Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 17 сағат бұрын)
Үй жануарлары
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық».
Бөлімдер: «Қазақ тілі», «Қоршаған ортамен таныстыру», «Мүсіндеу».
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік міндеттері: Үй жануарларының тіршілігімен және олардың адамдарға беретін пайдасымен таныстыру.
Дамытушылық міндеттері: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, сызба құру көмегімен үй жануарлары туралы сипаттауға, әңгіме құрауға үйрету.
Тәрбиелік міндеттері: Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу, жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы: Түйе - ботақан, жылқы - құлыншақ, сиыр - бұзау, қой - қозы, ешкі - лақ, сауыншы, жүн түтету, қамшы өру.
Билингвалды сыңары: Түйе - верблюд, жылқы - лощадь, сиыр - корова, қой - баран, ешкі - коза, сауыншы - доярка.
Көрнекіліктер: Үй жануарлары арналған ойыншық - қора, үй жануарлары ойыншықтары, шелек, сүт өнімдерінен алынатын тағамдар: сүт, қаймақ, айран, құрт т. б. көрпешелер, ыдыстар, сүрткіштер, үнтаспа, қамшы, жүн түткіш таяқтар, сызба құру суреттері.
Сахналық көрініс:
Құлын, лақ, қозы үшеуі кездесіп қалады. Олар ойын ойнамақшы
Болады. Лақ айтады:
- Келіңдер үшеуміз тастан - тасқа секіріп ойнайықшы – дейді.
- Қозы:
- Жоқ секіріп ойнаған қызық емес, одан да сүзісіп ойнайықшы.
Құлын тұрып:
- Жоқ, мен келіспеймін, сондай ойын бар ма, одан да жүгіріп жарысып ойнайықшы. Сонымен үшеуі ренжісіп келісе алмай, бет - бетімен кетіп қалады.
Жайлаудағы ашық алаң(үнтаспадан қазақша әннің даусы).
Қорада жайылып үй жануарлары (ойыншықтар) тұр.
Қонаққа келген балалар апасымен әңгімелесуде.
- Балалар бір - бірімен ренжісіп жүрген қандай жануарлар?
- Үй жануарлары.
- Лақ қалай ойнағанды жақсы көреді?
- Секіріп ойнағанды.
- Қозы ше?
- Сүзісіп ойнағанды.
- Құлын қалай ойнағанды?
- Ол жарысып ойнағанды жақсы көреді.
- Тағы қандай үй жануарларының түрлерін білесіңдер?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Сендер қыста қалай киінесіңдер?
- Ал жануарлар киім киеді ме?
Апа үй жануарларының жүндерімен таныстырады, оларды өзара салыстырады.
Ойын: «Жүн түтету, қамшы өру»
Қыздар мен ұлдар екі топқа бөлінеді. Қыздар жүн түтеді, ұлдар тобы қамшы өреді. Дайын болған жұмыстардан көрме ұйымдастырады.
Ойын: «Қошақаным өзің»
Еркелетіп сөйлеуге шақырады. Мына үй жануарлардың суреттерін таңдап алып, оларға жылы сөздер ойлап табыңдар.
- Мысалы: «сүйкімді қозым»
Сызба құру:
Апа балаларды киіз үйдегі көрпешелерге жайғастырады.
- Балалар енді кейбір малдардың пайдасын айта кетейік. Оны сызба көмегімен сипаттап береді.
сиырсүтайран,
қаймақ
май,
құрт
Сергіту сәті: «Жұптар ойыны»
Музыка ырғағы тоқтағанда жетекшінің көрсеткен белгісі бойынша жұптасып тұрады.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Мақсаты: Әрбір малдың суретінің астындағы қалташаға төлдерін тауып апарып салу керек.
Сыйлықты кезең ұйымдастыру:
Сауыншы апай жұмбақ жасырады:
- Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.(сиыр)
Көрме:
Үстел үстінде сауыншы апайдың сиырынан алған сүт өнімдерін көрсетіп, сүзбеден құрт жасауға балаларды шақырады.
Алдын ала әрбір үстелде, әр балаға ыдыстар, ылғалды қол сүрткештер, тақтайшалар дайындалған.
Соңында жасалған құрттарды мадақтап, келген қонақтармен қоштасуды ұсынады.
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа,
Сау болыңыз деп, айтамыз.
Күтілетін нәтиже
Жасайды: Үй жануарларының төлдерін дәл табады;
Олардың жүнін түтіп, қамшы өреді;
Сызба құру туралы сипаттайды, әңгіме құрайды.
Түсінеді: Үй жануарлар туралы, оның тіршілігі мен адамдарға беретін пайдасы туралы түсінеді.
Қолданады: Сүт өнімдерінен пайда болатын айран, сүзбе, қаймақ, құрт, қымыз, шұбат сөздерін қолданады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама