Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 31 минут бұрын)
«13 жасымда Алматыға алып келді»: Қарақат Әбілдина өнерге жол ашқан ағасын еске алды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Қарақат Әбілдина өнер жолына қалай келгенін және оған кімнің себепкер болғанын айтып берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ағасының қолдауымен Алматыға келді

Әншінің айтуынша, оның шығармашылық жолын бастауына ағасы Қажет Әбілдиннің үлесі зор. 13 жасында Жезқазғаннан Алматыға алып келіп, оқуға түсірген ағасының арқасында бүгінгі танымал әнші Қарақат Әбілдина қалыптасқан.

«Биыл шығармашылығыма 25 жыл толып отыр. Арманымды орындау үшін мені 13 жасымда Алматыға алып келіп, оқуға түсірген – Қажет ағам. Бүгінгі сахнадағы ғұмырымның бастауына себепкер жанның бірі. Егер Қажет ағам мені сол кезде Алматыға алып келмегенде, қазіргі Қарақат болмас па едім, кім білсін?!» - дейді әнші.

Отбасының қолдауы – басты күш

Қарақат Әбілдина өзінің тұлға болып қалыптасуына отбасының, әсіресе анасының тілеуінің қабыл болып, бүгінде 25 жылдық сахна өміріне айналғанына ризашылығын білдірді. Ол өмірі мен тағдырына шүкіршілік ететінін жеткізді.

Жаңалықтар

Жарнама