видеодан кадр
- 08 мау. 2026 23:00
- 31
32 жыл бұрын зорлық көрген ана: «Қызымды аяп жылаймын»
32 жыл бұрын зорлықтың құрбаны болған Наташа Қалымбетова өміріндегі ең ауыр кезеңдер туралы алғаш рет ашық айтып, жұртшылықты елең етті. Ол Qasqajol YouTube арнасына берген сұхбатында басынан өткерген қорлықты күндерді, оның салдарынан туған қызын және олардың қарым-қатынасын баяндады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызымды аяп жылаймын
Наташаның айтуынша, 1994 жылы 17 жасында болған оқиға оның өмірін түбегейлі өзгерткен. Сол кездегі ауыр жағдайдан кейін жүкті екенін біліп, Орал қаласына көшіп барып, оқуын жалғастыруға тырысқан. Алайда, оқу орнынан да, айналасынан да қолдау таппаған.
«Жүрегі бар, жаны бар, қазақпын, намысым бар, ермін деген адам мұндай әрекетке бармайды. Бұл жануарлардың ісі. Мен өзімді емес, қызымды аяп жылаймын. Кішкентай сәби жексұрындардың кесірінен өмірге келді», - дейді әйел.
Балалар үйіне тапсырған сәби
Дені сау қыз бала туған соң, оған нәрестесінен бас тарту туралы құжат ұсынылған. Алайда, бірнеше күн сәбиімен бірге болған ана оған қатты бауыр басып қалған. Кейін үш жыл бойы нәрестелер үйіне барып, қызын Анжелика есімімен көріп жүргенін айтады. Қазір қызы 31 жаста.
«Мені кешіре ме, кешірмей ме, білмеймін. Бірақ оған айтқым келетіні, бұл жағдай екеуміздің кінәміз емес», - дейді ол.
Наташа Қалымбетова бұған дейін әлеуметтік желіге басынан өткен оқиғаны баяндап, видеосы миллион қаралым жинаған болатын. Сол кезде Ішкі істер министрлігінің өкілдері хабарласып, іс қозғалғанын айтқан.
-
Мужская сборная Казахстана по настольному теннису поднялась на 8 позиций в мировом рейтинге после успешного выступления на чемпионате мира.