- 02 нау. 2016 00:00
- 221
2018 жылдан бастап «Қазақстан тарихы» тек қазақ тілінде оқытылады
2018 жылдан бастап барлық мектептерде «Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде оқытылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ вице-министрі Тақир Балықбаев мәлім етті.
«2018-2019 оқу жылынан бастап, барлық мектептерде «Қазақстан тарихы» пәні қазақ тілінде, «Дүниежүзі тарихы» орыс тілінде және бірқатар пәндер ағылшын тілінде оқытылады деп жоспарлап отырмыз. Олар: информатика, химия, биология және физика пәндері», - деп түсіндірді Т.Балықбаев.
Сонымен қатар елдегі мектептерде ағылшын тілін оқыту сағаттары кезең-кезеңімен ұлғайтылады.
«Бізде бірнеше жыл бұрын ағылшын тілін бірінші сыныптардан бастап оқыту енгізілген болатын. Биылдан бастап, біз ағылшын тілін оқыту сағаттарын аптасына 1-ден 2 сағатқа дейін көбейттік. Біздің мақсатымыз - балалардың бастауыш сыныптардан бастап ағылшын тілінде сөйлесудің бастапқы деңгейін меңгеруін қамтамасыз ету. Оның үстіне 2018-2019 оқу жылында Қазақстанда үш тілді оқыту моделі енгізілгеннен кейін, бірқатар пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытылады», - деді вице-министр.
inform.kz