Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
0, 1, 2, 3, 4, 5 сандары туралы түсінік
ШҚО, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Кабдешова Клара Казтаевна

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау – оқу анасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың 0, 1, 2, 3, 4, 5 сандары туралы түсініктерін және 2, 3, 4, 5 сандарының құрамы жайындағы білімін тиянақтау,
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, сөйлеуін жетілдіру, зейін, таным қабілетін, тез есептеу дағдысын дамыту, ой қорытуға, тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, суретпен есептер шығару, есептеу, өз бетімен жұмыс, салыстыру, ойын, топтастыру
Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі қағаздар, дәптер, оқулық, тақта, А - 4, есіңе сақта: геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

2. Есіңе сақта! Оқушылардың зейінін тұрақтандыруға арналған жаттығу
2 – ойын. Қайталау – сөздің анасы
Қызығушылықты ояту.
Сөзжұмбақ шешу
1 2 3 4 5 6 7 8
Қ А Й Т А Л А У
• Ақ ұлпа (қар)
• Ең жақын адам (ана)
• Ай сөзіндегі ең соңғы дыбыс (й)
• 2 мен 2 – нің қосындысы (төрт)
• Ініден үлкен (аға)
• Ешкінің төлі (лақ)
• Әліппбидегі бірінші әріп (а)
• Дауысты да, дауыссыз да (у)

3 - ойын. «Кім жылдам?» Топтастыру стратегиясы
Геометриялық фигураларды топтастыру: шаршы, үшбұрыш, түзу, кесінді, төртбұрыш, тұйықталмаған қисық сызық.
Сергіту сәті
«Сағат бойынша достар»
• Қолын қысыңыз
• Арқасынан қағыңыз
• Күлімсіреңіз
• Қол бұлғаңыз
• Көзіңізді қысыңыз
• Қолпаштау сөз айтыңыз
• Бір тілек айтыңыз
• Әуемен сүюді жіберу
• Массаж жасаңыз
• Арқаны тигізу
• Құшақтаңыз
• Қол ұстасып 3 рет секіріңіз
Дәптермен жұмыс
Ал, балалар, 1, 2, 3, 4, 5 сандарымен таныспыз, енді осы сандарды қайталауға байланысты берілген тапсырмаларды орындайық. Дәптерлеріңнің 36 бет ашыңдар. Осындағы №1, 2, 3 тапсырмаларды өз беттеріңмен орындаңдар.
1, 2, 3, жинап бойға күш
Қолға қалам аламыз
4 пен 5 – ке жазамыз.
Математикалық жұмбақ.
Қазда да бар екі аяқ,
Құста бар екі аяқ.
Екеуін қосып санаса,
Болады сонда қанша аяқ? (4 аяқ)
• 4 санына байланысты оның қандай қасиеттерін білеміз?

*4 санына байланысты оның қандай қасиеттерін білеміз?
Төрт саны: төрт мезгіл, төрт түлік мал, төрт тұс.
Мынау қай сандар? - 1, 2, 3, 5. Осы сандардың қасиетттрі жайлы не білеміз?
Бір саны: 1 жыл, 1 апта. 1 күн, 1 бас, 1 мүшел
Екі саны екі құлақ, екі жұдырық, екі көз, екі аяқ, пар аяқ киім, қос.
Үш саны: үш би: Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би.
Бес саны: бес асыл іс, бес қару, бес жұлдыз, бес саусақ,
6 - ойын «Ойлан, тап!» ойыны
Қосынды мен айырмаларды бөліп орналастыр. Қосу мен азайтудың компоненттерін атаңдар.
7 - ойын. Санамақ айту. «Өз орныңды тап» ойынын ойнау. Санамақтағы сандар бойынша сандар өз орындарына тұру. Тура және кері санау.
1 саны
Достар мені бір дейді
Қарайды да бүйдейді.
Мұқтажсың сен қол аяққа,
Ұқсап тұрсың таяққа.
2 саны
Мен екімін балалар,
Алаңғасар жалқаумын.
Алатыным екілік,
Басын шайқап өкініп.
3 саны
Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы,
Шідерлі аттай тұсалыып
Жүр біреулер үш алып.
4 саны
Достарым мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді.
Қуанады анасы,
Төрт алғада баласы
5 саны
Бірінші досым – Берік.
Екінші досым – Ерік.
Үшінші досым – Үсен.
Төртінші досым - Түкен.
Бесінші досым – Бестай.

Екі қолымда да бес саусақ.
Жетпейді оған еш саусақ.
Бір мен екі алмаңдар,
Үшке сеніп қалмаңдар
8 - ойын. « Көршісін тап» ойыны
Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта.
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан - жаққа?

Үндемес ойыны

2 * 3
5 * 5
3 *5
2 * 1
3* 5
0 * 1
2 * 2
0 * 4

Рефлексия
Өткір болсаң ұтарсың,
Тапқыр болсаң табарсың.
Оқысаң өрге басарсың,
Жауабын жылдам табарсың.

Қорытынды: Сандарды шығарып алу тәсілдерін еске түсіріңдер және атаңдар. «Сан - заттарды санаудың, ұзындықты өлшеудің, қосу және азайту амалдары нәтижелерін сипаттайды», - деген пікір дұрыс па? Түсіндіріңдер және мысал келтіріңдер.
Аружанда бес шар бар еді, Ол Әдияға 1 шар берді. Аружанда неше шар қалды? Сендер оны қалай білдіңдер?
Жұптасып тапсырманы және оның жауабын көрсетіп береді.
Бағалау. « Басбармақ» әдісі бойынша өздерін бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама