Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру

Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10 - 20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар жиі кездеседі. 2002 жылғы мәліметтер бойынша олардың саны 93 болса, 2009 жылы ол 326 - ға жетті.
Психологиялық - медициналық - педагогикалық консультациялардың статистикалық мәліметтері бойынша Каннер синдромы бар балаларды жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3 - 4 есе көп.
Аутизмі бар балалар санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетілуінің қажеттілігін білдіреді. Яғни олардың жанүясының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті қажет етеді. Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оның құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Бірақ Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік - қоғамдық институттар аутист балаларға сапалы көмек көрсете алмайды.
Педагогтардың аутист балалармен жұмыс жүргізулерінің мамадандырылған біліктіліктері болмағандықтан, олар аутист балаларда арнайы білім беру ұйымдарында оқытудан бас тартады.
Көптеген аутист балалар үйде оқытылылады, ал бұл оларды құрдастарынан және әдеттегі қалыпты өмірден оқшаулайды.
Заңнама бойынша
Қазақстан Республикасының 11. 07. 2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңын іске асыруда дамуында ауытқушылығы бар балалардың диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, оқу - тәрбие үрдісін жан - жақты қарастырудың қажеттігі маңызды. Осыған орай мүмкіндігі шектеулі балаларды терең тексеріп, нақты диагноз қоюға, баланың жеке дамуы жағдайына байланысты тәрбиелеу мен оқыту мақсатында облыстық ПМПК жанынан:
а) күрделі ауытқушылығы бар балаларға;
б) эмоционалды ерік - жігерінде ауытқушылығы бар балаларға, оның ішінде баланың ерте жастағы бала аутизімі мен мінез - құлығында ауытқушылығы бар балаларға арналған екі ТДТ құрылды.
Аутизмнің анықтамасы.
1943 жылы доктор Л. Каннер алғаш рет бала аутизмін психикалық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеленеді. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оны ерте жастағы бала аутизмі деп аталды. Қазір оны Каннер синдромы деп те атаймыз.
Бала аутизмін айналасындағы адамдармен эмоциялық қарым - қатынасты орнатудағы үлкен қиындықтардан, тәртіптің қайталанатын, біртекті түрлерін үнемі қайталай беруге талпынуынан, белгілі бір объектілермен іс - әрекеттерге қатты берілуінен, сөйлеу тілін меңгеру мүмкіндігінің сақталғанымен, сөйлеу тілінің болмауы ( мутизм ) немесе сөйлеу тілінің адамдармен қатынаста пайдаланбауынан, басқа салаларда танымдық қабілеттерінің жақсы болуынан байқаймыз.
Л. Каннер бұл бұзылыстар ерте жастан екі жарым жасқа дейін байқалады деп есептеді, бұл кейіннен аутизмнің балалардың психикалық дамуының туа біткен және ерекше бұзылыстары деп айтуға мүмкіндік туғызды.
Бала аутизмі – бұл сан қырлы бұзылыстарға жататын, психологиялық дамудың өзіндік бұзылысы. Аутизмдегі әр түрлі ауытқушылықтардың арасынан бала аутизмі синдромының негізгі және міндетті үш белгісін ерекшелейді:
1. Қарым - қатынастың сапалы бұзылыстары;
2. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктің сапалы бұзылуы;
3. Тәртіптің стереотиптік түрлері.
Сәби жастағы немесе ерте жастағы бұзылыстарда биологиялық шығу тегіне және психикалық бұзылыстарға тән ремиссиясыз және асқынусыз тұрақты ағымы көрсетіледі.
Бала аутизмі психиканың барлық жақтарындағы: танымдық және эмоциялық аймақтағы, сенсорлық және моторлық дамудағы, сондай - ақ жоғары психикалық қызметтердің, еркін тәртіптің, сананың және тұлғалық қалыптасуындағы бұзылыстарда байқалады дизонтогенезді білдіреді.
Балалардағы аутизм бұрмаланған (асинхрондық) даму ретінде сипатталады, бұнда психикалық дамудың жеке жақтарының бірі уақытында, екіншісі алға кетіп, ал үшіншісі дөрекі тежеліспен даму мумкін, сонымен бірге олардың дамуы қалыптыларға да, тежелген онтогенезге де дәл келмейді.
Психолог О. С. Никольскаяның пікірі бойынша аутистік дамудың бұрмалаушылығы қабылдаудың күрделі формалары, қимылдағы икемділік, сөйлей білу мен көп нәрсені түсіну қабілеті кездейсоқ байқалған кезде де, бала өзінің мүмкіндігін шынайы өмірде, қоршағандармен өзара іс - әрекетте пайдалануға тырыспайтындығынан да байқалады. Бала аутизмінде дамудың қалыпты даму жолы жәй ғана бұзылмайды, ол қатты бұрмаланып басқа жаққа кетеді. Аутист балалардың әр түрлі әлеуметтік қызметтен алынған ақпарат пен дағдыларын үйлесімді түрде пайдалана білмеулері олардың ең негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Сонымен бірге мұнда егер аутистік өзіндік бұзылыстар баланың жасы келе тегістеле бастаса, ал әлеуметтік іс - әрекет, оның икемсіздігі, жағдайды түсінбеуі, еркін тәртіппен қызметтің жоғары түрінің бұзылыстары айқын байқала бастайды.
Аутизмнің этиологиясы(туындаудың себептері) мен патогенезі.
Бала аутизмін қазіргі кезде зерттеу бала аутизмінің туындауының көптеген себептері мен оның әр түрлі патологиялыр аяасында пайда болу дәлелдейді. Аутистік бұзылыстар әр түрлі туындаудың себептерінен болуы мүмкін
1. Эндогендік - тұқым қуалаушылық.
2. Хромосомдық абберрация және зат алмасудың туа біткен аурулары.
3. Экзогенді - органикалық этиологиясы орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы.
Аутизм классификациясы
Ауруларды халықаралық жіктеуде бала аутизмін және оған ұқсас бұзылыстарды жалпы психикалық бұзылыстарға жатқызады және олар төменде берілген үлгі бойынша жіктеледі:
Ғ84. 0. Бала аутизмі(аутистік бұзылыстар, бала аутизмі, бала психозы, Каннер синдромы)
Ғ84. 1. Атиптік аутизм(атиптік бала психозы, аутизм белгілері бар ақыл - ой дамуының кешеуілденуі енеді).
Ғ84. 2. Ретта синдромы.
Ғ84. 3. Бала жастағы басқа да дезинтегративтік бұзылыстар (бала деменциясы, дезинтеграциялық психоз, Геллер синдромы, симбиоткалық психоз).
Ғ84. 4. Ақыл - ой дамуының кешеуілденуімен және стереотиптік қимылдармен үйлескен гипербелсенді бұзылыс.
Ғ84. 5. Аспергер синдромы (аутистік психоапатия, бала жастағы шизоидтік бұзылыстары).
Ғ84. 8. Дамудың басқа да бұзылыстары.
О. С. Никольскаяның бала аутизмін негізгі топтарға жіктейтін психологиялық классификациясы.
Ғылыми жетекші: м. ғ. д., профессор Тебенова К. С., Исабекова А. Р.
Жалпы білім беретін мектеп жағдайындағы аутист балаларды түзете - дамыта оқытуды ұйымдастыру. жүктеу