Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Математика
Тақырыбы: 1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы.
Мақсаттары:
1. Білімділік: 20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету /тура және кері тәртіппен/.
2. Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау, санау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: 1 - ден - 20 ға дейінгі сандар қатары, қызықты математика, кескіндер мен үлестірмелі материалдар.

Мотивациялық – қозғаушылық
1. Балаларды шаттық шеңберіне ұйымдастыру.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Ұйымдастыру - ізденушілік 2. Ауызша жұмыс. Тірек білімді бекіту.
1. 0 - ден 20 - ға дейін тура санау.
2. 20 - дан 0 - ге дейін кері санау.
3. 1 - ден 20 - ға дейін бір саннан аттай отырып санау.
3. Дәптермен жұмыс. 35 - 36 бет.
№1 тапсырма.
Мына сандардың алдында қандай сандар тұрады?
5 6 9 10 10 11
8 9 13 14 11 12
7 8 17 18 16 17
№2 тапсырма.
Дөңгелектің ішіне,,+,,,,-,, таңбасын қой.
5+5 10
7+1 8
4+1 5

Рефлексивті – түзетушілік
4. Сергіту сәтін орындау.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз.
Гүл - гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

5. «Жалғастыр» - ойын жаттығу ойналады.
Тура және кері санауға жаттықтыру.

6. Өзіндік жұмыс жүргізу.
№3 - 4 тапсырмалар орындалады.

7. Сабақты қорытындылау.
«Қайсысы неге ұқсайды» - ойыны арқылы сабақты пысықтау.
Балаларды мадақтау, бағалау.
1-ден - 20-ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама