Асыл әжем
Сабақтың тақырыбы: Асыл әжем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ән үйрету арқылы әннің мазмұнын түсіне білуге, сөздерін анық айтып, ырғағына ере білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Ертегі - ойын арқылы есте сақтау, музыканы зейін қоя тыңдай білу қабілетін, танымын, эстетикалық талғамын дамыту;
3. Тәрбиелік: Балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Үлкенді сыйлауға, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Цинтезатор, үнтаспа, мини диск, компьютер, қуыршақ. т. б.
Сабақтың әдісі: Қуыршақ театры, ертегі - сабақ, сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету, т. б.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар залға марш музыкасымен кіреді. Амандасу, музыка ырғағымен адымдап жүру, жүгіру, қапталдап секіру, қос аяқтап секіру т. б. бір қатарға тұру.
- Балалар, бүгінгі сабағымызға апайлар қатысып отыр. Бізге шуағын төккен «Күнмен», қайырымды «Жер анамен», мейірімді «Аспан атамен» және қонақтармен амандасайық.
Армысыз қайырлы - Күн!
Армысыз мейірімді – Жер ана!
Армысыз қайырымды - Аспан ата!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
- Отыра қойыңдар, енді балалар дауыс жаттығуын жасаймыз. А - а - а - а, ля - ля - ля - ля - Бұл қандай ән «Құттықтаймын мама туған күніңмен» (әнді хормен қайталату)
- Балалар, білесіңдер ме, қазір қай мезгіл, қай ай? Дұрыс айтасыңдар. Қазір қыстың соңғы айы ақпан. Күн жылып келеді. Алдымызда көктем мезгілі, аналар мерекесі келе жатыр. Сол кезде осы әнді аналарымызға айтып береміз. (Біреудің жылаған даусы естіледі)
- Балалар, тыңдаңдаршы, біреудің жылаған даусы естіледі, естіп отырсыңдар ма? - Бұл қуыршақ екен. Қуыршақ қыз, саған не болды?
- Мен әжемнен адасып қалдым. Менің атым Мерей. Мен әжемді табуым керек.
- Әжең қайда еді? Қалай адасып қалдың?
- Менде сендер сияқты қыз едім. Бірақ тентектеу болдым. Әжемнің айтқанын қылмадым, түсте ұйықтамайтынмын. Енді міне, әжем қатты ренжіп жоқ болып кетті. Ал, мен қуыршаққа айналып кеттім. Мен тәртіпті, ақылды болып әжемді тапсам бұрынғы қалпыма келер едім.
– Балалар, қандай аянышты. Қуыршақ қызға қалай көмектессек екен?
– Балалар, сендердің әжелерің бар ма?
- Әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
- Әжелеріңе көмектесесіңдер ме? Әрине, әжемізге көмектеспесек болмайды. Олар қайырымды, сендерді өте жақсы көреді. Қуыршақ қыз, сен енді мұңайма. Біз саған көмектесеміз.
– Балалар, біз әже туралы «Асыл әжем» әнін үйреніп айтып берсек, әжесі ренішін ұмытып, оралатын шығар.
Ән үйрену: «Асыл әжем» композитор: Н. Тілендиев
(Өзім орындап көрсетемін. Әннің сөзін қайталату. Үйрету)
- Балалар ән ұнады ма? Қуыршақ саған ше? Жәй айтыла ма, тез айтыла ма? Әннің әнін жазған Н. Тілендиев аталарың. Нұрғиса Тілендиев - дарынды күйші, талантты композитор, домбырашы.(Суретін көрсету)
- Балалар, мына суреттерге қараңдаршы? Мүмкін қуыршақтың әжесі кездесіп қалар. (Компьютерден суреттер көрсету) Бұл кімнің суреті? Әженің, қыздың, ананың... Балалар, мен сендерге бір ән айтып беремін. Жақсылап тыңдап кімге арналғанын ажыратамыз, келістік пе?
Ән тыңдау: «Анамызға мың алғыс»
Балалар, ән сендерге ұнады ма? Сөзіне мән беріңдерші, кім туралы айтылған?
- Көңілді ме? Ырғағы қандай, тез бе, жай ма?
- Ал, мына ән таныс па? Апатайым – анашым. Композиторы кім?
Қане кім айтады? Ер балалар келе қойыңдар. Жарайсыңдар балалар.
- Қуыршақ қыз, сен әлі ренжіп отырсың ба? Саған қалай көмектессек екен?
- Балалар, қуыршақтың әжесін анау ұшып бара жатқан құстар көрген болар? Бұлар қандай құс, атын білесіңдер ме? Қарлығаш? Ол қандай құс өзі? Қайда ұя салады?
- Ой, енді есіме түсті. Олар мейрімді ақылды құстар. Адамға дос.
- Қарлығаштар, сендер қуыршақ қыздың әжесін көрсеңдер сәлем айтыңдар. Ол енді тентек болмайды, әжесін сағынып отыр.
Балалар орнымыздан тұрып, қанатымызды жайып ұшайықшы. (Сергіту минуты).
Ата - бабамыз қызды қарлығашқа теңеген. Біздің әдемі де әсем биші қыздарымыз қанаттарын самғап, халық әні «Қарлығаш» әніне би билеп берсін. Солай ма қуыршақ.
- Жарайды, мүмкін қарлығаштар әжемді көріп сәлем айтатын болар.
Ырғақты қимыл: «Қарлығаш» биі;
- Қуыршақ қыз, саған биіміз ұнады ма?
- Ұнады, менде билей аламын. Бірақ әжем көргенде ғой.
- Балалар, олай болса біз «Ізде» ойынын ойнайықшы. Мүмкін қуыршақтың әжесі табылып қалар.
«Ізде» ойынын ойнату.
(Сол кезде есікті қағып Марал әже кіреді).
Әже: саламатсыңдар ма балалар! Менің қызымды көрдіңдер ме?
- Саламатсыз ба Марал әже! Көрдік, мінекей (Қуыршақ «әже - әже» деп айқайлайды).
- Қой менің қызым қуыршақ емес. Мерейім ақылды тентек еді, қайда жүр екен? (Осы уақытта оқыс дыбыс естіліп, Қуыршақ Мерей атты қызға айналып кетеді де, жүгіріп келіп әжесін құшақтай алады).
- Қызым - ау, қайда жүрсің? Менің сені іздемеген жерім жоқ.
- Рахмет қарақтарым. Сендердің ән салған дауыстарыңды естіп келіп едім. Қызымды таптым. Сендерге бауырсақ пісіріп әкелдім. (Қорытындылау).
- Рахмет әже. Топқа барған соң жейміз ғой. Біз сізге арнап ән салдық, би биледік, ойындар ойнадық.
- Жарайсыңдар балалар, қандай ән айттыңдар? Қандай би биледіңдер? Қандай ойын ойнадыңдар?... Бәрекелді, рахмет! Өте жақсы, өнерлі балалар екенсіңдер. Өркендерің өссін!
- Сау болыңыз әже!
- Ал, балалар, сендер аналарыңның, әжелеріңнің, апайларыңның айтқанын қыласыңдар ма? Жақсы көресіңдер ме?
- Олай болса, менің қолымда үлпілдеген жеңіл мақта бар. Үп етсең, ұшып кеткелі тұр. Ол көзге көрінбейді. Сендер мамаларыңа жақсы тілектеріңді айтып, бір - бірлеріңе беріңдер. Соңынан оны аспанға ұшырып жібереміз. Сонда біздің тілегіміз қабыл болады.
Балалар тілектерін айтады.
- Ата - анамыз аман болсын!
- Ешқашан ауырмасын!
- Нанымыз көп болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Бәріміз аман болайық!
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабаққа бәрің де жақсы қатыстыңдар. Сау болыңдар.
«Адай» күйімен балалар залдан шығады.