Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Интернетке тәуелділік жаңа ғасыр дерті

Интернет — 21 ғасыр талабы. 

Интернет дегеніміз — дүниенің әр түкпірінен жиналған мәліметтер қоймасы. Әрине, бұл адамдарға өте пайдалы. Себебі, олар әлем жаңалықтары мен қоғамдағы өзгерістер жайлы бірінші болып ақпарат алады. Қазіргі таңда интернет біздің бір күніміздің кем дегенде 50%-ын алып жатыр. Бұл статистика күннен-күнге өсуде. Себебі, интернетке компаниялар мен қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. 

Әрине интернеттің бізге берер пайдасы көп. Алайда, оның зияны да аз емес. Ең бірінші зияны — тәуелділік. Интернет қолданушылардың 10%-ы осы тәуелділіктің құрбандары. 

Мәселен, 15 жылдың ішінде осы әлеуметтік желілерді қолданушылардың саны осындай:

Facebook қолданушылары — 3 млрд.

Twitter қолданушылары —1.3 млн.

Instagram қолданушылары — 1 млрд.

Еліміздегі статистика бойынша 6-15 жастағы балалардың 85%-ы, 16-74 жас аралығындағы адамдардың 89%-ы интернетте отырады.

Өңірлер бойынша интернет қолданушыларды қарастыратын болсақ, топ 3-тіктің көш басында:

Астана — 95,3%.

Павлодар мен Түркістан облысы — 94,6%.

Қарағанды облысы — 93,5%.

Ал тәуелділіктен арылу жолдары қандай? 

1. Телефоныңыздың негізгі бетінде тек қажетті бағдарламаларды ғана қалдырыңыз.
2. Күнделікті аз қолданатын, қажетсіз бағдарламаларды өшіріп отырыңыз.
3. Хаттар телефон бетіне келмейтіндей қойыңыз, бұл арқылы, телефоныңызға елеңдемейтін боласыз.
4. Ұйықтар алдында қоңырауды телефонға емес сағатқа қоюды әдетке айналдыру керек.

Тәуелділіктің тағы бір түрі — ойындар. Негізінен ойын ойнаған мүлдем дұрыс емес, ол адамның психикасына ауытқулар әкеледі. Оның үстіне қазір жөні дұрыс ойында жоқ, бәрі кілең атыс, төбелес, соғыс. Әрине, бұның барлығы баланың санасын улай отырып денсаулығын нашарлатады. Сондықтан мүмкіндігінше ойын ойнаудан аулақ болыңыздар, бұл сіздерді тәуелділік дертінен құтқарады. 

Сондықтан интернетке тәуелді болып қалмай, өз денсаулығымызды сақтап, барынша пайдалы тұстарын ғана пайдаланайық.

Орынбек Сабина


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама