x.com/ZelenskyyUa
- 05 мам. 2026 08:00
- 30
Зеленский жариялады: 6 мамырдан бастап тыныштық режимі
Украина президенті Владимир Зеленский 6 мамырдан бастап тыныштық режимін енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде хабарлады.
Мемлекет басшысының айтуынша, Украинаға әскери іс-қимылды тоқтату бойынша ресми ұсыныс түспеген. Ол адам өмірінің құндылығын ерекше атап өтіп, 6 мамыр күні сағат 00:00-ден бастап тыныштық режимін жариялады.
Ресей қорғаныс министрлігі 8-9 мамыр күндері Жеңіс күнін тойлауға байланысты Украинамен уақытша бітім жариялағанын хабарлаған болатын. Ресей тарапы Киевті де осыған ұқсас қадам жасауға шақырды. Алайда, Украина бұл ұсынысқа қатысты ресми жауап бермеген.