Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту
ҚАЗАҚ ТІЛІ. Түзете – дамыта оқыту 4 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру. Зат есім туралы грамматикалық ұғымдарын кеңейту. Сөйлем ішіндегі зат есімді дұрыс танып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету.
Жаңа ұғым: деректі, дерексіз зат есім түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл - ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу.
Сауатты жазуға төселдіру, көркем жазуға тәрбиелеу. Ұжымдық жұмысқа үлес қосу үстінде өз бетінше ойлау, іздену әрекетіне баулу.
Сабақтың міндеті:
Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы зат есім туралы білімді еске түсіру.
Түзету жұмысы: Оқушылардың ойын дамытып, сөздік қорын молайту. Ұжымдағы шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, өзін - өзі тану.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ – жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы, тақырыпқа байланысты кесте, дидактикалық карточкалар, суреттер, плакатпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, кестелер, слайд

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
Бестік болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз
І. Қызығушылығын ояту.
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайталау. «Бұлар қай сөз табы?»
• 1. жарысады, түсінеді, ұмтылды, озды етістік
• 2. әдепті, көкшіл, кең, тәтті, тұнық сын есім
• 3. үш, жетінші, алтау, жиырма бес сан есім
VІ. Өткенді пысықтау.
«Гүл таңдау» ойыны
Сөз жұмбақ шешу
- адамның көру мүшесі (көз)
- «Ақкөл жағасында» деген әңгімеде көл жағасында балалармен кездескен кім? (Ахмет)
- сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата (түбір)
- нашар баға (екі)
- сандарды арттыратын математикалық амал (қосу)
- Астана қаласының қасындағы өзенді ата (Есіл)
- тышқанның жауы (мысық)
V. Жаңа сабақ: «Зат есім»
1. Күн ретін жазу.
1) 2. Көркем жазу. (С с әрпін дәптерлеріңе әдемі жазу).
2) 3. Сөздік диктант
Астана, қала, Алатау, тау, Жайық, өзен, Құлагер, жылқы.
3) Есіңе сақта!
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейді.
Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Зат есімнің негізгі, туынды, жекеше, көпше, жалқы есім, жалпы есім деген түрлері болады.
Кім? Не? зат есімнің жекеше түрі, кімдер? нелер? зат есімнің көпше түріне қойылатын сұрақтар.

БҚО, Теректі ауданы,
Подстепное ауылы,
Подстепный № 1ЖОББМ
Түзете дамыта оқыту сыныбының оқытушысы
Уразова Альфия Сатхановна
Зат есім. Түзете – дамыта оқыту. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама