1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)

Ашық тәрбие сағаты «Елбасы еңселеткен Елорда»
Мақсаты: 1. қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев - тұңғыш президент»
Біздің Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев
Әнұран орындалады.
1 - Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
2 - Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Саламат сен қалай ойлайсың, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2 - жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың арқасы. Нұрсауле сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 21 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?
1 - Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?
2 - Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін тыңдайық.
1 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата - бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата - бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. деп Н. Ә. Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.
1 - жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2 - жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың - құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл - қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
І жүргізуші: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
ІІ жүргізуші:
Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
І жүргізуші: Шықты тарап ой - данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
ІІ жүргізуші: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда) жүктеу