Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
1 қазан – қарттар күні!
1 қазан – қарттар күні!

Жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
1 қазан – қарттар күні!
Жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын ата - апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
Бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтауға сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ә. Ж. Достановаға берейік.

Жүргізуші: Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыз.

1 ) Ән: «Ақ әжем»
Жүргізуші: Балалар әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:
Жүргізуші: Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен! Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!
Жүргізуші: Ата көрген оқ жонар
Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға «Қамажай» биімен қыздарымызды шақырамыз.

2) Би: «Қамажай»
Рахмет сендерге, балалар!

3) Тақпақтар
Жүргізуші: Ал сендер аталарың мен әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?
Ілияс:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
Мағжан:
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Алла берген ұл - қызың,
Маңдайдағы жұлдызың.
Қариясы бар адам,
Дариясы бар адам.

Дәулет:
Ата үлкен кәріміз,
Қуат берген дәріміз.
Әуелете аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.

Н. Қолғанат:
Шай ішетін қоюлап,
Жақсы көрем атамды.
Сырмақ сырған оюлап,
Жақсы көрем апамды.
Сұлтан:
Ұл қызына ерген
Немерең біз әже
Немерелеріңнен өрген
Шөбереңбіз әже.

Рахмет балалар! Тақпақты қалай жақсы айтасыңдар!
Жүргізуші: Күн нөсерін төгейік
Жырдан моншақ өрейік
Уа жамағат ал енді
Әнге кезек берейік

5) Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші: Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.
6) Би: «Тентегім»
Жүргізуші: Балалар сендердің аталарың қандай?

7) Тақпақтар
С. Қолғанат:
Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
Жомарт:
Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем.
Анам үшін, мен үшін,
Нағыз әжем, тіл әжем.

Жанболат:
Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
Әділет:
Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.

Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге балалар.

Жүргізуші: Жүректен кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар

Жүргізуші: Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үлкен сый бар бізге
Өзің берген батадан. деп бүлдіршіндеріміз аталарына «Ойыншықтар» биін арнайды.
9) Би: « Ойыншықтар»
Біздің бүлдіршіндеріміз қандай өнерлі! Рахмет сендерге!

10) Тақпақтар:
Жанель:
Әжем менің шешіре
Көп ертегі біледі
Сыртта жүрген кезінде
Бізді ойлап жүреді
Жансая:
Менің әжем ақ әжем
Ақ жаулықты жан әжем
Ақыл айтқан дан әжем
Ертегісі дар әжем
Мадияр:
Күлімдеген көзіңнен
Айналайын атажан
Не үлкен сый бар бізге
өзің берген батадан

Мира: Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн алыста, ал әжем,
Ылғи менің қасымда.
С. Ақерке:
Ақ жаулықты әжемді
Ай - нұрына теңедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін
Айша:
Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар
Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар
Кәнеки би бастаңдар
Ата - әжелердің көңілін.
Бір көтеріп тастаңдар.
Бүлдіршіндерді қазақтың «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.

11) Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Гүл - гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Бәріміз бүлдіршіндерімізді «Біз бақытты баламыз!» әнімен қарсы алайық.

12) Ән: «Біз бақытты баламыз!»
Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар. Қабыл алыңыздар!
Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы
Мухамбетова Жулдуз

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама