Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
2 саны және цифры.
Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры.
Мақсаты:
Білімділік: 2 саны туралы түсініктерін қалыптастыру. 0 - ден 2 санына дейінгі сандарды ауызша тура және кері санауға үйрету.
Дамытушылығы: Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақтада жасалған
тапсырмалар, кеспелер, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн, біз сүйкімді баламыз!
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз.

ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Балалар біз өткен сабақта қандай санмен таныстық?
- 2
- Екі саны неге ұқсайды?
- Аққуға.
Қане бәріміз орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті
1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
«5»- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін біз саяхатқа шығамыз. Біздің ауылымыздың аты қалай аталады?
- Есбол.
- Ауданымыз қалай аталады?
- Индер ауданы.
Бүгінгі сабақта ауылымыздан шығып Индер ауданына саяхатқа барамыз.
- Саяхатқа бару үшін біз не таңдап алуымыз керек?
- Көлік.
- Қане қандай көлік түрімен барғанды ұнатасыңдар? ( балалардың жауабы)

- Енді көліктің жүргізушісі Ернұр болады.
- Балалар, көлікте отырғанда қандай ережелерді сақтауымыз керек?
- Тыныш, тәртіпті.
- Бізді кім бақылап отыр?
- Гай қызметкері.
Балалар, бізге әр аялдамаға келгенде үлкен тапсырмалар беріледі, сол тапсырмаларды орындап Индер ауданына жетуіміз керек. Балалар әр ауылдың тұсына келгенде біз жол тазалығын сақтауымыз керек.
І ші біз қайдан шығамыз. Өзіміздің ауылымыздан. Есбол аялдамасында бізге мынадай тапсырмалар беріліпті.
І тапсырма жұмбақты шешу. Біз жұмбақты шешсек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.
Жұмбақ.
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағын,
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын. (2)
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 2 саны екен.
ІІ тапсырма.
Біз тура және кері санай аламыз ба? Олай болса 0 ден 2 ге шейін тура және кері санайық.
- Есболдан шығып қандай ауылға келеміз?

Әдемі үй.
Иә, балалар дұрыс айтасыңдар «Әдемі үй» өте үлкен ғимарат. Оның қасында үлкен самаурын тұрады.
Әдемі үйдің қасында бағырлай деген су бар. Сол судан балық аулап кетейік.
«Балық аулау» ойыны.
Мына есептерді шығарсақ балық біздің шелегімізге түседі. Ол үшін есепті дұрыс шығаруымыз керек.
1+1=2
0+2=2
2 - 1=1
Жақсы балалар есепті жақсы шығардыңдар. Бүгін үйімізге олжалы болып барамыз.
Енді Әдемі үйден шығып үлкен жол бойымен жүріп қандай ауылға барамыз.
- Ынтымақ ауылы.
Ынтымақ ауылы бізге қандай тапсырмалар әзірлеп қойды екен.
Ойын: «Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?»
Ойын: «Адасқан санды тап?».
Балалар бірден кейін тұратын сан адасып қалыпты. Сол санды тауып орнына қояйық.
- Ол қандай сан?
- Екі.
Балалар, қиын жолдардан жақсы өтіп келе жатырмыз.
Ендігі ауыл Елтай ауылы.
Елтай ауылының тұрғындары сендерге сурет есептер беріпті. Біз екі топқа бөлініп, топ бойынша жұмыс жасаймыз. Мен сендерге суретті үлестіремін.
І топқа Жемістерді санап шық, және қажет санды сызықпен қорша.

Атырау облысы,
Индер ауданы, Есбол селосы
Кулагино орта мектебінің мектепалды
даярлық тобының тәрбиешісі
Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы
2 саны және цифры. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама