- 18 там. 2016 00:00
- 204
2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу толықтай өзгереді - Д.Назарбаева
2017 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгереді. Бұл туралы бүгін Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.
«Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгереді. Биыл ҰБТ жаңа форматта өтті. Тиісті балл жинай алмаған оқушылар үшін қайтадан тест тапсыру және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі қарастырылды. Келер жылда біз ҰБТ-ны толық өзгертеміз. 2017 жылы ҰБТ-ны электронды тестілеу жүйесіне өткізетін боламыз», - деді Д.Назарбаева.