Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер, өлең жолдары

Құтты болсын мерекең!
8 Наурыз 2020 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!
Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған
Шапақтарың бар әлемге таралған,
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман!
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
8 Наурыз қуанышқа бөлесін!
Әкелсінші жаздың жылы елесін!
Барлық халық аман болып елімде
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

Әйел деген өзің шыққан негізің
Әйел деген жүзіп жүрген теңізің
Әйел деген қамқоршың да, жарың да
Әйел деген өз қосағың егізің.
 
Осы айтқанның бәрі дұрыс, анық, шын,
Түсінбейтін адам болса қанықсын.
Әйел деген болса теңіз өмірде,
Сен толқынға шыдамайтын қайықсың.
 
Әйел жаны төзімді де асыл, ақ,
Шындық болса несіне ақыл жасырад.
Жетті көзім мына қиын заманда
Еркектерді әйелдер жүр асырап.

*** *** *** ***

Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
 
Жұмақ-құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл-қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!
 
Жыртылмастан жағаң,
Щарықтасын жаңа ән!
Арманыңа жетші,
О, періште Анам!

*** *** *** ***

Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!
 
Болса өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілек:
 
Қарау жүрсін қашық,
Алшы түссін асық.
Берекесін берсін,
Сіздер еткен кәсіп!
 
Әр таңдарың атқан,
Бақыт берсін батпан.
Құрастырсын құдай,
Табысыңды тапқан!

*** *** *** ***

Жақсы әйел ер жігітке береді екпін!
Келіп тұр сені құрбым, елеп өткім.
Ұл туып, қыз өсіріп, ене күткен,
Сен алтын кеней сынды кереметсің!
 
Оны жұрт білмесе де мен білемін,
Былғансын жаялыққа жең-білегің!
Бесікте бақыт-балаң жатсын құрбым,
Төрт бөліп түн ұйқыңды елжірегін.
 
Осылай үлкен боп берік тұрғын,
Би етіп жан-жарыңды еліктіргін.
Жан құрбым, бір сен үшін жер түбінен,
Бір ауыз тілек үшін келіп тұрмын...

*** *** *** ***

Қандай әсем осынау бір пәк қалпың,
Нұрлы жүзің ақтығындай тап қардың.
Өзіңізді көрген сәтте мен алғаш,
Қыз Жібек! – деп айқайлауға шақ қалдым.
 
Айтар ойды жарқырата неше өңдеп
Сөйледіңіз, шешендікті мекендеп
Сонда өзімше бағаладым ішімнен,
«Ақжүністің сіңлісі екен» деп.
 
Тағы бірде асқақтата ән салдың,
Таңғажайып ырғағыңа тамсандым.
«Тап Күләштің көшірмесі...» деп сол сәт,
Дүниеге келіп кетті жар салғым.
 
— деп бойында сан өнер тоғысқан нағыз қазақтың қызы деуге лайық осынау жанды 8 наурыз күнімен құттықтаймын!

*** *** *** ***

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып.

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы

*** *** *** ***

Достар менен туыс десіп
Шаңырақты биіктетіп,
Жанұяны ырысты етіп,
Сәбиіңді иіскетіп, Арулар
Бұл өмірде тек бақытты табыңдар!
Ауылыңа шырай беріп,
Ата-ананы сыйлай келіп,
Ар-иманды шындай көріп,
Қиындыққа сынбай берік, Арулар!
Тіршіліктің жұлдызы боп жаныңдар!
Ақылы мен сәнін көріп,
Жүректерге жалын беріп,
Сүйгендерге нәрін беріп,
Күйгендерге бәрін беріп, Арулар
Махаббаттың шуағы болып қалыңдар!
Арулар!
Сендер аман,
Сендер аман болыңдар

*** *** *** ***

Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

*** *** *** ***

Аналар, қыздар жасай берсін!
Ана десе ақтарылған ағынан
Анашымды күніне мың сағынам.
Тірлік үшін әулиеге табынатын
Аналардың ақ сүтіне табынам.

*** *** *** ***

Сендерсіз керек емес дүниенің,
Сендерсіз болмайды екен бакытың да,
Сендерсіңдер табатын жүрек емін,
Сендерсіз бос өтеді уакытың да,
Сендерсіз қандай бақыт, қандай шаттық,
Сендерсіз айғайлауда ақымақтық,
Сендер тіпті болашақ анасыңдар,
Сендерсіз ұрпақты біз қайдан таптық.

*** *** *** ***

Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан.
Ананың биік тұғыры — анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам — кешірген.
Тілін алсам — айналған, күнәм болса — өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем — жылапсың,
Шыңға шықсам — қуанып, мен құласам — құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр.

*** *** *** ***

Перзе нтке жұмсаған бұла күшін,
Ана – ырыс, бақ – дәулет,
Жұбанышың.
Көкбөрінің тегінен тарағандар,
Құтты болсын бүгінгі қуанышың!
 
Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап, құрметтеген.

*** *** *** ***

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама