Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
3 жастан кіші балаларға теледидар көрсетпеген абзал

Ғалымдардың мәлімдеуінше, балалардың денсаулығы үшін 3 жастан кішілерге мүлдем теледидар көрсетпеу, ал 3 жастан үлкендерге шектеу қойылуы абзал.

Англияның алдыңғы қатарлы психологтарынан Др. Арик Сигман, әр өткен күн, адамдардың ойын приставкалары, планшеттер, компьютерлер, теледидарлар, смартфондар мен ноутбуктардың алдында көп уақыт өткізетінін айтып, мұның семіздікке, жүрек қан тамырлары ауруларына және 2-типтегі диабет ауруына шалдығу қауіпін арттыратынын айтады. Англиядағы «Archives Of Disease In Childhood» атты медициналық журналда мақаласы басылып шыққан Сигман, көгілдір экранның алдында көп уақыт өткізудің психологиялық проблемаларға да жол ашатынын айтып ескертті.

Сигман: «Экран алдында отыру жасының кешігуі және күнделікті экранның басында өткізілетін уақыттың азаюы, балалардың денсаулығына және жақсы өмір сүруіне үлкен пайдалары бар» дейді. Сонымен қатар, бала денсаулығының маманы атақты психолог, экран алдында отырып өткізілетін уақыттың баланың әлеуметтік қатынасына да әсер ететінін айтты.

Ата-аналардың, тыныш отырсын, мазамды алмасын деп балаларды экранның алдына отырғызып қоюының да барған сайын кең тарап келе жатқанын атап, бұл әдеттен ұзақ тұру керектігін мәлімдеді. Сигман, 3 жастан кішкентайларға мүлдем теледидар көрсетпеу керектігін, экран алдында өткізілетін уақыттың 3 пен 7 жас арасындағы балаларға күніне жарты сағат пен бір сағат, 7 жас пен 12 жас аралығындағыларға тек бір сағат, 12 мен 15 жас арасындағыларға күніне 1,5 сағат, 16 жастан жоғары жастағыларға да ең көп 2 сағатпен шектелу керектігін айтты.

Оқуға кеңес береміз:

12 жасқа дейінгі балаларды не үшін гаджеттерден алшақ ұстау керек?

Теледидардың көзге зияндары

Теледидар және отбасы

Теледидар және балалар

Жастар және теледидар

Теледидардың зейінге ықпалы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама