейдi. Жаратылысқа өмір берген де, бейне берген де тек ол ғана. Ол - шексіздік (мұтлақ) қайнары. Яссауи ілімінде нәпсі жамандықтың, ал рух болса жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандықтың бірге болуы мүмкін болмағаны сияқты, нәпсі мен рухтың қатар өмір сүруі де мүмкін емес. Екеуінің бірі ғана өмір сүруі керек. Ал рухтың өмір сүруі үшін, нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының ашылуында жатыр. Рух тазалығынан мақсат, ғашық мәртебесіне ұласып, Хақдидарын көру болып табылады. Олай болса, түркі халқының тарихындағы дін туралы толғаныстар мен ондағы адам мәселесінің негізгі даму бағыттарын былайша жүйелеп көрсетуімізге болады. Бірінші, діннен адам болмысын туындатып, оның этикалық жақтарына баса назар аудару. Екіншісі, дәстүрлі исламдық діни философияны жаңғырта отырып, адам туралы ортодоксальді діни антропологияны негіздеу беталысы болды. Үшіншісі, еркін - ой мен ислам дінінің жаңа арналарын іздеуге талпыныс және діни сенімнің өзіндік бір «қазақы» үлгісін жасауға деген ұмтылыс.
Тарихтың биік шыңынан көрінген түрік - мұсылмандық қайта өрлеуіндегі (VІІІ - ХІІ ғғ.) ұлы тұлғалардың, адамның ең құнды қасиеттері мен өмір сүру принциптерін ғылым мен ислам ілімі үндестігі негізінде дамыту қажет деген пікірлеріне жүгінсек, ұрпақтар арасындағы, ғасырлар бойындағы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асырып отыратын салт - дәстүр, әдет - ғұрыптардың айналып келіп дінге сиысатынына көзіміз жетіп отыр. Ізгілік пен қайырымдылық, парасаттылық пен адамгершілік, жақсылық пен жамандық түсініктерінің тарихы о бастан дінмен органикалық байланыста қалыптасқан. Басты назарды адамдық құндылықтарға аударуды мақсат етіп, адамның әлемдегі орны мен рөлі, ақылы мен сенімі, танымы мен еркіндігі сияқты адам болмысының күрделі де маңызды жақтарын түсіндіруді ерекше ұлағат еткен қомақты туынды, түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы Қожа Ахмет Яссауидің — "Диуани хикмет" (Хикмат - жинақ) кітабы. Бұл еңбектегі хикметтердің мәні, философиясының өзегі – адам. Ал автор адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек және өзін - өзі тануы қажет дейді. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді: «... Ғарип, пақыр жетімдерді қылған шадман, Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.... Ғарип, пақыр жетімдерді әркім сүйер, Риза болар ол пендеге пәруәрдігер.... Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме. Кісі малын сен жеме, сират көпірінде тұтар.... Алла жайын айта алмай, өліп кетсем, Ессіз өмірім арманда өтер достарым.... Хақиқат дариясынан ішкен кісі, Өзі мұңлық, көңілі сынық көзі жасты...,... Хақ қаһарынан қорқып, жасын төкпегендер, Тозақта жүз мың азап тартар достар... Әділетсіз зұлым патша болғаны — ай, Ордасына өңшең қудың толғаны — ай. Бірін бірі жиналысып қолпаштап, Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай.
Дін адамзаттың қоғамдағы өмірін, азамат ретіндегі өмірін, жанұядағы өмірін және бұл дүниеден кейінгі ахиреттегі өмірін реттейді, Мен кіммін, қайдан келдім, қайда барамын, бұл жаратылыс қалай болды, өмір қалай пайда болды, бұл әлемді, бұл космосты жаратқан қандай күш деген сұрақтар бұдан талай мың жылдар бұрын да болған, ол, әлі неше мың жылдан кейін де адамзатта бола береді. Осындай сұраныстар, қажеттіліктер болғандықтан, адамзат өмірінде дін әрқашанда болады. Имандылық тәрбие адамның өзін - өзі іштей де сырттай да көз жүгіртіп, толықтырып отыратын адам тәрбиесінің жоғарғы сатысы. Ғылым білімнің жоғарғы сатысы деп қарасақ, имандылық тәрбиенің жоғарғы сатысы деп қарауымыз керек.
Қ. А. Яссауи өзінің еңбектрінде имандылыққа баулудың, кемел адам қалыптастырудың жеті қағидатын қарастырған: 1. Аллаһқа деген махаббат 2. Ықылас пен шынайылық 3. Адамға деген сүйіспеншілік 4. Кішіпейілділік 5. Әйел мен еркек теңдігі. 6 Еңбекті бағалау 7. Ілім мәселесі "Диуани хикмет" (Даналык кітабы) оғыз - қыпшақ тілінде өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған әдеби туынды. Хикмет тілі дін Исламнан хабары бар жанға жеңіл. Хикметтерді тереңірек үңіліп, мән бере оқыған адам Яссауи жырларының қыпшақ тіліне өте жақын екендігін аңғарады. Сондықтан, Қ. А. Яссауи шығармалары бүкіл түркі халықтарына ортақ рухани мұра. Ақынның шамамен 143 хикметі бар. "Диуани хикметтің" алғы сөзінде жалпы мұсылман дінінің негізгі қағидаларын, шарттарын, парыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой - тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік (анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері арнайы сөз болады. "Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып жазылған шығарма. Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде адамзатқа ақыл, өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған. Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын, Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын. Махшар күні тәңірге жақын болғын, Менменсіген халықтан қаштым міне. Бұл хикметінде ақын адамдардың бір - біріне деген бауырмалдығын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін насихаттайды. Қ. А. Яссауи өзінің "Диуани хикмет" шығармасында Аллаһқа сүйіспеншілік мәселесіне ерекше мән берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні - Аллаһқа құлшылық ету, тәубеге келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз міндеттерді суреттеп қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарына да арнайы тоқталады. Аллаһ адамды махаббат сезімінен жаратқан. Мұсылмандық Аллаһты сүюден басталады және жалғасады. Сол себепті Қожа Ахмет: Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ, Болмайды Расул сөзін танып әлек,- дейді. Ақын өз өмірінен қорытынды шығарып, былай дейді: «Бар дүние менікі деген сұлтандарға, Ғалам малын сансыз жиып айдағандарға. Өмірі сауық - сайран құрғандарға, Өлім неше бір опа қылмайды деп...»Осындай дүние - мүлік үшін жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа барған кісілерді аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп, иманды ету үшін ақын ең алдымен өз басындағы міндеттерді тізбелейді. Күрмеуге келмес қысқа жіптей аз күн жалғанда, нарықтық заман қыспағында Қ. А. Ясауи бабамыздың хикметтерінің маңызы зор. Егер әрбір пенде күнделікті өмір, күйбең тіршілік қам - қарекеттерін күйттеп, рухани ілім, білім, әдебиет, мәдениет мәселесіне мән бермесе, қазаққа еңселі елдік қайда, егемендіктен не пайда?! Дәуірлер, замандар көші алға озуда. Алайда, ата - бабаларымыздан қалған асыл сөз ешқашан көнермек емес, " Ғалымның хаты өлмейді" дегендей Яссауи кітабын тек әдеби шығарма деп бағалау аз. Мұндай асыл - мұралар, тарихи туындылар адамды тығырықтан шығарып, тұтқиылдан босатар, инабатшыл көңілдерге иман ұялатар мәнді шығарма. Бұл туындылардың түп төркіні, маңыздылығы ар - ұят аталған әлемдік жарасым әміршісі - Аллаһқа деген сенімде, шексіз махабатта жатыр. Тәртіптілік пен тәрбиелілік. Аллаһтың киелі ақжолынан бастау алған, ағайын. Ұлы баба Қ. А. Яссауи хикметтерінің негізгі идеясы да осы. Үрпақ тәрбиесінде иманипедагогиканы ұстаным еткен ата - ана, тәрбиеші ұстаздар үшін бұл еңбек оқулық саналуда.
Ислам өркениеті Ұлы Дала өлкесіне тарау арқылы ғылым - білім, мектеп - медіресе қатарлы оқу - білім ошақтары өте баяу болса да, оның көне дамымаған түрлері келсе де, қазақ қоғамында жылжу болды, қазақтың көкірек көзін ашу амал - айласына сіңісе отырып, өз орнын тауып жатты. Соның бірі имандылық арқылы көкірек көзін ашу амал - тәсілі еді. Мұның дәлелін Яссауидің ілімінен «Мират - ул - Қулуб» атты еңбегінен табамыз. Яссауи философиясында көңілдің пәктігі ең басты шарт. Адам рухының жоғарғы сапалық тазалық категориясы “қалб - и салим” дәрежесіне жету қажет. Қалби салим болуды Құран аяттарында қалай түсіндірсе, Яссауи де өзінің «Көңілдің айнасында» оның жолдарын, өсу сатыларын “дария”, “кеме”, “асу” символдары арқылы өте анық, түсінікті түрде айшықтаған. Адамдағы көңіл материалды, яғни көзге көрінетін, рухани, көзге көрінбейтін әлемдерді тұтастандырып, біріктіріп тұрады. Көңіл осы екі әлемде “төреші” болуы үшін өзін дамытып, кемелдендіріп, шыңдап «көзін ашуы» тиіс. Себебі: «…Захир көзі ғафлетте, “Батин көзі” ашылса ешқандай “перде” қалмайды. “Жан көзі” — қайран болып, “иман нұры” арқылы көре бастайды. Сыр көзі -“фана” мақамында “өздің өзі” (рухтың рухы) арқылы көреді. … Көңіл көзі жарылмадан тағат қылса, Хақ дергахында қабыл болмайды”. Яссауи үшін көңіл ішкі және сыртқы әлемнің орталығы болу үшін көзін ашу қажет. Сонда ғана жанның да, тәннің де амалдары оң болады. Міне, көңіл тән үшін де, жан үшін де өте маңызды рөл атқарады. Дегенмен, адамды адам еткен оның мәні, рухы болғандықтан, сопылық философияда көңілдің рухани рөлі тәнге қатысты қырына қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сондықтан осы руханилығы жағынан өте нәзік сырлар мен құпияларды хикметтер арқылы адамның адалдығын, мән - мағынасын қамтамасыз ететін күш – көңіл. Алланың аманатын арқалайтын күш иман болса, соны ең алдымен бойға дарытатын ақыл, ой, тіл, сана емес, көңіл, жүрек. Бірақ, адамның болмыстық табиғаты бойынша, жақсылық пен жамандықтың, тақуа мен асылықтың, иман мен күпірліктің күрес алаңы да осы көңіл. Көңіл сондықтан өле - өлгенше бір қалыпты бола алмайды. Сондықтан ол үздіксіз бақылау, тізгіндеу, тәрбиелеуге мұқтаж. Көңіл – айна. Оған Алла да, періште де, шайтан да қарайды. Періште қарап кетсе, оған иман, ізгілік, игі амал, рухани хәлдер сыйлайды, ал шайтан қарап кетсе, күпірлік, күдік, күмән, жаман амал, шахуат, әуестік, менмендік ұялайды. Көңіл өз айнасына қарауға тек періштеге ғана рұқсат беретін хәлге жетуге тырысуы шарт. Көңілді ондай халге жеткізу үшін сопылықта негізгі әдіс – зікір, яғни, Алланың аты, заты, көмегі, қуатын шақыру. Сонда ғана көңіл зікірмен тыныштық, бақытқа кенеледі. Ал көңілдің тыныштығы иманның артуына, бекуіне мүмкіндік береді. Сонда ғана көңілдің перделері ашылып, көрінетін және көрінбейтін әлемдердің сырлары аян болады. Барлық сырларды бүгіп жатқан әлем оқылуға дайын кітапқа айналады. Біз мұнда иманипедагогиканың тәрбиелеу бір әдісі зікір туралы айтып қалдық. Яссауи еңбектерінде кәміл адам қалыптастырудың барлық тәсілдері егжей тегжейлі түсіндіріледі. Олар көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, кеңес беру, мақұлдау, сәттілік тілеу, тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәләу, тәубаға келу, мінәжат ету, құлшылық ету, жан жылуын маздату, ғашық болу, құштар болу, таза болу, қанағатшыл болу, сабыр қылу, сауап жасау, нәпсің тыю, құдай жолына жанын пида ету және т. б. Бұларды істеп орындай алған сопы, дәруіш кемел адам дәрежесіне көтеріле алады.« Яссаутанушылардың» тұжырымына сүйенсек Ахмет Яссауидің өз халқына жасаған маңызы зор үш қызметі бар екен. 1. Қожа Ахмет Яссауи өмір сүріп тұрған дәуірде, яғни 12 ғасырда өзге түрік ғұламалары еңбектерін араб, парсы тілдерінде жазды сол ғұламалардың арабша, парсыша еңбектерін қарапайым көшпелі отырықшы халық түсіне алмады. Сондықтан исламның жылдам түріктер арасында таралуына кедергі болды. Ал Ахмет Яссауи тұңғыш түрік ислам сопысы ретінде түріктерге исламды және сопылық жолды түсіндіру үшін, араб, парсы тілдерін өте керемет меңгергеніне қарамастан хикметтерін түрік тілінде жазды. Хикметтері түрік әлемпнің түкпір - түкпіріне таралды. Ахмет Яссауи исламды өз халқының, яғни түрік тілінде уағыздады. Түрік тілі қайтадан жандала бастады. Өйткені, Яссауидің жолындағылардың барлығы да түрікше сөйлейтін болды. Қоғамның барлық қызметі оған үйлестіріліп, оқу - тоқу, білім беру ісіне түрік тілі жетекшілік ете бастаған. 2. Яссауидің халқымызға жасаған қызметінің екіншісі, Құран мен сүннет негіздеріне сүйене отырып, адасқан ағымдарға түспестен, түрік халқының 90 - 95 мұсылман болып қалыптасуына белсенді үлес қосқан адам. 3. Яссауи жоғарыдағы екі қызметі арқылы өзіміздің ұлттық мәдениетімізді қалыптастырды. Өйткені тіл мен дін бір ұлттық мәдениетінің негізгі іргетасы. Сондай - ақ Ахмет Яссауи жан - жаққа тарыдай шашылып кеткен көшпелі түрік тайпа - ларының отырықшылыққа айналып жатқан кезінде исламның біріктіруші негіздерін қолданып, үлкен әсер етті. Сөйтіп, түрік ислам мәдениетінің негізгі іргетасын қалады. Тек қана Орта Азия мен Қазақстанға ғана емес, Анадағы Анадолы (кіші Азия), Балқан, шығыс Еуропадағы түрік халықтарының басқа халықтарға сіңіп кетпестен, түрік ұлты болып орналасуына, көгеріп гүлденуіне белсенді әсер еткен Ахмет Яссауи және оның шәкірттері болатын Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Яссауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, әйгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс - тіршілігін, көзқарас - танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген" бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды. Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену: «Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын, Көре қалсақ мүсәпірді сырлас болғын,...» Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің көптеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие: «Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен сүй, Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый, Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый...» Жетілудің шексіз жөне өте кең мүмкіңдіктері айрықша атап көрсетіледі. Автор өзін - өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы педагогикалық түрғыдан қызығушылық туғызатын орталық сюжетті желілердің бірі - ол жас сипаттамалары:«Бір жасымда аруақ маған үлес берді,"Еқі жаста пайғамбарлар келіп көрді. Үш жасымда шілтен келіп халім білді,... Бес жасымда шариғатқа белім будым, Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым.» Еңбекте автордың өмірі педагогикалық цикл ретінде толық баяңдалумен қамтамасыз етілген:«Жазуменен жасым жетті жиырма бес, Субхан ием, зікірменен көкейім тес. 'Көкірегімдегі түйіндерді сен өзің шеш, Сол себептен хаққа сиынып келдім міне... Отыз тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет, Уә дариға, өтті ғұмырым, қане тағат? Қанағатшыл хақ қасында хош сағадат, Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар...», «Пенденің кемел жасы – қырық.»Сыртқы кейпі және мазмұны бойынша да айқын педагогикалық құбылыстар ретінде көрінетін мүңдай үлгілер осылай жалғасып кете береді. Мұның барлығы "Диуани хикметті" поэзия мен педагогиканың ұлы ескерткіші ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін белгілейтін моральдық ұғымдарын оқып үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық жөне эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісіңде тәлім - тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде. Мұндағы ой - тұжырымдар төмендегі жүйелерден тұрады: тәубашылдық, ғибадатшылдық, махаббат, сабырлылық, шүкіршілік, ризашылдық, захидшілік (анықтық), ғаріптік. Мұнда сүйіспеншілік сияқты мәселелері арнайы сөз болады. "Диуани хикмет" адамзатты имандылыққа, бауырмалдыққа, сүйіспеншілік пен ізгілікке тәрбиелеуді мақсат ете отырып жазылған шығарма.
Ақын "Диуани хикмет" еңбегінде адамзатқа ақыл, өсиет айта отырып үлгі, өнеге көрсетуте шақырған. Қайда жүрсең көңіл жұмсақ сыпайы болғын, Көре қалсаң мүсәпірді сырлас болғын. Махшар күні тәңірге жақын болғын, Менменсіген халықтан қаштым міне. Бұл хикметінде ақын адамдардың бір - біріне деген бауырмалдығын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін насихаттайды. Қ. А. Ясауи өзінің "Диуани хикмет" шығармасында Аллаһқа сүйіспеншілік мәселесіне ерекше мән берген. Осы әлемдегі өмірдің түйіні - Аллаһқа құлшылық ету, тәубеге келу, құдай жолына жанын пида ету секілді парыз міндеттерді суреттеп қана қоймай, оны іске асырудың нақты жолдарына да арнайы тоқталады. Аллаһ адамды махаббат сезімінен жаратқан. Мұсылмандық Аллаһты сүюден басталады және жалғасады. Сол себепті Қожа Ахмет: Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ, Болмайды Расул сөзін танып әлек,- дейді. Ақын өз өмірінен қорытынды шығарып, былай дейді: Бар дүние менікі деген сұлтандарға, Ғалам малын сансыз жиып айдағандарға. Өмірі сауық - сайран құрғандарға, Өлім неше бір опа қылмайды,- депосындай дүние - мүлік үшін жанын жалдап, арамдық, сұмдық, зұлымдыққа барған кісілерді аяусыз әшкерелейді. Оларды тәубеге келтіріп, иманды ету үшін ақын ең алдымен өз басындағы міндеттерді тізбелейді. Күрмеуге келмес қысқа жіптей аз күн жалғанда, нарықтық заман қыспағында Қ. А. Ясауи бабамыздың хикметтерінің маңызы зор. Егер әрбір пенде күнделікті өмір, күйбең тіршілік қам - қарекеттерін күйттеп, рухани ілім, білім, әдебиет, мәдениет мәселесіне мән бермесе, қазаққа еңселі елдік қайда, егемендіктен не пайда?! Дәуірлер, замандар көші алға озуда. Алайда, ата - бабаларымыздан қалған асыл сөз ешқашан көнермекемес. Мұндай асыл - мұралар, тарихи туындылар адамды тығырықтан шығарып, тұтқиылдан босатар, инабатшыл көңілдерге иман ұялатар мәнді шығарма. Бұл туындылардың түп төркіні, маңыздылығы ар - ұят аталған әлемдік жарасым әміршісі - Аллаһқа деген сенімде, шексіз махабатта жатыр. Тәртіптілік пен тәрбиелілік. Аллаһтың киелі ақжолынан бастау алған. Ұлы баба Қ. А. Яссауи хикметтерінің негізгі идеясы да осы
Қазақ даласына исламның таралуы діни білім мен араб тілін оқытып үйрету қажеттілігі негізінде мешіт, медіресе, кітапханалар салынып, осы іс - әрекетке тікелей әсер етуші түркістандық пір Яссауидің дана да, лара даналығы негізінде тәрбиелеу сопылық ілім қалыптасып, оқытып білім берудің сопылық педагогикасы салтанат құрып, сан миллиондаған ұрпақтардың білім алып, сауат ашып, жүрегіне рух нұрын құюда өлшеусіз өнеге көрсетті. Мысалы, ол кездегі қазақтар мекендеген Сыр бойындағы, Таластағы қалаларда, қыстақтарда - мектептер, медреселер болған. Олар негізінен араб жазуын үйренуге ден қойған. Ол кездегі араб жазуын үйрететін үлгілі мектептер Ташкентте, Түркістанда, Сауранда, Сығанақта, Отырарда, Сайрамда, Шымкентте, Созақта орналасқан. Бұл медреселерді ашуға Қожа Ахмет Яссауидің ұрпақтары, шәкірттері үлкен себепкер болған. Бұлардың барлығы Яссауидің адамгершілік, шындық, әділет сөздерін қадірлеп, бар өмірін білім дүние тануға, жұмсаған ғалымдар, халыкты надандықта қалдырмай, ілгері бастыруға ұмтылған адамдар. Қожа Ахмет Яссауидің өз ұрпақтары салдырған мешіт, медресе, мектептері Қаратаудың солтүстігіндегі Құмкент қаласымен қатарлас орналасқан. Олардың тарихи мазмұны халық аузында аңыз ретінде айтылады. «Шашті әзіздің» даңқы Құмкентпен қатар айтылады.(Ә. Марғұлан) Шариғат ілімдерін терең игертуге бағытталған дәстүрлі медреселер жүйесімен қатар діни білімді рухани тәжір - ибемен ұштастыруды, рухани кемелденуді мақсат еткен тариқат ұстаздары қалыптастырған рибат, текке, құжыра, забия, ханака секілді білім ордалары орта ғасырларда қазақ жерінде кеңінен тарады. Медреселер нақты мамандандыру жүйесі болса, аталған рух - ани білім ордалары рухты кемелдендіру жүйесі ретінде қызмет етті. Рухани ілімге деген халық сұранысы қазақ жерінде діни білім беру жүйесінің жартылай отырықшы, жартылай көшпелі тұрмыс - салтына тән өзіндік үлгілерін қалыптастырды. Соның ішінде ірі қалаларда жалғасын тапқан медреселер қызметімен қатар көшпелі жұрт арасында молда ұстап, бала оқыту дәстүрі де кең тарағанын атап айту қажет. Жаз жайлауда, қыс қыстауда жағдайлы отбасылар жалдаған молдалар қазақ балаларының хат танып, сауат ашуына ықпалын тигізді. Қазақ жомарт қолдаушыларының көмегімен ел ішіндегі діни білімді рухани тұлғалар да өз жүйесімен бала оқыту арқылы халықтың діни сауатын көтерді. Осындай рухани қайраткерлердің күш - жігерімен бертінде Сыр бойында атақты ахундар мектебі қалыптасты. Бір ғана Алдашбай ахунның мектебінде 2000 - ға жуық қазақ балалары білім алғаны туралы деректер сақталған. Мұндай мысалдарды қазақтың қай өлкесінен де келтіруғе болды. Мұның бәрі - қазақ сахарасына өзіндік өзгешелігі бар діни педагогиканы туғызды. Ең қызықты құбылыс ауыл молдаларының шағын мектебі құрылып, діни мектеп әулеттік мектпке араласып, діни педагогика мен әулеттік мектеп педагогикасы өзара қабысып, тәрбиелеу әдіс - тәсіліне діни қағидаттар мен ұстанымдар тіреу бола білді. Қазақтың тәрбиелеу үрдісінде сахих хадистер мен суннат, ислами тыйымдар мен бұйрық - тар алға шығып, ұрпақ тәрбиесін алға сүйретті. Иманипедагогиканың даму тарихында, жас ұрпаққа тәлім - тәрбие беріп, оларды өмірге дайындау үрдісі Ұлы Даланың Ұлық ұстаздарын туғызып, олардың өзіндік ілімін айшықтады. Қорқыт Атаның өсиетнамалық тәрбиелеу ілімі, Фарабидың моральдық - этикалық ілімі, Ж. Баласағұнидің Кісілік қасиет қалыптастыру ізгілік ілімі. Сондай - ақ, тәрбиелеу Абай ілімі -«Адам бол!» формуласы, кісілік филосо - фиясы, тәрбиелеу Шәкерім ілімі - ар - ождан ілімі, ақиқат философиясы, Яссауидің сопылық - моральдық ілімі, ислами - түріктік философиясы т. б. Осы қатарлы, ілімдер жинақтала келіп, қазақ педагогикасының шоқтығы биік бір саласы иманипедагогика болып орнықты. Бұл педагогиканың іргелі тарауы қазақтың ұстаздық ілімі. Осы ілімге де Яссауи бабамыздың қосқан үлесі орасан зор. Осының бәрін жинақтай келе Ахмет Яссауи бабамыз иманипедагогиканың әлемдік абызы деп мақтанышпен айта аламыз
Дереккөз:
1. Иасауи дүниетанымының құпиялары – Qojalar. kzkozhalar. kz›20186388 - iasaui - dunietanymynyng…
2. Досай КЕНЖЕТАЙ. «МЕНІҢ ПІРІМ – ИАСАУИ» abai. kz›post/11238
3. Қожа Ахмет Яссауидің сопылық философиясы... ppt - online. org›618094
4. Иасауи мұрасы және қазақ мұсылмандық түсінігіdinvko. gov. kz›…bayandamalar…zder/2014 - 06…
5. Иасауи дүниетанымының құпиялары – Qojalar. kzkozhalar. kz›20186388 - iasaui - dunietanymynyng…
6. Бейсенбай К., Нурматов Ж. Е. Қ. А. Ясауидің – діни философиясындағы «кемел адам» концепциясы // Молодой ученый. — 2017. — №7. 1. — С. 7 - 9.
7. Қожа Ахмет Яссауидің дуниетанымындағы Құранның... e - islam. tarmpu. kz›index. php…
8. Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі... kznews. kz› bilim/qozha - ahmet - j
9. Кенжетай Д. «Қожа Ахмет Яссауи дүниетанымы» – Алматы, 2008.
Қобдабай Қабдыразақұлы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама