Интернет - 21 ғасырда жастардың санасын улап жатыр ма?
Интернет негізінен, дұрыс айтылып, жазылуы - ғаламтор. Қызық естіледі! Ия. Мәніне терең үңілсек ғаламтор, яғни ғаламдық тор. Компьютердегі ақпараттар мен құжаттарды, гипермәтіндерді байланыстыратын тор.
Интернет - ғаламдық тор. Интернет атауы - 1983 жылы берілген. Сол жылдан бастап осы уақытқа дейін пайдаланушылар саны 1,5 млрд адамнан асқан.
Заман ағымы - өмір талабы. Ғаламдық торға шырмалып, өзіміз сол әлеуметтік желінің жарқ-жұрқ еткен қызығынан шыға алмай жатырмыз. Жастардың көбі деп, жастарға бұл кінәні арта беруге де болмайды. Себебі, қазір еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін осы, әлеуметтік желінің тұрақты көрермендері. Ұйқысын аша салып, көзі жұмылғанша сол виртуалды өмірді қызықтап отырады. Ал шындығына келсек, виртуалды өмірдің бізге тигізер пайдасы мен зиянын білеміз бе?
Бірінші кезекте бәріне ұнайтыны, әлеуметтік желі пайдалы, барлық керек жарағыңды аласың, іші қызыққа толы. Әрине, бұл сөзбен келісемін. Әлеуметтік желінің пайдасы, біріншіден, көптеген достар табасың, «Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған демекші», алыс-жақын адамдармен сөйлесіп, сағынышыңды басасың; екіншіден, соңғы жаңалықтар, әлемде не болып жатыр барлығын сыртқа шықпай-ақ, жаңалықтар қарамай ақ біліп отырамыз; жай ғана естіп білмей-ақ пікірлерімізбен бөлісіп хат алмаса аламыз; үшіншіден, фильмдер, музыка және де кітаптардың электронды нұсқаларын алып оқуға, көріп тамашалауға болады; конспект, шығармалар, лекцияларды алыпоқуға да болады; төртіншіден, ең бастысы өзіңнің жеке бизнесіңді дамытуға мүмкіндік ала аласың, яғни онлайн түрде үйден шықпай-ақ ақша тауып, клиентермен алыс беріс жұмыстарын жасауға да өте пайдалы.
«Таяқтың екі ұшы бар»секілді, әлеуметтік желінің де тигізер зияны орасан зор. Біріншіден, өмірдегі ең құнды зат-уақытымызды зая кетіреміз. Бұл өмірде бәрінен ақылды-уақыт. Себебі, ол бәрінің сырын ашады, дертін жазады. Ал, босқа кеткен уақытты қуап алсаңда жете аламайсың; екіншіден, денсаулығымызға қауіп төнеді. Көздің көруі нашарлайды, омыртқа, арқа жолдарының ауырсынуы болады, миға зақым келеді, адамның тамаққа деген тәбеті нашарлайды. Үшіншіден, әлеуметтік желі адамды өзіне тәуелді етеді. Күндіз-түні вампир адам секілді виртуалды әлемнің қызығында ас-сусыз бірнеше сағаттап, ұйқтамай отыра береді. Бұл жағдай жастарымыздың арасында өте қатты белең алып тұрған мәселе. Төртіншіден, әлеуметтік желіден түрлі нәрселерді көріп қайталаймын деп, ақыр соңы қайғылы аяқталып жатады. Яғни, өзін-өзі суицидке итермелейді. Соңғы екі үш жыл турысында елімізде бірнеше нақты деректер тіркелді. Ата-анасынан жырақтап, сол әлемнің қызығында жүреді. Өте қатты агресивті күйде болады. Міне, пайдасы мен қатар әкелетін зияны қаншама?!
Жалпы айтқанда, әлеуметтік желі бізге қажет пе? Әлеуметтік желі қазір күннен күнге дамып келе жатыр. Біз оны пайдаланбаңдар деп, тиым сала алаймыз. Себебі, барлық табыс пен білімнің көзі, болашақтың қайнары деп әлеуметтік желіні атайды. Бірақ та, белгілі бір тәртіп арқылы пайдаланып немесе шағын күн тәртібін құрастырып қолдансақ өзімізге тигізер пайдасы жақсы болар еді. Керексіз заттарды қарап құр босқа уақыт өткізгенше, пайдалы жағына назар аударған жөн.
Бүгінгі күні жастардың арасында әлеуметтік желі кеңінен өріс алып тұрған мәселе. Жоғарыда айтып өткендей, пайдасы мен қатар зияны да баршылық. Жастар тәуелсіз елдің жарқын болашағы. Біз әлеуметтік желіні қызық үшін болмаса, уақыт кетіру үшін емес елге пайдасы тиетіндей заттарға жұмсауымыз қажет. Кітапты жан серігің етіп, ал, әлеуметтік желіні көмекші құрал ретінде пайдалансақ бұл бір керемет оқиғалардың ащылуына алып келер еді деп ойлаймын!
Гүлімкөз Орынгазиева