Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 апта бұрын)
Инвесторлар үшін болашағы зор отын-энергетикалық компаниялар

 

Авторы: Елдар Шәкенов және Данияр Оразбаев, Freedom Finance Global компаниясының талдаушылары

Қазіргі заманда отын-энергетика өнеркәсібі мемлекеттердің экономикалық дамуы мен қоғамның әл-ауқатының негізгі факторларының бірі болып қала береді. Мұнай мен газды барлау мен өндіруден бастап электр энергиясын өндіруге дейін осы сегменттердің әрқайсысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және индустриалды өсуді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, таза энергия көздеріне жаһандық көшу және энергияны тұтыну тиімділігін арттыру инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Бұл мақалада біз отын-энергетикалық қорларды іріктеуді қарастырамыз, олар мұнай мен газ, көмір, уран және электр энергетикасын қоса алғанда, энергетика нарығының әртүрлі сегменттеріне инвестицияларға деген қызығушылық тудыруы мүмкін.


Мұнай және газ. Барлау және өндіру

APA Corporation (APA), (апсайд 26%) - шоғырландырылған еншілес компанияларға иелік етеді, олар АҚШ-та, Египетте және Ұлыбританияда мұнай мен табиғи газды барлаумен және өндірумен, сондай-ақ Суринам қайраңында мұнай мен табиғи газды барлаумен айналысады.

Инвестициялық тартымдылық факторлары

1. Орнықты қаржылық көрсеткіштер. 2023 жылы APA операциялық қызметтен келіп түскен 3,1 млрд доллар мөлшерінде таза ақша қаражаты, түзетілген EBITDAX 5,3 млрд доллар, еркін ақша ағыны 965 млн доллар алды. Бұл компанияның өз қызметінен айтарлықтай ақша ағындарын жасауға қабілетін көрсетеді.
2. Акционерлердің пайдасы. APA 2023 жылы акционерлерге 637 млн доллар немесе FCF-тың 66%-ын қайтарып, еркінақша ағынының кем дегенде 60%-ын қайтаруға тырысады.
3. Өндірістің өсуі. Компания мұнай өндірудің жалпы көлемінің былтырғы жылмен салыстырғанда 8%-ға ұлғаюына қол жеткізді, бұл ретте АҚШ-та мұнай өндіру 2022 жылғы IV тоқсаннан 2023 жылғы IV тоқсанға дейін 12%-ға өсті. APA АҚШ-та мұнай өндірудің 2024 жылы шамамен 8%-ға және 2023 жылғы IV тоқсан мен 2024 жылғы IV тоқсанға дейінгі кезеңде 10%-дан астам пайызға айтарлықтай өсетінін болжайды. Мұндай өсу траекториясы компанияның операциялық тиімділігін және одан әрі кеңейту әлеуетін көрсетеді.
4. Стратегиялық сатып алу. APA компаниясының Callon Petroleum компаниясын алдағы сатып алуы Делавэр өзенінің бассейніндегі бар активтерге ауқым қосады, операциялық аймақты кеңейтеді және синергетикалық әсерді әлеуетті түрде қамтамасыз етеді деп күтілуде.
5. Барлау және әртараптандыру. APA 700 млн баррельге бағаланатын Суринамдағы алынатын мұнай қорларын анықтау және Аляскадағы құрлық учаскелері мен Уругвайдағы екі теңіз блогын сатып алу арқылы өзініңгеологиялық барлау активтерінің портфелін ойдағыдайкеңейтті.
6. Күрделі тәртіп. APA 2024 жылға 1,9 млрд доллардан 2,0 млрд долларға дейін бөліп, өзінің барлау және өндіруге арналған күрделі бюджетінде тәртіпті сақтауды жоспарлап отыр.

 

Интеграцияланған мұнай-газ компаниялары

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (KMGZ), (апсайд 24%) мұнайды барлаумен, өндірумен, тасымалдаумен және өңдеумен айналысатын тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады.

Инвестициялық тартымдылық факторлары.

1. Тоқсандық түсім өсуді көрсетті. IV тоқсанда ҚМГ-ның жалпы түсімі 2022 жылғы осыған ұқсас тоқсанмен салыстырғанда 3,5%-ға өсіп, 2,2 трлн теңгені құрады. Жекелеген тоқсандық түсім жылына 16%-ға және ІІІтоқсанға қарағанда 4,1%-ға өсті. Шикі мұнай мен газдың сатылымы өсудің негізгі драйвері болды, одан келіп түсетін кірістер бір жылда 57%-ға, ал тоқсанда 8%-ға өсті.
2. 2023 жылы мұнай өндірудің өсуі. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (ҚМГ) мұнай өндіруі 2023 жылы 23,5 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6,9%-ға жоғары. Негізгі өсім Қашағанның арқасында болды, онда ҚМГ 2022 жылдың соңында жобадағы үлесін ұлғайтқаннан кейін компания үлесіне өндіру екі еседен астам пайызға өсті. Сондай-ақ Қарашығанақта өндіру ж/ж 7,2%-ға өсті.
3. 2023 жылғы соңғы тоқсан екі жыл ішінде ең жақсытоқсан болды. Тоқсандық мұнай өндіру 6,02 млн тоннаға жетті, бұл соңғы сегіз тоқсандағы ең жақсы нәтиже болып отыр. Негізгі операциялық активтерде мұнай өндіру 3,5 млнтоннаға жетті, бұл 2023 жылы ең жақсы нәтиже болды.
4. 2023 жылы көмірсутектер қорының өсуі. Көмірсутектер қоры 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша өсті. Дәлелденген қорлар ж/ж 4,4%-ға, мұнай эквивалентінің 486-дан 507 млн тоннасына дейін, ал «дәлелденген плюс ықтимал» (2P) қорлар мұнай эквивалентінің 707-ден 733 млнтоннасына дейін өсті. Мұнай өндірудің ағымдағыдеңгейімен бұл қорлар 30 жылдан астам уақытқа жетеді.
5. Мұнай тасымалдау өсуде және рекордтарға қол жеткізуде. Мұнай тасымалдау сегменті үшін 2023 жыл ойдағыдай болды. Мұнай тасымалдау ж/ж 7,6%-ға өсіп, 80,4 млн тоннаға жетті. Бұл кем дегенде 2015 жылдан бері ҚМГ үшін жаңа рекорд болып табылады. Негізгі өсім «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларының (ж/ж +8,7%), КҚК (ж/ж +8,1%) және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС танкерлерінің арқасында болды, олар 2022 жылмен салыстырғанда мұнайды 15%-ға көбірек тасымалдады. Сонымен қатар, IV тоқсан тасымалдау көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш болды. 21 млн тоннаға жуық мұнай жөнелтілді (ж/ж +7,2% және т/т +4,6%).
6. «Теңізшевройл» өндірісін кеңейту. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Chevron, ExxonMobil және «Лукойл» сияқты танымал серіктестермен бірге «Теңізшевройл» (ТШО) үлесінің 20%-ын иеленеді. 2025 жылы өндірісті кеңейту жобасының аяқталуы күтілуде, бұл оны жылына ағымдағы 28 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін ұлғайтады. Барлық мұнай өндіруден ТШО-ның үлесі 31%-дан 39%-ға дейін артады. ҚМГ-ға 2023 жылы ТШО-дан 427 млрд теңге дивиденд келіп түсті, бұл таза пайданың жартысына жуығын құрайды. Жоба аяқталғаннан кейін ҚМГ-ға әлдеқайда көп дивиденд келіп түседі, нәтижесінде олар тікелей ҚМГ акционерлеріне жіберілуі мүмкін.

Көмір өнеркәсібі

CONSOL Energy Inc. (CEIX), (апсайд 29%) - негізінен көмір өндірумен және шығарумен айналысатын жетекші әртараптандырылған энергетикалық компания. Пенсильвания тау-кен кешеніне (РАМС) және Itmann Mining Complex тау-кен кешеніне шоғырланған CEIX көмір шахталары мен өңдеу кәсіпорындарын басқарады, бұл оның көмір өнеркәсібіндегі маңызды ойыншы ретіндегі жағдайына ықпал етеді.

Инвестициялық тартымдылық факторлары.

1. Күшті қаржылық көрсеткіштер. CEIX түсім мен пайданың тұрақты өсуін көрсетеді, бұл GAAP бойынша 157,1 млн доллар мөлшерінде жоғары таза пайданыңкөрсеткіштерін және 2023 жылғы IV тоқсанда 239,9 млн доллар мөлшеріндегі түзетілген EBITDA көрсеткішінкөрінеді.
2. Еркін ақша ағындарын құру. 2023 жылғы IV тоқсанда ол 165,0 млн АҚШ долларын құрады.
3. Нарықтағы позицияны жақсарту. CEIX 2024 жылы 22,0 млн тоннаға және Пенсильвания тау-кен кешені (PAMC) үшін 2025 жылы 13,0 млн тоннаға, сондай-ақ Itmann Mining Complex үшін 2024 жылы 571 мың тоннаға келісімшарттар жасау арқылы нарықтағы жағдайын жақсартты.
4. Капиталды белсенді басқару. 2023 жылы компания бес млн-нан астам акцияны сатып алды, бұл оның акционерлік құнын ұлғайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.
5. 2024 жылға арналған перспективалар. CEIX Пенсильвания тау-кен кешені арқылы көмір сату көлемі 25,0-27,0 млн тонна және Itmann Mining Complex арқылы 600-800 мың тонна құрайды деп күтіп, 2024 жылға болжам жасады.

Уран өнеркәсібі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (KAP, KZAP) (апсайд 23%) - әлемдік өндіру үлесі 23%-дан асатын уран өндіру және жеткізу саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания негізінен кен орындарын әртүрлі халықаралық серіктестермен бірлесіп иеленетіндіктен, Қазақстанға жалпы алғанда әлемдік уран өндірудің 43%-ға жуығы тиесілі.

Инвестициялық тартымдылық факторлары.

1. 2023 жылғы рекордтық түсім: Компанияның 2023 жылғы түсімі рекордтық 1,43 трлн теңгені құрап, 43%-ға өсті. Табиғи уранды 39%-ға сатудан келіп түскен кіріс өсудің негізгі драйвері болды. Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап компания кірісі 91 млрд теңгеге жеткен байытылған уранды сата бастады.
2. Уран сату көлемі мен бағасының өсуі: 2023 жылы уран өндірісінің 2%-ға азайғанына қарамастан, компания уранды2022 жылға қарағанда 10%-ға көбірек сатты. Сонымен бірге, оны сатудың орташа бағасы 22%-ға өсті, ал орташа нарықтық баға 2023 жылы 25%-ға өсті.
3. Таза пайда мен маржаның өсуі: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың таза пайдасы 2023 жылы 20%-ға өсіп, рекордтық 419 млрд теңгеге немесе бір акцияға 1615 теңгеге жетті, бұл ағымдағы «баға-пайда» көрсеткішінің 11,3 х-ті құрайды. Жалпы маржа 2022 жылмен салыстырғанда 46%-дан 48%-ға, ал EBITDA 29%-ға өсті.
4. Дивидендтердің күтілетін өсуі: 2023 жылы ақша ағындарының ұлғаюын, сондай-ақ EBITDA-ға таза борыштың теріс деңгейін алуды ескере отырып, мүмкін болатын ең жоғары дивидендтерді төлеуге рұқсат етіледі.
5. Операциялық жоспарлар: Компания өндірісті 2025 жылға қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда мәлімделген деңгейге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
6. Уранның бағасы көпжылдық ең жоғары деңгейде: Былтырғы жылы уран бағасы 3,5 еседен астам өсті. Қаңтар айында олар бір фунт үшін 100 доллардан асты, бұл 2007 жылдың күзінен бері болмаған жағдай.

 

Электр энергетикасы

NextEra Energy, Inc. (NEE), (апсайд 16%) - электр энергиясын өндіруге, беруге және таратуға мамандандырылған жетекші америкалық энергетикалық компания. Ол әлемдегі ең ірі күн және жел электр станцияларына, сондай-ақ ядролық және газ электр станцияларына иелік етіп, басқарады.

Инвестициялық тартымдылық факторлары.

1. Сенімді өсу болжамы. NextEra Energy компаниясы (NEE) 2026 жылға дейін бір акцияға шаққандағы түзетілген пайданың жылына 6-8%-ға перспективалық өсуін болжай отырып, IV тоқсандағы түзетілген пайда мен түсімнің бұған дейін күткеннен жоғары көрсеткіштері туралы хабарлады.
2. Әр түрлі бизнес портфелі. 2023 жылғы IV тоқсанда компания жаңартылатын энергия көздері мен аккумулятор батареялары саласындағы рекордтық жобаларды іске асыра отырып, орнықтылықты көрсетті, бұл ұзақ мерзімді өсу перспективаларын арттырды.
3. Операциялық жетілдіру. 2023 жылы NextEra Energy Resources өзінің бэкблогына жаңартылатын энергетика және энергияны сақтау бойынша шамамен 9 мың МВт жаңа жобаны қосып, маңызды межеге жетті.
4. Күшті қаржылық перспективалар. Тоқсандық пайданың ауытқуына қарамастан, NextEra Energy компаниясының акциясына түзетілген пайда 2023 жылы бір жыл ішінде 9%-дан астам пайызға өсті, бұл жоғары қаржылық көрсеткіштерді көрсетеді.

Отын-энергетика өнеркәсібіндегі инвестициялар мұнай, газ және көмір сияқты дәстүрлі энергия көздерінен бастап уран өнеркәсібі мен жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, болашағы барбағыттарға дейін көптеген мүмкіндікті ұсынады. Осы саланың әртүрлі сегменттерінен акцияларды таңдау әлемдік энергетиканарығының өзгермелі үрдістеріне бейімделуге және энергиятасымалдауыш бағасының ауытқуымен байланысты тәуекелдерді азайтуға қабілетті әртараптандырылған портфель құруға мүмкіндік береді. Біздің шолуда ұсынылған компаниялар APA Corporation, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ-тан NextEra Energy, Inc. компаниясына дейінэнергетикадағы тұрақты бағыттарға да, сондай-ақ инновациялық бағыттарға қызығушылық танытатын инвесторлар үшін таңдаудың әртүрлілігін көрсетеді. Энергетика секторына салымдар геосаяси өзгерістерді, экологиялық бастамаларды, нарықтық трендтер мен циклдарды, сондай-ақ макроэкономикалық жағдайларды мұқият талдауды қажет етеді, бірақ дұрыс тәсілмен олар айтарлықтай кірісті қамтамасыз етіп, орнықты энергетикалық болашаққа көшуге ықпал ете алады.

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама