Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 33 минут бұрын)
1414 нөмірінен келген SMS: Ата-анаңызды неден сақтандыруыңыз керек?

Соңғы кездері Алматы қаласында 1414 нөмірінен келетін SMS хабарламалар арқылы алаяқтық әрекеттер көбейіп кетті. Бұл жағдайлардың құрбаны, әсіресе, қарт адамдар жиі шалынады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы полициясының мәліметінше, алаяқтар адамдарды қорқытып, психологиялық қысым жасайды. Олар SMS арқылы код алған соң, банк, пошта, салық немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болып хабарласып, адамдарды арнайы қосымшаларды орнатуға немесе сілтемелерге өтуге мәжбүрлейді. Мәліметтеріңіз ұрланған немесе дереу ақша аудару қажеттігін айтып, сендіреді.

Алаяқтардың әдістері

Алматы қалалық полиция департаментінің киберқылмыстармен күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаевтың айтуынша, бұл тек психологиялық айла. «1414 нөмірінен келетін SMS арқылы несие алу мүмкін емес, банктердің өздерінің қорғау жүйелері бар», - дейді ол.

Қарт адамдар жиі мынадай жолдармен ақшасынан айырылады:

Сақ болудың жолдары

«Ең басты ереже – ешкімге, тіпті банк немесе полиция қызметкерімін деп таныстырғандарға да, жеке деректеріңізді, картаңыздың реквизиттерін немесе кодтарды хабарламаңыз. Ақпаратты өз бетіңізбен тексеріп, психологиялық манипуляцияларға ермеңіз», - деп атап өтті Әнес Қалдыбаев.

Бұған дейін құқық қорғау органдары Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақстандықтардың жаппай алдануы мүмкін екендігі туралы ескерткен болатын.

Жаңалықтар

Жарнама