Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 53 минут бұрын)
Ғалымдар адамдардың сөйлеуі азайғанын анықтады

Адамдардың сөйлеу белсенділігі соңғы жылдары азайып, күніне айтылатын сөз саны айтарлықтай төмендегені туралы зерттеу нәтижелері жарияланды. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ-тағы Миссури университеті мен Аризона университетінің ғалымдары 10-нан 94 жасқа дейінгі 2197 адамның аудиожазбаларын талдап, қызықты деректерге қол жеткізді. 2005-2019 жылдар аралығында жүргізілген 22 зерттеу барысында адамдардың күніне орта есеппен 338 сөзді аз айтатыны анықталды.

Сөз санының азаюы

Жалпы алғанда, 2005 жылдан 2019 жылға дейін адамдар күніне орта есеппен 28 пайызға аз сөйлейтін болған. Егер бұрын күніне шамамен 16 600 сөз айтылса, қазір бұл көрсеткіш 11 900 сөзге дейін азайған.

Бұл дегеніміз, бір жылда адамдар шамамен 123 370 сөзді аз айтады екен. Ғалымдар бұл тенденцияның нақты себебін әлі толық түсіндіре алмай отыр. Бір болжам бойынша, мұның себебі технологияның дамуы мен жазбаша хабарламалардың кеңінен таралуы болуы мүмкін.

Бұған дейін қазіргі балалардың көбінің 1-2 жаста емес, 3-4 жаста сөйлей бастайтыны және бұл ата-аналар үшін үлкен мәселеге айналып отырғаны туралы да хабарланған болатын.

Жаңалықтар

Жарнама