- 05 нау. 2024 03:41
- 233
8 саны және цифры
Математика
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларды 8 саны және цифры мен таныстыру. 8 санын шығарып алу жолдары мен оның сандар қатарындағы орны туралы түсінік беру. Өздігімен жұмыс жасауға баулу. 8 цифрын дұрыс, әдемі жазуға үйрету.
2. Дамытушылығы: Математикалық түсініктерін, ой - өрістерін кеңейту. Ауызшы есептеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, жинақылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, көрнекілікпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары, суреттер, қима қағаздар, көкөністер, жемістер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Көңіл - күй ахуалы. Ынталандыру.
Оқушылар көздерін жұмып отырады және мұғалімді мұқият тыңдайды, әрбір сөз тіркесінің соңғы сөзін хормен айтады.
- Біз сабақта.....(отырамыз)
- Біздің көзіміз зер сала қарайды, барлығын.....(көреді)
- Біздің құлағымыз мұқият тыңдайды және барлығын... (естиді)
- Басымыз жақсы... (ойлайды)
- Біз сабаққа... ( дайынбыз)
ІІ. Психологиялық дайындық
Кәне, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Сабағымыздың ұраны: Есеп білмейтін адам,
Түк сезбейтін надан
- Балалар, бүгін біз пойызбен «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз, онда қызықты тапсырмалар орындап, математикалық ойындар ойнаймыз.
Пойызбен бару үшін не алу керек?
- Билет алу керек.
- Билет алу үшін, оқушылар мұғалім көрсеткен сандарды атап, вагондарға отырады.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
а) Ендеше, балалар өткен сабақтар бойынша қаншалықты ұққанымызды ортаға салайық.
- Біз сандар әлеміндеміз.
- Кәне бірінші тапсырманы орындайық.
1. «Шатасқан сандар» ойыны.
Сандарды өсу ретімен қою.
2. 0 - 7 - ге дейін тура, кері санату.
ә) – Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Салыстыру
- Нені салыстыру?
- Өрнек пен санды
- Өрнектерді салыстыру.
- Қосу амалының компоненттерін ата
- Азайту амалының компоненттерін ата
ІҮ. Мақсат қою
- 7 санынан кейін қандай сан?
- 7 санынан кейін 8 саны
- Біз бүгін сабақта нені үйренеміз?
Ү. Жаңа сабақ
Ой қозғау. Жұмбақ шешу.
Бұл санға да ол үлгі
Қар адамы кәдімгі,
Қыс түссе болды аулада
Келтіріп тұрар сәніңді,
Бір ғана саған тапсырма,
Үшінші басты жапсырма.
Бұл қандай сан? (8 саны)
- Балалар аспанда ұшып келе жатқан нелер? (көгершіндер)
- Нешеуі ұшып келеді? (7 - еу)
- Қараңдар, тағы нешеуі ұшып келеді? (1 - еу)
- Балалар, көгершін қандай құс? (Бейбітшілік құсы)
- Біздің елімізде тыныштық пен бейбітшілік болсын!
- Кәнеки, балалар барлық көгершіндерді санап көрейікші.
- Қанша шықты? (8)
- Осы суретке қарап, өрнек құрастырайық
- 7 санына 1 санын қоссақ 8 саны шығады.
7+1=8
8 санынан 1 санды алсақ 7 саны шығады.
8 - 1=7
- Сандар қатарында 7 - ден кейін қандай сан келеді?
- 8 саны
- 8 саны неге ұқсайды?
(көзілдірікке, екі допқа, бантикке, балапанға, аққалаға)
- 8 саны қандай сандардан артық?
8>7, 8>6, 8>5, 8>4, 8>3, 8>2, 8>1, 8>0
8 саны қай сандардан кем? 9, 10сандарынан
- 8 саны және цифрының жазба түрін көрсету.
Сегіз саны құрылған,
Қос дөңгелек шеңберден.
Үлкен шеңбер үстіне,
Кіші шеңбер жанасқан.
- Санына байланысты қандай мереке бар? (8 - наурыз)
- 8 - наурыз қандай мереке? (аналар мерекесі)
8 саны және цифры. жүктеу