Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Интернет желісінің әлегі

Интернет қазіргі қоғамның көмекші құралына айналып үлгерді. Адам баласының тіпті бір күні де, интернет желісінсіз өтпейтін дәуренге келдік. Адамзат неге интернетке тәуелді болып қалды? Интернет желісінің адам баласына пайдасы мен зияны қандай? Қазақстандағы интернет желісінің жылдамдығы? Ондағы сапа қандай? Бүгін осы сұрақтарға жазау іздеп көреміз.

Ғаламтор жиырмасыншы ғасырдың соңында пайда болды.Ол қазір бізді жер шарының әр түкпірімен байланысып, ақпарат алуымызға үмкіндік беріп отыр. Интернет 1960-шы жылдары АҚШ-та қолданысқа ене бастады. Ғаламтор қолданушыларының саны 1990-шы жылдары шамасында күрт өсті. Ал 2000 жылы интернетке 5 млн компьютер мен 200 миллионан астам пайдаланушы қосылған. Сонымен ғаламтордың мүмкіндігі шексіз. Сізді қызықтыратын түрлі дүниелерді қиналмастан таба аласыз. Қош әлеуметтік желінің бізге берер пайдасын жетерлік естідік. Енді пайдасы мен зиянын таразылап көрейік.     

Алдымен пайдасына тоқталып өтейін. Жағандану кезеңінде адам баласы, өзін әр кез ұдайы дамытып, ізденіс үстінде болу қажет. Жаңа ақпараттармен танысып, бөлісіп, өз ойын сол ақпараттардан қортып шығаруы керек. Қазір біз кез- келген әлеуметтік желі арқылы, өз саудамызды жасай аламыз, яғни онлайн бизнес, танымалдыққа қол жеткізе аламыз, әлем елдеріндегі тың ақпараттармен өсіп, дами аламыз. Сіз мойындаңызшы тіпті бір күніңізді ғаламторсыз өткізсеңіз, тіпті бір ғасыр артта қалып қойғандай күйде боласыз ғой. Міне интернеттің құдіретті. Ал енді, зиян тұсындай айта кетейік. Себебі, таяқтың екі ұшы болды. Біз қазір соның терісін айтпақпыз. Қазір кішкентай жас өспірімдер ғаламтордың соңына түсіп, тіпті шығару бізге арман болып қалды. Көптеген ойын түрлерін жүктеу арқылы, біріншіден өз ойын, санасын улап, екіншіден босқа кетіп жатқан уақыт. Еңбектеп енді тілі шыға бастаған баланың өзі, телефонмен таңын атырып, түнін баттыратын халге жеткен. Бұл өтте қайғылы жағдай.

Қазақстандағы интернет желісінің жылдамдығы? Қандай? Бұл мағанда сұрақ. Жылда миллардтаған қаржы бөлініп жатырған бұл сала, әліде құлдырап тұр. Интернет сапасының нашарлауы тіпті Ресей мен Украина қақтығысынан кейін тіпті төмендеп кетті. Мейлі, барлығын бір қақтығысқа алып келіп тіреп қоюу жөне емес. Тіпті қаланың орталық көшелеренің өзінде интернет өтте әлсіз. Инстаграм желісіне бір история салуға кем дегенде бес минутың кетеді. Жарайды, бұл бөлек мәселе. Білесіздер ме? Бізді қазір 5G желісі бар, бұл желі 4G-дің екі есе жылдамдатылған түрі. Бұл желі қазір қолданыста. Бірақ біздің ғаламтор желісінің мәселесін әліде шеше алмады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында Түркістан облысында 5G желісі қосылған болатын. Бірақ шарапатын көріп жатқан халықты көрмедім. Биылғы оқу жылы басталғанда қыр кезіп, дала кезіп интернет желісін іздеп шар құрып жүрген ауыл тұрғындары туралы да жаңалық айдарланда талай жүрді. Тіпті, құлақ дейтін бұл нәрсеге үйреніп қалғандай. 

Құдайбергенқызы Ақерке


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама