Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
17 жаста үш аптада қалай миллион теңге табуға болады?

Даниял Умбеталов — Алматы қаласының тұрғыны. 18 жаста. Жас болғанына қарамастан оның компаниясы бар. Атамекен ұйымдастырған жас кәсіпкерлер байқауында үздіктер қатарынан көрініп 505 000 теңге грантқа ие болды. Біз жас кәсіпкермен сұхбаттасып Даниялдың 7 жастан бастап қалай ақша тапқандығын, компания құрудағы қиындықтары және өмірін өзгерткен еңбек жайлы сұрап білдік.

Кәсіпкерлікке келуі жайлы

Кәсіпкерлік салаға келуіме себепші болған нәрсе — энергетик. 7 жасымда энергетик сатып алғым келді. Бірақ ақшам болмады. Ал ата-анам энергетик зиян деп қаражат бермеді. Бір нәрсеге тыйым салса сол затты алғың келеді ғой. Солай ақша табудың жолдарын іздедім. Осылайша жеті жасымда видеокассеталар сатып бастадым. 11 жасымда оқушыларға арналған жапсырмалар (наклейка) саттым. Біз типографиядан оқушыларға ұнайтындай түрлі нұсқаларын басып шығарып қызықты жобалар жасадық. Осыдан кейін шарға көштім. Қаланың парктеріне барып шардан әртүрлі фигуралар жасап сол жақтағы отбасыларға саттым. Солай сатумен айналысып жүргенмін.  Бір күні достарыммен бірге Шымбұлаққа барғым келді. Алайда олармен бірге баратындай қалтамда ақшам жоқ. Ал әке-шешем маған соншалықты ақша бере алмады. Не істерімді білмей отырып алып қалай ақша табуға болатындығын ойландым. Ойлана келе миыма бір идея келді. Менің техникалық білімім бар сәйкесінше компьютермен жақсы жұмыс істей білемін. Осы қабілетімді пайдаланып мектептерге барып компьютерлеріне бағдарлама (программа) орнатып беретіндігімді айтып қызметімді ұсындым. Солай ең алғаш 30 000 теңгемді жинап e-mail жіберілім (рассылка) жасадым. Солай күндер өтіп 15 жасымда «18-ге толғанға дейін миллион табамын» деп алдыма мақсат қойдым. Биыл наурыз айында 17 жасымда 3 аптаның ішінде 1,5 млн теңге таптым. Қалай десеңіз, инфомаркетингтен арқылы. Инфомаркетинг — бұл Е-майл жіберілім (рассылка) мен серіктестің тауарын сатудың қосындысы. Мен клиенттер базасын жасап серіктестердің тауарларын MR-жіберілім (рассылка) бойынша саттым. Оған қоса сол аралықта «Яндекс.Директ», контекстік және таргетингтік жарнамалар жасауды үйрендім. Бұл интернет бизнес болды. Өз-өзіме жұмыс істедім. Мен ол кезде ЖОО тұрмақ, әлі мектепті бітірмегенмін. Бұның бәрін ғаламтордан өз бетімше үйрендім. Үйде отырып алып, телеграм канал ашып, курстарды жүктеп алып оқыдым. Интернет бизнес саласында өзіме керекті дағдыларды өз бетімше солай үйрендім.

Біраз уақыттан кейін типографиялық қызметпен айналысуды шештім. Соның ішінде кең тараған — басып шығарумен айналыстым. Себебі маған типография саласы ұнайды. Біз постер жасадық, мерекелерге арналған баннерлер басып шығардық. Сыртқы жарнамамен шұғылдандық. Ақша түсті, бірақ көп емес еді. Кәсіп жүргізіп отырғандықтан «Атамекен» жобасына қатысып көруді жөн көрдім. Жоба аясында бизнес жоспар әзірлеп, оны қалай дұрыс құру керектігін меңгердік.

Speed digital agency веб-дизайн студиясы  

Осы жаз айында Атамекеннің «Жас кәсіпкер» байқауына қатыстым. Бұл байқау жайлы инстаграмнан көрдім. Байқауға бүкіл Қазақстан бойынша 2000 жуық адам қатысты. Егер мемлекет сенің шынымен де ақша тапқың келетінін көретін болса онда саған ақша бөледі. Мен бұл байқауда 505 000 тг көлемінде грант ұтып алдым. Сол Атамекен жобаларының бірінде білікті программист пен SMM маманымен таныстым. Біз бірігіп Speed digital agency веб-дизайн студиясын аштық. Мен сатылымға ал олар өнімге жауап береді. Бұл ақшаны бизнесті дамыту үшін жаңа техникалар алуға жұмсаймыз. Әрі қарай да қол астыма қызметкерлерді жалдап, клиентке күшті эффект жасау үшін жарнамаға көп көңіл бөліп, соған бюджетті жұмсаудамын. Атауына тоқталсам, біздің компанияның ұстанымы бұл — мерзім, сондықтан speed. Біз сайт, мобильді қосымша, телеграм бот жасаймыз, сайтқа дизайн, копирайтинг қызметін ұсынамыз. Сонымен қатар контекстік және таргетингтік жарнамамен де айналысамыз.

Мен клиентиерді үш тәсілмен тартамын. Бірінші контекстік жарнама. Екінші таргетингтік жарнама. Ал үшінші әртүрлі бизнес шеберлік сағаттары мен семинарлар. Спикерлер өзің жайлы айтуды сұрағанда мен өнімді таныстырып сайт жасаумен айналысатынымды айтамын. Сонда 100 адамның ішінде міндетті түрде екі адам маған келеді.

Қиындықтары жайлы

Мен тапсырманы бөлуді үйренбедім. Жұмысты менен артық ешкім орындамайды деп ойлайтынмын. Бірақ бір кезде шаршап ешнәрсеге үлгермейтінімді түсіндім. Сондықтан қол астыма қызметкерлер алдым. Өз ісінің маманы болған адамдар бар, олар сыртынан көрініп тұрады. Біз келісім-шарт жасасқанда ең қиыны олардың маған жұмыс істейтіндігін айту болды. Маман өз жұмысын жақсы істей алғанымен өнімді өткізіп сата алмады. Сондықтан да фриланста көп қаражат таппады. Ал мен адамдармен байланысып келісе аламын. Солай біз-бірімізді таптық. Қазіргі уақытта менің кәсібімдегі кедергілер — компаниямның танылмағандығы ғана. Әзірге осы. Осы мәселені шешу үшін инстаграмды дамытып жатырмыз.

Биыл мектепті бітірдім. Университетке түспедім. Жоспарымда жұмыс істеу. Әзірге университетке тапсыру жоспарымда жоқ. Тіпті ойламаймын да. Себебі білім беру жүйесі ескірді әсіресе бизнес үшін ескірген деп есептеймін. Егер университет бітірген маркетолог пен мені салыстыратын болса біздің арамызда кәдімгідей үлкен айырмашылық бар. Мен практикпін әрі сата аламын. Бәлкім, теорияны білмейтін шығармын. Бірақ жұмыста клиентке теория емес практика қажет.
 
«Бүгін басқалар қаламаған нәрсені жасасаң, ертең басқалар сүре алмайтындай өмір сүресің»

Істеуге қорқып, өмір бойы өкінгенше істеп көріп оған өкінбеу керек. Бүгін басқалар қаламаған нәрсені жасасаң, ертең басқалар сүре алмайтындай өмір сүресің деген сөз бар ғой. Сол сөз маған күн сайын мотивация береді. Ең алғашқы кітап яғни оқығаннан кейін кәсіпкер болуға ой тастаған кітап Роберт Киосакидің «Бай әке, кедей әке» еңбегі. Бұл еңбек менің өмірімді өзгертті. Ал ең сүйікті кітабым «Вавилондағы ең бай адам». VQTeens кәсіпкерлік қауымдастығына кіремін. VQTeens — бұл жас кәсіпкерлерге арналған орта. Біз әр сенбі сайын тренингте кездесеміз. Нарықта бизнес тренерлер көп. Мен VQTeens тренингтеріне ғана қатысамын.

Оқуға кеңес береміз:

Роберт Киосакидің пікірінше Актив пен Пассив деген не?

«Вавилондағы ең бай адам» кітабы

Соңғы қоңырауға дейін байып үлгерген 7 оқушы
 
Болашаққа жоспарым қаржылық тәуелсіздікте өмір сүру. Мен үшін қаржылық тәуелсіздік деген ол менің отбасым ешнәрседен мұқтаждық көрмейді. Мен спарталық жағдайда өскен болсам, ал менің балам оқуы мен дамуы үшін қалағанының бәрін ала алатын болады.

Қания Табыс


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама