Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
№ 188 орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Орынбаева Гүлбану Абубакировна
Қысқа мерзімді жоспар

Қазақстан тарихы 8 сынып
Тақырыбы: 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.
Оқу мақсаты: Отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін, ол қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары екенін көрсету; Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыстың басталуы туралы білімдерін толықтырады.
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады
Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен амандасып, түгелдеймін.
Ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аударамын.
Әр топқа бағалау парағын таратамын.
Оқушыларды түрлі стикермен 3топқа бөлемін.

Білу
«Көпір» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
1. Қазақстандықтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы?
2. Қазақтарды Жайықтың ішкі жағына жіберу туралы жарлық туралы айт?
3. Жарлық нешінші жылы шықты?
4. Шекара шебіндегі қазақ балаларын щоқындырудың қандай себебі болды?
5. Соғыс жылдарында қазақтардың қандай көмегі болды?
6. Бородино шайқасында ерлік көрсеткен қазақ?
7. Хорунжий шенін алған қазақтар -?
8. М. И. Кутузовтың қолынан награда алған шоқынған қазақ?

Негізгі бөлім. Түсіну
«Ойлан, топтас, талқыла» топтық жұмыс. Оқулықтағы мәтінді топта талқылап, плакатқа түсіреді. «Галерея әдісі» постер қорғайды.
І топ. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
ІІ топ. Ханның алым - салық және сауда – саттық саясаты.
ІІ топ. Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары
«Пилот - навигатор»әдісі жұптық жұмыс. әртүрлі тапсырмалар

А деңгей
1 Кенесары қашан хан сайланды? (1841ж)
2 Х1Х ғ 20 - 30 жылдары Хиуа хандығы қандай қысым көрсетті? (Шекті, Тобыл, Төртқара, Байұлына)
3 Отаршылдық қанауға қарсы, қазақтардың күресін кім басқарды? (Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы)
4 Кенесары Қасымұлы көтерілісі қай уақытта, қай аймақты қамтыды? (1837 - 1838 жылдары, бүкіл Қазақстанды қамтыды)
5 Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата? (Шеген, Қанқожа, Уәлиұлы, Таны, Тортайұлы, Айғаным ханым )

В деңгей. «Даталар сөйлейді»
1 1803, 1805, 1841 жылдар - (Кенесары қолы Ташкентті алды)
2 1838 жылы -
(Кенесары отряды Ақмола бекінісін тұтқиылдан шабуылдады)
3 1835, 1842жылдары -
(Сібір әскери шебінен жіберілген Сотников тобы Кенесары
жасақтарына қарсы шабуыл басталды)
4 1843 жылы тамыз айы - (Ор бекінісін қайтарып алды)
5 1844 жылы шілденің 20 - нан 21 - не қараған түні -
(Кенесары Қасымұлы ірі жеңіске жетті).

С деңгей «Кесте толтыру»
Көтерілістің басталу себептері
Көтерілістің мақсаты
Көтерілістің басты қозғаушы күші.
Көтеріліс қамтыған аймақ
Көтерілістің тарихи маңызы

Қорытынды бөлім
Талдау. Жинақтау
«Өзіңді тексер» Сөзжұмбақ «Кенесары».
1. Абылай ханның ісін жалғастырушы ұлттық батыр тұлғаны ата.
2. Сырым батыр бастаған көтерілістің аумағы.
3. Кенесары көтерілісін қолдаған рулар.
4. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама, ақ мешін» апаты қандай әнді туғызды?
5. Кенесары тобы Ұлы жүзге қай жақтан келді?
6. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан ханым.
7. Туған жерді азат етуге біріккен қазақ батырларының бірі.
8. Патша үкіметі отарлауды жалғастыру үшін, қай өзендердің бойына бекіністер салды?

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама