Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
32 жыл бұрын зорлық көрген әйел Дана Нұржігітке жағдайын баяндады

32 жыл бұрын туған ауылында төрт ер адамның зорлығына ұшырап, салдарынан жүкті болғанын айтқан Наташа Қалымбетова есінде қалған ауыр жағдайды қоғаммен бөлісуге бел буды. Ол бұл туралы Дана Нұржігітке берген сұхбатында жан сырын ақтарды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдің айтуынша, оқиғадан 32 жыл өтсе де, сол күндердің жарасы әлі күнге дейін оның жанын мазалап жүр. Ол бұл жайтты әлеуметтік желіде жазғанда, жазбасы бір күннің ішінде миллион қаралым жинап, көпшіліктің назарын аударған.

Қайта қозғалған іс

Наташа Қалымбетова қазіргі таңда Таиландта тұрады. Көлік апатынан кейін күйзеліске ұшырап, өткендегі ауыр оқиғалар есіне түскен. Әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін құқық қорғау органдары онымен байланысқа шығып, іс қозғалғанын хабарлаған. Кейін Қазақстанға арнайы келіп, полицияға арыз жазған.

Басқалар да осындай жағдайды бастан өткерген

Әйел бұған дейін мұндай ауыр жағдайды тек өзі ғана бастан өткерді деп ойлаған. Алайда, оқиғасын жариялағаннан кейін көптеген әйелдер өздерінің де осындай қиындықтарға тап болғанын айтып, хабарласқан.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жаңалықтар

Жарнама