Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
15 қараша Ұлттық валюта - Теңге күні

Алғаш рет қазақстандық теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді. Сол уақыттан бұл күн ресми түрде Ұлттық валюта күні ретінде аталып келеді.  Бұл мақалада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге туралы қызықты фактілерді атап өткенді жөн көрдік. Теңге – Қазақстан аумағында бірден-бір заңды төлем құралы болып табылады. Теңгенің графикалық кескіні «теңге» сөзі басталатын, танскрипциясы «т» дыбысын білдіретін, ежелгі түркі әліпбиінің символы болып табылады. Сондай-ақ, ұлттық валютаның өз белгісі бар.

Алғашқы теңгелер Германия мемлекетінде соғылғаны тарихтан белгілі. Олар жезден  (мыс, никель және мырыш қорытпасынан) жасалған. 1998 жылы Өскемен қаласында «Қазақстан теңге сарайы» ашылу салтанаты өтті.  Қазақстанда теңгенің енгізілген кездегі бағамы 1 теңге = 500 рубль қатынасында (1 долларға 4,75 теңге) болып белгіленді. Теңгенің американдық валюта - долларға қатысты айналымы алғашқы жылы 10 есеге әлсіреп, 1994 жылы 16 қыркүйекте  1 доллар - 47,05 теңгені құраған болатын. Банкноттың алғашқы эскизін 1992 жылы Т. Сүлейменов жасаған. Эскизде Әл-Фарабидің портреті бейнеленіп, алғаш рет «теңге» сөзі жазылғаны мәлім. Алғашқы қағаз банкноталары, яғни 1, 3, 5, 10 және 20 теңгелік номиналдар авторы-  О. Митюхин екенін бірі білсе, бірі білмейді. Ең алғашқы банкноттарда: әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр хан, Абылай хан сияқты тұлғалары бейнеленген. Банкноттардың бірінде тұңғыш Президенттің бейнесі бейнеленуі мүмкін еді, бірақ Н.Назарбаев бұл нұсқаны құптамаған. Алғашқы банкноттарды Лондондағы Harrison&Sons фабрикасы басып шығарған. Жаңа ақшаны Қазақстанға жеткізу үшін 4 ИЛ-76 ұшағы қажет болды, олар өте құпия жағдайда Оралдан Лондонға және кері 18 рейс жасады. Осы тапсырыс нәтижесінде Harrison&Sons даңққа және жоғары марапатқа - Ұлыбритания патшайымының Алтын белгісіне ие болды. 2011 жылдан бастап ұлттық валютаның төртінші буыны қазақстандықтардың қолына тие бастады. «Самұрық» сериясына 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 теңгелік банкноттар кіреді. Олардың бір жағында «Қазақ елі» монументі мен көгершіндер бейнеленген. Келесі бетінде суретшілер Елорда панорамасы, Алматы панорамасы, Ертіс өзені мен Үстірт бейнелері орналастырылған.

Сонымен қатар, қазақстандық ақша әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі болып табылады. Үш жыл қатарынан ол әлемнің үздік ақшасы қатарында 2011, 2012-2013 жылдары 10 мың, 5 мың және 1000 теңгелік банкноттар болғаны белгілі. Айта кетерлік жайт, теңгенің мәтіндері екі тілде көшірілген әлемдегі жалғыз валюта.

У.М.Джолдыбаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Д.А.Кесик  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама