Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
4-ке көбейту және бөлу
Тақырыбы: 4 - ке көбейту және бөлу
Мақсаты: 4 - ке көбейту, бөлу тәсілімен таныстыру. Есте сақтау жолдарын іздестіру. Білім, білік дағдысын кеңейту, тереңдету. Есептеу машығын жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл - ойын, пәнге қызығушылығын, таным қаблеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін, логикалық ойлау, салыстыру қаблеттерін дамыта отырып, ауызша және жазбаша есептеу арқылы білім деңгейін дамыту. Тәрбиелік мәні: Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, топта бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдала білуге, татулыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Әдісі: Проблемалық іздену, топпен жұмыс.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Жазбақағаздар, логикалық тапсырмалар жазылған таратпа материалдар, интербелсенді тақта, оқулық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз білім алу.
Міндетіміз еңбектену,
Еңбек етіп топтаса,
«5 - ке» қолды жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша): Екінің, үштің көбейту және бөлу кестесі.
Логикалық тапсырмалар беру. Үш топқа парақшаға жазылған тапсырмалар таратылады. Бұл тапсырма топпен шешіледі.
1 топ: Торда үш қоян бар еді. Үш оқушы бір - бірден қоян алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды. Олай қалай қалды?
Жауабы(біреуі торымен алды).
2 топ: Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартады. Бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады?
Жауабы (3 кг).
3 топ: Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалды неше алма?
Жауабы (Қайыңда алма өспейді).

ІІІ. Жаңа сабақ: Проблемалық іздену. Үш топқа тапсырмалары бар карточкаларды таратып беру.
Бірінші тапсырма: төрт бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыру.
1 топ: 4+4+4+4=16; 4*4=16
2 топ: 3+3+3+3=12; 3*4=12
3 топ: 2+2+2+2=8; 2*4=8
Екінші тапсырма:
1 топ: 16 дәптерді 4 бала нешеден бөліп алады? (16: 4=4)
2 топ: 12 қарындашты 3 бала нешеден бөліп алады? (12: 3=4)
3 топ: 8 кәмпитті 2 бала нешеден бөліп алады? (8: 2=4).

Мұғалім: Барлығында төрт шықты, бәрекелді! Енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбын дәптерлеріңе жазып қойыңдар. Сабағымыздың тақырыбы «4 - ке көбейту және бөлу».
Дәптерге жазу. Проблемалық сұрақ:
- Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?
- Көп таңбалы сандарды тез есептеу үшін, есептерді жеңілдету үшін.
- Дұрыс айтасыңдар. Енді сендер тіл сабақтарынан, тәрбие жұмыстарынан, салт - дәстүрге байланысты 4 - ке қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
- Дүниеміз 4 бұрышты: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс.
- 4 мезгіл,(қыс, көктем, жаз, күз)
- 4 түлік мал
- Ендеше 4 – ке көбейту, бөлу кестесін құрайық.
№1
4*4=4+4+4+4=
4*5=4+4+4+4+4=
4*6=4+4+4+4+4+4=
4*5=4*4+4=
4*6=4*5+4=
- Көбейту кестесін құрдық, енді оны тез есте сақтау жолдарын ойластырайық.
№2
4*4= -------------- 5*4=4*5 ---------------- 5*4=
4*5= -------------- 6*4=4*6 ---------------- 6*4=
4*6= -------------- 7*4=4*7 ---------------- 7*4=
- Әрбір көбейтінді алғашқы көбейтіндіден 4 – ке артып отырады. Мысалы: 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.
№3 Көбейтіндіге кері амал бөлу. Көбейтінді арқылы бөлу кестесін құру. 16: 4=4, 20: 4=5, 24: 4=6 т. с. с.
Көбейтіндіге кері амал бөлу. Көбейтінді арқылы бөлу кестесін құру.
16: 4=4 4*4=16

Сергіту сәті:
Еркін ұста денеңді,
Тарсылдатпай еденді,
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ.
1, 2, 3 біз есепке салдық күш,
«Артық» десе қосамыз
«Кем» десе аламыз,
«Есе артық» десе көбейтеміз.
«Есе кем» десе бөлеміз.
Бір, екі үш.

№4. Ауызша есептеулер. 3 топқа бөліп беру.
№5. Бос орынға тиісті санды қой.
№6. Тез есепте
№7. Есепті оқы: шешуін жауабын жаз.
№9, 10
1 - топ. 1) Қабырғасының ұзындығы 4 см - ге тең шаршының периметрін тап.
2 - топ. 2) Периметрі 24 см; 32см; 28см - ге тең шаршының қабырғасының ұзындығын тап.
3 - топ. Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыштың периметрі 22см. үшінші қабырғасының 6см. Үшбұрыштың өзара тең қабырғаларының ұзындығын тап.
№11 Өзіндік жұмыс. «Меңгере біл»

ІV. Жаңа білімді меңгеруін бекіту.- Балалар барлығың көбейту мен бөлуді меңгерсеңдер екі немесе үш мысалмен өздеріңді тексеріп көріңдер.
«Білгенге маржан» Жазылған сандардың ішінен 4 - тің көбейту кестесінде кездесетін сандарды теріп жазып оны мысалдармен дәлелдеңдер.
1 - топ: 15, 16, 74. 36, 86, 18:
2 - топ: 21, 17, 24, 41, 32, 27:
3 - топ: 14, 20, 37, 41, 28, 92:

Қорытындылау
Бүгінгі сабақта не үйрендік? Не туралы білдік?
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама