Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Информатика патшалығында (сыныптан тыс іс-шара)
Сыныбы: 8 «А», 8 «Б»
Сайыс тақырыбы: «Информатика патшалығында»
Сайыс мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, плакат, маркер

Сайыс кезеңдері:
1. Дешифратор
2. «Егер мен болсам...»
3. «Қазақстан – 2050»
4. Көкпар
5. Логикалық сұрақтар
6. Шығармашылық тапсырма

Барысы:
І тур. «Дешифратор» кезеңі
Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.
І командаға
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)
12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
13. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
14. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)
15. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)

ІІ командаға
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
11. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)
12. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)
13. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
14. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
15. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)

ІІ кезең
«Құпиялы сандықшадағы» сұрақтарға жауап беру. Топ мүшелері жауап береді.

Егер де мен болсам.......
Егер болсаң мамандықтың иесі.
Не істер едің бұл өмірде жүйелі.
Асыл тастан өнер жастан шығар деп
Бабам айтқан баба сөзі киелі.

Сұрақ. Тышқанның шаригі кірленіп жүрмей қалса не істер едің?
Ол үшін 8 зат берілген:
1. Табақтағы су.
2. сабын
3. орамал
4. парақ
5. спирт
6. мақта
7. отвертка
8. қайшы

Топ басшылары шығып заттарды көріп сұраққа жауап беруге тырысады. Қағаз, қалам алып өз ойларын жазады.
1 минут уақыт.
Жауабы: алдымен тышқан шаригін алып, оны табақтағы сабын суға жауып, орамалға сүртіп парақ бетіне әбден кепкенше қоямыз, ал тышқан ішін спиртке малынған мақтамен сүртеміз.

ІІІ кезең
Кім көп біледі. Әр топқа компьютерге байланысты өз ойларынша «Компьютер - 2030» деген тақырыпқа салынған суретті қорғайды.

ІV кезең
Келесі сайыс түрлі - айтыс
Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған оқушы мақтайды, келесі көк алған ойыншы даттайды. Тақта: «КӨКПАР» сөзі ілінеді.
Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Компьютердің зияны мен пайдасы.
1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.

V кезең.
«Логикалық сұрақтар»
Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай

• Елеуішпен су әкелуге бола ма?
• Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша?
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды?
• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
• Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

VI кезең. «Шығармашылық тапсырма»
Марапаттау
Бүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика патшалығында ” сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама