Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 15 сағат бұрын)
Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин « Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, аудармашы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру. Әңгіме жанры туралы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік - дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ыбырай Алтынсарин тұлғасын үлгі ете отырып, білімге, ізденімпаздыққа баулу. Әңгіме мазмұнын айқындай келе, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Өз бетімен жұмыс.
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс - тәсілдер, «Блум токсономиясы». Модульдік оқыту -«Мені түсін», «Тұлғаны таны», "Шеңбер бойымен әңгімелеу " СТО - "Бес жол өлең", "Екі жақты күнделік" Сабақтың көрнекілігі Ыбырайдың суреті, мультимедия, тірек сызбалар, жазушы туралы лебіз сөздер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың жүрісі:
Блум токсономиясы
Білу «Тұлғаны таны»
Түсіну Топтық жұмыс
Қолдану «Ұқсастық және даралық»
Талдау Деңгейлік тапсырмалар
Жинақтау «Шеңбер бойымен әңгімелеу»
Бағалау «Топтастыру»

I. Қызығушылықты ояту. (Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің суретін көрсетіп, бұл тұлға туралы не білетіндіктерін сұрау.)
Оқушылар Ыбырай Алтынсарин қазақ жеріне тұңғыш мектеп ашқан, «Кел, балалар, оқылық!», «Өзен» өлеңдері мен «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» әңгімелерінің авторы деп жауап берді
"Тұлғаны таны"

II. Мағынаны тану.
Білім. Өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру.
1841жылы қазіргі Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келді.
1850 жылы Орынбор қаласындағы мектепке алынады
1857 жылы атасы Балғожа биге хатшы болады
1859 жылы ғалым, профессор В. В. Григорьевпен танысады
1860 жылы Торғайда мұғалім қызметін бастайды.
1864 жылы мектеп ғимараты ашылады.
1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен танысады
1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы.
1881жылы Омбыда тұңғыш рет мұғалімдер даярлайтын мектеп ашылды.
1889 жылы дүние салды.

Түсіну
Бұл бөлімде оқыған әңгімені түсіну үшін 3 топ үзінді оқи отыра, сол үзіндіге сәйкес өзіндік пікірін жазады және мақал - мәтелмен түйіндейді.
Топтық жұмыс
І. «Екі жақты күнделік»
Үзінді Оқушы пікірі Мақал - мәтелдер
Қыпшақ Сейітқұл отыз
үйлі тобырымен, жұрт -
тың тегіс аттаныс барым -
тасы бар уақытта, бұл
отыз үй кедейді қалайынша
етсем байытып, халық
қатарына қосамын деп ойға
қалады.

ІІ. «Сөздікпен жұмыс»
Берілген сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, орыс тіліндегі баламасын таптырамын.
Барымта - воровство
көшпелі ел - кочевой народ
бейнет - трудность
жарлы - жақыбай - бедный
жалаңаш - голодный
кәсіп - хозяйство
айырбас - обмен
жәрмеңке - ярмарка.

Қолдану
«Ұқсастық және даралық» (Оқушылар әңгімелерден ұқсастық пен даралықты табады)
Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің бірнеше әңгімелері беріледі. Осы әңгімелердің ішінен мағынасы мен мазмұны ұқсасы алынады.
Әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Таза бұлақ», «Әке мен бала», «Аурудан аяған күштірік», «Мейірімді бала», «Сәтемір хан» т. б.
Ұқсастық және даралық
Әкесі

Талдау
Деңгейлік тапсырмалар
(Бұл бөлімде оқушылар берілген тапсырманы қабілетіне қарай орындайды.)
І деңгей
«Бес жол өлең»
1. Зат есім.
2. Сын есім.
3. Етістік.
4. Тақырыпқа байланысты төрт сөз.
5. Синоним.

1. Ыбырай.
2. Қайраткер, ұлтжанды.
3. Педагог болды, мектеп ашты, әңгіме жазды
4. Халқына жарық сәуле болды
5. Жазушы

ІІ деңгей
Әңгіме мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ құрастыру тапсырылады.
1. Қыпшақ Сейітқұл қандай ойға қалды?
2. Елді байыту үшін қайда барды?
3. Қабырғаның бойына келген Сейітқұл кедейлерге не берді?
4. Кедейлер қалай еңбек етті?
5. Егіннен шыққан өнімнің артығын қайда апарады?
6. Қыпшақ Сейітқұл ел алдында қандай құрметке ие болды?

Әңгімені мазмұндау үшін жоспар құрастыру.
1. Отыз үйлі тобырдың қамын ойлаған - Қыпшақ Сейітқұл.
2. Торғай жеріндегі Қабырға өзенінің бойына орналасуы.
3. Отыз үйлі кедейлермен бірге егін егу.
4. Малы көбейіп, бай болу.
5. Сейітқұлдың жұрт ағасы атануы.

III деңгей
III. Ой толғау.
Адам өмірі тіршілігінің мәні де, сәні де - еңбек. Еңбек адамның ойлау қабілетін дамытады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегендей әр адам қаншалықты еңбек етсе, соншалықты соның жемісін көреді. Адам еңбекпен есейіп, оның өмірге деген танымдық көзқарасы қалыптасады. «Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны - тәтті» дегендей адамның өз еңбегімен тапқан «наны», «асы» адал болады.
Жинақтау
«Шеңбер бойымен әңгімелеу». Бұл үшін оқушыларға қағазды алдарына қоямын, өздері бірінен соң бірі Қыпшақ Сейітқұл әңгімесі мен өздері оқыған әңгімеден алған тәлімін жазады.
Білім
Еңбекқорлық
Қамқорлық
Қайырымдылық

Бауырмалдылық
Жанашырлық
Бағалау
«Топтастыру»
Бүгінгі сабақта өткен Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын жинақтау мақсатында «топтастыру» әдісі қолданылады. XIX ғасырда қазақ даласына өрмелеп шығып күн болған, жұртына білім сыйлаған біртуар тұлға деп күннің суретін салдым. Оқушылар алған білімдерін жинақтап, түйіндейді.

Ыбырай Алтынсарин

Балғожа бидің немересі
Ағартушы - педагог
Аудармашы
Балалар әдебиетінің атасы
Жазушы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама