Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
2- сынып қазақ тілі жұрнақ және жалғау
Басы (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Бір, екі, үш,
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Ынтымақтастық ортасын құру. 
«Кім бәрін біледі?» әдісі бойынша өткенді қайталау
(ТЖ) 72 – жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Біздер шымыр, жүйрік те,
Допты торға тоғыттық.
Еп қана емес, бірлік те,
Керек екен – соны ұқтық.
Дескриптор:
1. Өлеңді түсініп оқиды;
2. Сұраққа қатысты ойын білдіреді;
3. Қарамен берілген сөздердегі қосымшаның жұрнақ немесе жалғау екенін ажыратады;
ҚБ «Мадақтау»
(ӨЖ) 73 - жаттығу. Берілген сөздерден үш сөйлем құрап жаз.
Спорттық, жарыстарда, болады, төреші. Тәртіпті, ол, қадағалайды. Әділ, болуы, төреші, тиіс.
Дескриптор:
1. Берілген сөздерден сөйлемдер құрайды;
2. Бір - бірін тыңдап, толықтырады;
3. Құраған сөйлемді қатесіз көшіріп жазады;
ҚБ «Бағдаршам»
Сергіту сәті
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
(ЖЖ) 74 - жаттығу. Өлеңді оқып, ондағы қимылдарды жасап көрсет.
Тік ұста бойыңды, Отырайын жүрелеп,
Жоғары соз қолыңды. Гүлді үзіп алайық
Соз қолыңды тағы да Орнымыздан түрегеп,
Жеткіз керік жалына. Басқа гүлге барайық.
Дескриптор:
1. Берілген өлеңді мәнерлеп оқиды;
2. Өлеңнің негізгі ойын анықтайды;
3. Өлеңдегі қимылдарды жасап көрсетеді;
ҚБ «От шашу»
(ТЖ) 70 - жаттығу. Әр торға тиісті сөздері бар допты енгізіп, екі топқа бөліп жаз.
Дескриптор:
1. Берілген сөздерді оқиды;
2. Жұрнақ пен жалғауды ажыратады;
3. Екі топқа, тиісті сөздерді бөліп жазады;
4. Бір - бірін тыңдайды, толықтырады;
ҚБ « Смайлик»
Үй тапсырмасы: 76 - жаттығу ереже жаттау
Рефлексия: «Бағдаршам»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама