- 01 қар. 2019 00:00
- 1954
Әкеге тілек құттықтау
Жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп ұзақ жасай беріңіз. Осы жасқа келгенше жұрт тамсанарлық істеріңіз көп-ақ. Алдағы уақытта осы істеріңіздің жемісін көріңіз.
Біз сізбен мақтанамыз, марқаямыз!
Ең тамаша сөз бұл өмірде «Әке» деген,
Суыққа бір шалдырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына.
Алаңсыз сауық-сайран, шалқып жүрміз,
Біз бүгін әкелердің арқасында.
Әкешім, жүреміз біз бір өзіңді арқаланып,
Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық.
Жүзге жет жүзің жарқын, денің сау боп,
Оны да аман-есен қарсы алалық.
*** *** *** ***
Асқар тау тірегім — Асыл әке...
Біз — көлдің сәні құрақпыз.
Сіз — сөздің басы сұрақсыз,
Біз — өміріңіздің байлауы, соңыңыздағы тұрақпыз.
Сіз — таудың шыңысыз, Папа!
Біз — сіз еккен баудың гүліміз.
Кілеміңіздің өрнегі сынды ұл-қыздарыңыз,
Папа!
«Әке — балаға сыншы» деген,
Өзіңізге мәлім қылығымыз бен тіліміз!
Үйіміздің шуақты нұры аяулы анамыз болса,
Бәріміздің шырқап айтар ән-жырымыз — асқар тау — Папа, сізсіз! Ақылшы тірегіміз де Өзіңізсіз!
Бүгінгі ұлы жиыныңызбен сізді шын жүрегімізбен құттықтап, ұл-қыздарыңыз, немере-шөберелеріңіз ұзақ ғұмыр тілейді.
*** *** *** ***
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Құттықтап келді бүгін боталарың.
Әрқашан анамызбен аман болып
Тең көріңдер бала-шаға қуаныштарын!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Арқа сүйеп еркелейтін асқар тауым!
Ерекше қайталанбас даралығың
Өміріме жол сілтейді даналығың!
Айналайын жан әке, жасыл бағым!
Тілеймін өзіңізге Жамбыл жасын.
Бақ-даулет, береке, ырыс болып
Сиынған ата бабам әруағы қолдасын!
*** *** *** ***
Адамгершілігімен, азаматтық іс-әрекетімен айналасына қадірлі болған, кісілік пен кішілік нұры тұла бойынан төгіліп тұрған сіздей ардақты әкемізді әрдайым мақтаныш етеміз!
Өмір жолында адаспау үшін білімді болуға, еңбексүйгіштікке үйреткен, жамандықтан сақтандырып, пана болған өзіңіз! «Балам, «көргенсіздің баласы» деген жаман атаққа қалма. Адал жүріп, тұр! Қолыңнан келсе жақсы іс жасап, алғыс ал» деген өсиетті құлағыма құйып тәрбиелеген де өзіңіз! Сіздің осындай тәрбиеңіздің шарапатын көп жерде көрдім, өмірден өз орнымды адаспай табуыма көп көмегі тиді. Сол үшін сізге мәңгі қарыздармын.
*** *** *** ***
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Жан әке, үйреткен Сіз ерлікті де,
Ұғындық Сізге қарап елдікті де.
Жүреміз жалғызсырап дәстүріңді,
Дарытып дархандықты, кеңдікті де.
Жан әке, бүгін той ғой ән салатын,
Шаттыққа толы болсын әр сағатың.
Атыңды асқақ біз ұстаймыз,
Болашақ мерейтойлар салтанатын.
*** *** *** ***
Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,
Таси берсін әманда ырысыңыз.
Немереңнің келіні сәлем етіп,
Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.
*** *** *** ***