- 12 қар. 2020 00:00
- 218
Аға
Жабай қызғалдақты көп жұлды. Бөркінің маңдайына да, жағасына да қыстырып алды. Көктемнің тұңғыш гүліне қуанды. Жөңкілген мөлдір сағымның арғы жағында орман мұнартады. Уысындағы бір топ сарғалдақты мандайына қойып, күн жаққа қарап тұр еді, дөң астынан бір топ трактор шыға келді. Кабинадан басын шығарып алған жас жігіт күліп келеді. Колын созып бірдеңе дейді. Трактор тоқтады. Жабай қызғалдақты ұсына берді. Биікке қолы жетпеді. Тракторшы жігіт қарғып түсіп, шоқ гүлді алды. Бетіне басып иіскеді де, еңкейіп баланы құшақтады.
— Көп жаса, балақай! Менімен бірге жер жыртуға барғың келе ме?
Жабай басын изеді.
— Несі бар, кеттік ендеше!
Тракторшы Жабайды көтеріп апарып, жұмсақ орындыққа отырғызды да, ричагтарды қозғап қалды. Трактор жұлқып ала жөнелді. Жабай терезеден сыртқа қарады. Трактор сұмдық шапшаң келе жатқан сықылды.
— Кәне, балақай, танысып қоялық. Менің атым — Рафик. Татарстанпан келдім. А л сенің атың, кім?
— Жабай.
— Міне, біз танысып алдық. Оқисың ба?
— Жоқ.
Трактор дөң үстіне шығып токтады. Бұл жерден бүкіл дала көрінеді екен. Далада ақ селеу толқиды. Рафик артындағыларға дауыстады:
— Осы жердей бастаймыз, дайынсыңдар ма?
— Дайынбыз!
Әлгінде ғана тыныш жатқан боз дала үстінде жалпақ қара жол қалып жатыр. Жабай қопарылған қара шымдарға таңданады. Рафик алғашқы із тартылып болғанша мойын бұрған жоқ, тіл де қатпады. Аспан түстес көк көзін қиян шеттегі жалғыз ағаштан аудармады. Нысанадан ауытқыса, жол қисайып кететін сияқты.
— Міне, біз болашақ егіндіктің шетіне шықтық, — деді Рафик, көңілденіп. Трактор кейін бұрылды. Бұйра жал боразда қатары кеңейіп келеді.
— Қап, ойыма келсеші! — деді Рафик, бір кезде санын бір соғып. Сонан соң нан, конфет алып, Жабайдың алдына қойды.
— Ал, Жабай!
Жабай бір түйір кәмпитті аузыпа салды.
— Рафик, жо-жоқ, Рафик аға.
— Иә?
— Татарстаннан келдім дедіңіз ғой, Татарстан алыста ма?
— Иә, алыста.
— Ым. Мен секілді інілеріңіз бар ма?
— Менде іні де, аға да жоқ...
«Өзі зерек екен» деп, Рафик сүйсіне қарап еді, Жабай қалғып отыр екен. Рафик, басына бешпетін жастап, жұмсақ орындыққа жатқызды. Сөйтті де, қаннен қаперсіз ұйқтап кеткен сәбидің маңдайынан сипады.
Жабай кешке Рафикті үйіне ертіп келді. Қатты қобалжып отырган Оспан қарт пен Салиха кемпір қуанып, бәйек боп жүр.
— Құлыным-ау, қайда жүрдің? Сені іздеп бармаған жеріміз жоқ.
— Мына Рафик аға екеуміз жер жырттық! — деді Жабай, сорайған ұзын жігіттің санынан құшақтап.
Сол күннен бастап жұрт Рафикты Жабайдың ағасы деп атап кетті.