- 05 нау. 2024 01:25
- 229
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Кенесары Қасымұлы бастаған, қазақ шаруалары қатысқан көтерілістің мақсатын, жеңілу себептерін, тарихи маңызы туралы түсінік беру, баяндау.
Дамытушылығы: Оқушылардың бойындағы қазақ халқының тарихын тереңірек оқып - үйренуге, оны саналықпен түсінуге үйрете отырып, олардың қабілетін жан - жақты дамыту.
Тәрбиелілігі: Білімділікке, батырлыққа, өжеттілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, тест, баяндау.
Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет,
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, буклет.
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Карточкалық сұрақтар:
1. 1812 жылғы соғыстың басталуы туралы хабарды қазақтар қалай қабылдады?
2. Қазақ жауынгерлерінің негізгі шайқастарға қатысуы жайлы айтып беріңдер?
3. Қазақтардың 1812 жылғы соғысқа қатысуы екі халықтың әскери ынтымақтастығына қалай әсер етті?
ІІІ. Жаңа сабақ.
ХІХ ғасырдың 20ж қарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірінің бір жағы Қоқан бектерінің билігінде болды. Тіпті орта жүздің бір бөлігін өзіне қаратуға тырысқан Қоқан билеушілері қазақтардан алым - салық жинап, берекесін кетірді
ХІХ ғ 20 - 30 жж Хиуа хандығы да шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бірнеше бекініс тұрғызды. Сауда керуендерін тонаған, қазақтардың тыныштығын алған хиуалықтар жорығының салдары ауыр болды.
1822 ж Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың шаруашылық жағдайын мүлде құлдыратып жіберді. Отаршылдық қанауға қарсы адуынды қазақтардың күресін Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы (Кенесарының ағасы) басқарды. Кенесары 1824 жылдан бастап ағасы Саржанның көтерілісіне қатысты. 1836 ж Саржанды Қоқан ханы өлтірді, 1840 ж әкесі, бауырлары қайтыс болды.
Патша үкіметінің Жаңа Елек бойына әскери шеп сала бастауы, Кіші жүзде би Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталуы себеп болды. ХІХ ғ 30 - 40 жж қамтыған ең ірі халықтық сипаты бар көтеріліс басшысы – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802 - 1847 жж)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.