ult.kz
- 01 мау. 2026 23:31
- 16
Актер Рүстем Жаныамановтың тұңғыш ұлы өмірден озды
Қазақстанның танымал актері Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова ауыр қасіретке ұшырады. Отбасының тұңғыш перзенті, ұлдары Нұрмұхамметтің өмірден озғаны туралы қайғылы хабар бүгін белгілі болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде жариялап, марқұмның жақындарына көңіл айтты. Бұл жаңалық өнер әлемі мен көпшіліктің арасында үлкен күйзеліс тудырып, актер отбасының қайғысына ортақтасуда.
Ұзақ жылға созылған күрес
Бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова ұлдарының денсаулығына байланысты қиындықтармен бетпе-бет келгендерін жасырмай айтып жүрген болатын. Ерлі-зайыптылар бірнеше рет берген сұхбаттарында ұлдарының ауыр диагнозымен 5-6 жыл бойы күресіп, оның сауығуына бар күш-жігерін салғандарын жеткізген еді. Алайда, тағдырдың жазуына шарасыздық танытып, бүгін сүйікті ұлдарынан айырылып қалды.