Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Тоғызқұмалақ үйірмесінің жұмыс жоспары
Тоғызқұмалақ үйірмесінің жұмыс жоспары
Түсінік хат
Тоғызқұмалақ – қазақта кең тараған, өте қызықты, ойлы ойын. Қаратау қазбаларының арасынан табылған тас «қазан» осы тоғызқұмалақты еске салады. Бұл ойын Қырғызстанда, Монголияда, Қарақалпақстанда, Өзбекстан қазақтарының арасында, алыс шетел қазақстанның арасында қатты дамыған.
Бұл бас шынықтыратын ойынды біздің ұлттық «шахматымыз» десе болғандай. 162 таспен ойналатын осы бір ойлы ойынның жоғалып кетпеуіне кезінде академик - жазушы Мұхтар Әуезов, халық артисі Қалибек Қуанышбаев, техника ғылымының кандидаты М. Ибраев пен шахматшы Е. Браундардың сіңірген еңбектері өте зор.
Тоғызқұмалақтан алғашқы республикалық жарыс 1948 жылы өткізіліп, жарысқа халық ойынының шеберлері Абайдың немересі Ысқақов (Семей), Аңдамас Жөкеев (Қарағанды), Оспан Қаржауов (Семей), Шорман Өтегенов (Жамбыл) сияқты тоғызқұмалақшылар қатысты.
Республиканың тұңғыш чемпионы Ш. Өтегенов болды. 1948 - 1960 жылдар аралығында Қазақстан аймағында көптеген біріншіліктер өтті. Осы кезеңдерде қатарынан алты жыл бойы Жамбыл облысының өкілі Рахымбай Ахмамбетов бірінші орынды жеңіп алып отырды. Кейін көп жылдар бойы бірінші орынды В. Поляков пен Қасымов алма кезек жеңіп алып отырды.
Халқымыздың кемеңгер ақыны Абай кезінде тоғызқұмалақтың аса шебер ойыншысы болған.

Тоғызқұмалақ үйірмесінің жұмыс жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама