Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әке мен бала. Ыбырай Алтынсарин
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы,
№30 Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Даулетова Толқын Қуандыққызы

Ана тілі пәніне арналған сабақ жоспары. 1 - сынып.
Тақырыбы: Әке мен бала. Ы. Алтынсарин.
Түрі: Дамытпалы сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың негізгі үш мақсаты:
1. Білімдік: Оқушыларға сахналық көрініс арқылы мәтінді таныстыра отырып, көргені бойынша әңгімелеуге, дұрыс сөз тауып, орынды қолдануға үйрету. Тапқырлыққа баулу, көргенін түйіп айту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуін, танымдық қабілеттерін дамыту. Оқу және жазу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Жаман әдеттен аулақ болуға, қанағатшылдыққа, ақылды, тіл алғыш болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портреті, кеспе сөздер, ребус, схемалар, тест, жұп қолғаптар, мақалдар, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта (тақырып бойынша суреттер).

б) Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқыту.
в) Ой қорыту. Өмірмен байланыс.
- Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
(Еріншек болмай, әкенің айтқанын орындау керек еді)
г) Ой толғаныс. Сын тұрғысынан ой қозғау
І топ: Дискуссия
Әкесі қандай адам?
Әкесіне ұқсағыларың келе ме?
ІІ топ: Пікір.
Сендерге бала ұнады ма? Неге ұнамады?
ІІІ топ: Ситуация.
Егер сендер баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?

д) Қорытындылау.
Мақалдармен таныстыру.
1. Еріншектің ертеңі бітпес.
2. Еріншек екі істер.
Осы мақалдың қайсысы мәтінге сәйкес келеді, тапқызу, дәлелдету.

Сергіту сәті.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.

е) Дәптермен жұмыс.
49 - жаттығу
(Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар. Жұп дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар)

IV. Бекіту.
І топ:
Венн диаграммасын құру.
Әкесі
Баласы

ІІ топ: 1. Әке деген кім? Ол туралы не ойлайсыңдар?
Әке

Қамқоршы
Асыраушы
Жанұя тірегі
Қорғаушы
Ақылды
Сабырлы
ІІІ топ:
Мәтіннен әкесінің баласына айтқан ақыл сөзін тауып оқыңдар.

ә) Тестік тапсырма.
1. «Әке» сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
а/ 2 ә/ 3 б/ 1
2. Ата балаға сыншы.
Еріншек екі істер.
Сөйлемдер төменгі қай сызбаға сәйкес келеді?
а/. ә/. б/
3. Жіңішке дауысты дыбыс қатарын тап.
а) а, ә, е, о, ы, і; ә) ә, е, ө, ү, і; б) а, о, ұ, ы;
4. Жуан айтылатын сөздердің астын сыз:
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
5. «Еріншек» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
а/ 7 дыбыс, 7 әріп
ә/ 7 дыбыс, 6 әріп
б/ 6 дыбыс, 7 әріп

V. Бағалау.
Оқушылардың бірін - бірі бағалауы арқылы, білімдерін
бағалап, мадақтап, жұлдызшалар беремін.

VI. Үйге тапсырма:
Мәтін «Әке мен бала» түсініп оқу, мазмұндау, мақал жазу, жаттау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама