- 25 қар. 2015 00:00
- 253
Заманға қарай саз керек
"Ақшұнақ қоян" аталатын жұт жылы Ақтан үй-іші де азын-аулақ күнкөріс малынан айрылады. Ол Ойыл қаласына кәсіп іздеп барып, ноғай саудагеріне тері илеуге жалданады. Ақынды көрген біреу:
– Адайдың Ақтан деген ақыны осы ма? Бү да ештеңе емес екен ғой, тері илеп жүрген, – деп күлсе керек.
Сонда Ақтан айтыпты:
Айдынға үйрек, қаз керек,
Сұлуға құшақ, наз керек.
Жырға әуез бен саз керек,
Теріге пұшпақ баз керек.
Тері жаймай Ақаң не қылсын,
Заманға қарай саз керек.