Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
8 саны және цифры.
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру.
- Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап,
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар,

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық. 1 - слайд
Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру. 2 - слайд
1) 69 беттегі №4 тексеру.
2) 1 2 3 4 5 6 7 сандарды тура санау, кері санау,

IV. Өткен сабақты қайталау. 3 - слайд
- Өткен сабақта қандай санмен, цифрмен таныстық?
- Апта дегеніміз не?
- Апта аттарын еске түсірейік 4 - слайд
- Балалар, апта аттары күндерін шатастырып алыпты, орындарын табуға көмектесейік.

V. Жаңа сабақ:
1) Дүйсенбі – 1 - күн. 5 - слайд
- 7 сары жұлдызға 1 көк жұлдызды қосу арқылы 8 санымен танысу;
- 8 цифрын көрсету; 6 - слайд
- сандар қатарындағы орнын анықтау; 7 – слайд
- дәптерге 8 санын жазу; 8 - слайд
2) Сейсенбі – 2 - күн. 9 - слайд
Теңдіктер құрастыру, дәптерге жазу.
3) Сәрсенбі – 3 күн. 10 - слайд
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша теңдіктер құрастыру.
4) Сергіту сәті 11 - слайд
5) Бейсенбі – 4 - күн. 12 - слайд
Карточкамен жұмыс
Сандардың көршісін жазу
6) Жұма – 5 - күн. 13 - слайд
«Сиқырлы» суреттерді толықтыру
7) Сенбі – 6 - күн. 14 - слайд
Геометриялық фигураларды атау. Кесінділерді өлшеу, салыстыру

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Әлия Мұсақызы
8 саны және цифры. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама